Бағалы қағаздар нарығы және биржа ісі: Оқу құралы. Алматы: 2007



бет21/219
Дата17.04.2022
өлшемі1,63 Mb.
#31259
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   219
Жалған вексельді беру нақты не материалдық, не ақша құндылықтарының қозғалысымен байланысты емес. Оларға достық, қола (бронза), яғни құрқуыс және қарсы жүретін вексель­дер жатады. Олардың кепілімен несие алу үшін және банкте есепте болу мақсатымен беріледі. Демек, жалған вексельдер ештеңемен қамтамасыз етілмеген құжат.

Вексель айналысы жүйесінің негізгі элементі - вексельдің сенімділігі. Оны арттырудың бірнеше жолдары қарастырылған. Оның біреуі - акцепт-авальды операциялар. Вексельдің акцеп­та деген төлеушінің вексельді өтеуге берген жазбаша келісімі. Сол сияқты, акцепттант (төлеуші) төлеуге келісім берген заңды немесе жеке тұлға болуы мүмкін. Егер акцепттанттың рөлін банк атқарса, онда вексель бірінші класты (яғни қатерсіз) міндеттеме құқығын алады. Вексельдің акцепті міндетті емес, бірақ ол нарықта вексельдің еркін айналуына жағдай жасайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   219




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет