Бағалы қағаздар нарығы және биржа ісі: Оқу құралы. Алматы: 2007



бет47/219
Дата17.04.2022
өлшемі1,63 Mb.
#31259
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   219
Байланысты:
Áà?àëû ?à?àçäàð íàðû?û æ?íå áèðæà ³ñ³ Î?ó ??ðàëû. Àëìàòû 2007

Мемлекеттік бағалы қағаз - ол мемлекеттің ішкі қарызын білдіретін құжат формасы. Қазақстанда алғашқыда 1995 жылғы 21 сәуірдегі «Бағалы қағаздар және қор биржасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлығының 3 бабында «Мемлекеттік бағалы қағаздар Қазақстан Республикасы заңнамалық актілеріне сәйкес ішкі мемлекеттік қарыз шамасында шығарылатын ішкі мемлекеттік займ облигациялары, сондай-ақ басқа бағалы қағаздар» деген сипаттама берілген. 2003 жылғы 2 шілдедегі «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Заңның 1 бабында «мемлекеттік эмиссиялык бағалы қағаздар - қарыз алушы Қазақстан Республикасының Үкіметі, жергілікті атқарушы орган немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алуға қатысы жөнінен ұстаушының құқықтарын куәландыратын эмиссиялык бағалы қағаздар» делінген. Заң негізінде ұлттық мемлекеттік бағалы қағаздар нарығын қалыптастырудың мақсаты - халықтың, коммерциялық банктердің, қаржы ұйымдарының уақытша бос ақша қаражатын республикалық бюджеттің кемшілігін қаржыландыруға жұмылдыру және Ұлттық Банктің Қаржы министрлігін тікелей несиелеу көлемін азайту.

Мемлекеттік бағалы қағаздардың мәні олар мемлекеттің қаржы-несиелік катынастарының жиынтығы болып саналады. Бұл қатынастарда мемлекет қарыз алушы ретінде негізінен халықтың уақытша бос ақша каражатын қарызға алып, оны бағалы қағаздар шығаруға жұмылдырады. Әрбір мемлекеттік бағалы қағаздың экономикалық мәні бірдей, яғни олар қарызды бағалы қағаздар болғанымен, іс-тәжірибеде олардың әрқайсысының өз алдына атауы болады. Мемлекеттік бағалы қағаздар, әдетте, бюджеттің ағымдағы кемшілігін қаржыландыру; мемлекеттік қарызды жою, атап айтқанда, бұрынғы займды өтеу; мемлекеттік бюджеттің кассалық орындалуын қамтамасыз ету; коммерциялық банктерді өтімді резервтік активтермен қамтамасыз ету; жергілікті әкімшілік органдарының атқаратын мақсатты бағдарламасын қаржыландыру және әлеуметтік мекемелер мен ұйымдарды қаражатпен қамтамасыз ету мақсатында шығарылады.

Мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару - Ұлттық банктен қарыз алу және ақша белгілерін эмиссиялаумен салыстырғанда - бюджет кемшілігін қаржыландырудың экономикалық тиімді әдісі. Себебі нарықтық экономика жағдайында Ұлттық банктің несиелік қорын пайдалану оның капитал нарығын реттеу мүмкіндігін шектейді. Ал бюджет кемшілігін ақша эмиссиялаумен жою айналымға нақты тауарлармен қамтамасыз етілмеген төлем құралдарын шығарумен бара-бар. Ол әрине, инфляцияны туындатады.

Мемлекеттік қарызды бағалы қағаздарды шығарумен өтеу оны банктік несиемен өтеуден анағұрлым арзан. Себебі мемлекеттік қарыз міндеттемелері жоғары өтімді болғандықтан инвесторлар оларды екінші нарықта оңай орналастыруға мүмкіндігі бар. Сондықтан мемлекеттік бағалы қағаздар - ішкі қарызды қаржыландырудың негізгі қаражат көздерінің бірі.

Мемлекеттік бағалы қағаздардың басқа бағалы қағаздармен салыстырғанда екі артыкшылығы бар. Біріншіден, оның жұмсаған қаражат үщін сенімділігі өте жоғары және соған сәйкес жұмсаған негізгі капйталды және түсетін табысты жоғалту тәуекелі төмен. Екіншіден, басқа бағалы қағаздарға немесе басқаға жұмсаған капиталға салынатын салықпен салыстырғанда бұл бағалы қағаздарга жеңілдетілген салық салынады. Әдетте мемлекеттік бағалы қағаздармен жүргізілетін операцияларға және олардан түсетін табысқа салық салынбайды.

Мемлекеттік бағалы қағаздар шығару формасы, өтеу мерзімі, процент түріндегі табысты есептеу және төлеу жағдайлары, айна­лыс сипаты және эмитентінің түрі бойынша жіктеледі (3.2. Сурет)..


проценттік таоысты есептеу және төлеуге байланысты



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   219




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет