Аудармалы вексель деп вексель берушінің (трассанттың) қарыз алушыға (трассатқа) вексельде көрсетілген соманы үшінші жаққа (ремитентке)төлеу жөніндегі берген жазбаша үкімін айтады.Трассат тратта бойынша акцепт берген жағдайда ғана қарыздар болып есептеледі.
Акцепт деген есеп айырысуда төлеушінің (акцепттанттың) өз қарызын төлеуге жазбаша берген келісімі. Демек, акцепт - есеп айырысудың бір түрі.
1. Вексель беруші (трассант) төлеушіге (трассатқа), яғни қарыздарға тауарды және траттаны (аудармалы вексельді) береді;
Төлеуші (трассат) вексель бойынша акцепт беріп, оны вексель берушіге (трассантқа) қайтарады;
Вексель беруші (трассант) акцепттелген вексельді ремитентке - аудармалы вексель бойынша ақша алушыға жібереді;
Ремитент аудармалы вексельді трассатқа төлемді өтеуге жібереді;
Трассат банкке вексельді төлеуге үкім беріп және сонымен бірге вексельдің сырт жағына оның төленгені жөнінде белгі қойып жібереді;
6. Ремитент вексельді несие берушіге жібереді;
7. Несие беруші вексельді ақшаны өз шотына аудару үшін трассаттың банкіне жібереді;
8. Ақша трассаттан несие берушіге қарызды өтеу ретінде түседі.
Төлем уақыты келгенде несие беруші несиені өтеу үшін трассатқа, яғни вексельді акцепттеген төлеушіге вексельді ұсы-нады. Трассат ақшаны несие берушіге аударған соң вексельді ұсынады. Трассат ақшаны несие берушіге аударған соң вексельді жояды. Өз кезегінде, несие беруші трассатқа (толеушіге) қарыздар болуы мүмкін, бұл жағдайда оған толеу үшін вексель жіберілуі тиіс. Онда трассат несие берушіге вексельді өтеу үшін қабылдағаны туралы айтады. Сол сияқты ремитент те несие берушіге қарыздар болуы мүмкін, бұл жағдайда ол вексельге вексельді басқа біреуге аударғаны туралы белгі жазып, несие берушіге берген өзінің міндеттемесін жояды.
Вексельді басқа біреуге пайдалануға берген жағдайда «индоссамент» деген белгі жазылады. Оны вексель иемденуші, яғни индоссант жазады, ал индоссаментті алған адам индоссат, вексельді өтеу үшін екінші, үшінші адамдарға аудару процесі индоссация деп аталады. Вексельді төлеуде басқа вексель иемденуші адамдармен катар индоссант та міндетті.
Біздің мысалда келтірілгендей ремитент вексельді екі түрлі пайдалануы:
төлеу үшін трассатқа ұсынуы;
я болмаса вексельдің сырт жағына аудару туралы белгі койып, басқа адамға төлеу құқығын беруі мүмкін.
Бұл жағдайда вексель иемденуші:
Біріншіден, төлем уақыты келгенше вексельді өзінде сақтап, ал төлем уақыты келгенде оны өтеуге ұсынуына;
Екіншіден, төлемді өтеу үшін вексельді үшінші адамға (ол адам басқаға) беруіне;
Үшіншіден, вексельді кепілге беріп, банктен несие алуына болады.
Вексельді толтырғанда кәсіпорын басшысы мен оның бас бухгалтері қол қояды. Егер вексельді жеке адам берсе, онда оның өзі қол қояды. Вексельде қажетті реквизиттер (мәліметтер) болуы шарт:
вексельдік таңба, яғни «вексель» деген құжаттың атауы кұжат толтырылған тілде;
төлемнің уақыты көрсетілуі;
міндеттеме бойынша келісілген соманы төлеу;
төлем өтейтін жер көрсетілуі керек;
кімге және кімнің үкімі бойынша төлем төленуі;
вексельді толтырған жер және уақыты көрсетілуі;
вексельді берушінің қолы қойылуы керек.
Осы айтылған мәліметтердің тек біреуі ғана көрсетілмеген жағдайда вексельдің құқықтық күші жойылады. Егер төлем уақыты көрсетілмесе, ондай вексельді ұсынған уақытта өтелетін деп қарау керек. Аудармалы вексель вексель берушінің «үкімімен» берілуі мүмкін. Ол сонымен қатар вексель берушінің өзіне беріліп, үшінші адамның есебіне жазылуы да мүмкін.
Вексельдің қолдану аясына, келісім жағдайына және олардың тауармен немесе ақшамен қамтамасыз етілуіне байланысты коммерциялық, қаржылық, қазынашылық және жалған вексельдер болып та бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |