Бағалы қағаздар нарығы және биржа ісі: Оқу құралы. Алматы: 2007



бет45/219
Дата17.04.2022
өлшемі1,63 Mb.
#31259
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   219
Мемлекеттік қарыз деген мемлекеттің өтелмеген займдары мен олар бойынша төленбеген проценттердің жалпы сомасы. Займдарды орналастыру аясын есептегенде мемлекеттік қарыз ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Мемлекеттік қарыздың түрлері: а) үкімет алған несие; э) мемлекеттік займдар, яғни үкімет атынан эмиссияланган бағалы қағаздар; б) үкімет кепілдік берген басқа қарыз міндеттемелері. Мемлекеттік қарызды ел үкіметі басқарады және қарыз оның барлық активтерімен қамтамасыз етіледі. Мемле-кеттік қарыз мемлекеттік

бюджет есебінен өтеледі, яғни мемлекеттік қарыз міндеттемелерін өтеу мерзімі келгенде займдар жойылып, олар бойынша процент төленеді.

Мемлекеттік бағалы қағаздарды айналысқа шығарудың мақсаты:

а) айналысқа косымша ақша массасын шығармай-ақ белгілі-бір күнтізбектік датаға бюджеттік шығын кассадағы бар қаражаттан көп болғанда (кассалық тапшылық); бір айда немесе тоқсанда түскен табыс, осы мерзімде бюджет шығындарын қаржыландыру үшін қажетті қаражаттан кем болғанда (маусымдық тапшылық); жыл қорытындысында бюджетке түскен табыс бюджет шығындарынан кем болып, ол тапшылық келесі жылы бюджетке түсетін түсіммен өтелмегенде (жылдық тапшылық) мемлекеттік бюджеттің тапшылығын инфляцияға соқтырмай қаржыландыру;

ә) түрғын үй құрылысы, инфрақүрылымдар, әлеуметтік қамтамасыз ету және с.с. мемлекеттік максатты бағдарламаларды қаржыландыру;

б) айналыстағы ақша массасын, инфляция мен бағаны, инвестиция бағытын, экономикалық даму, төлем балансын және т.б. экономикалық өрлеу процестерін реттеу.

Әлемдік тәжірибеде мемлекеттің кұжат түріндегі қарыз міндеттемесі алғашқыда Таяу Шығыс мемлекеттерінде, Грецияда, Римде пайда болған.

Қазіргі кезде әрбір елде езінің мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының тарихы қалыптасқан. Онда шығарылған мемлекеттік бағалы қағаздардың түрлері, шығарылым мерзімі, оларды шығарушьглар, ұлттық мемлекеттік бағалы қағаздар нарығынаң масштабы, оган қатысушылар және с.с. жағдайлар көрініс табады (3.1. Сурет).

АҚШ-та бағалы қағаздар нарығы қарқынды дамыған. Онда мемлекет ең ірі қарыздар болып саналады. АҚШ-та мемлекеттік бағалы қағаздар эмитентіне қарай:


  • федеральдық үкіметтің (казынашылық) бағалы қағаздары;

  • үкіметтік мекемелердің, агенттіктердің және т.б. бағалы қағаздары болып екіге бөлінеді.

Сондай-ақ мемлекеттік бағалы қағаздар қор нарығында айналыска түсу қабілеттілігіне қарай бастапқы калпына қайтымды (обратимый) және қайтымсыз (необратимый) бағалы қағаздар бо­лып та бөлінеді. Қайтымды қағаздар деген олармен сауда-саттық қор нарығының кез-келген бөлімінде жүргізілетін қағаздар. Олар

- қазынашылық вексельдер (мерзімі 3 айдан 12 айға дейінгі, қазынашылық ұзақ мерзімді облигациялар мерзімі 10-30 жылға дейінгі). Қайтымды бағалы қағаздар, әдетте, алдын-ала белгіленген мерзімде үнемі ашық аукциондарда сатылады.

Қазынашылық вексельдер қағазсыз формада, яғни шоттарға жазу (компьютер жүйесі арқылы бір шоттан басқасына өткізу) түрінде жүргізіледі. Қазынашылық үзақ мерзімді облигациялар олар я купонсыз, я баланстағы кері қайтарылатын облигациялар. Олар тек мерзімі аяқталған соң өтеледі.

Қайтымды бағалы қағаздар бойынша табыс төлеу формасы әртүрлі болады: өзгермелі ставка бойынша (олардың табыстылық деңгейіне және инфляцияға қарай), бекітілген купондық процент немесе дисконттық табыс формасында (кейде соңғы екі табыс түрі үйлестіріліп төленуі мүмкін). Мемлекеттік бағалы қағаздар ұсынушы және атаулы қағаз болып шығарылады.

Немістің қор нарығында мемлекеттік бағалы қағаздардың үлесі зор, атап айтқанда, олардың айналымдағы үлесі 40 процентке тең. Мемлекет ішкі қарыздың 50 процентін қарыз міндеттемелерін шығару арқылы өтейді. Германияда бюджеттің шығынын өтеу үшін мемлекеттік бағалы қағаздарды пайдалану пайдалырақ деп есептеледі. Сондықтан бүл елде федеральдық қарыз міндеттемелері де қарқынды шығарылуда. Мемлекеттік ба­ғалы қағаздарды орналастырумен Облигациялык банктік консорциумға кіретін Бундесбанк шұғылданады. 1986 жылдан консорциумға шетел банктері де қатысуға (олардың үлесі - эмис-сияның 20 процентіне дейін) рұқсат етілген. Мемлекеттік бағалы қағаздардың барлығы да нақты эмиссиялық бағаммен орналастырылады.

Германияда мемлекеттік бағалы қағаздармен қатар нарықтық емес қағаздар да шығарылады. Оларға А және Б сериялы қазынашылық сертификаттар (А сериялыға проценттер жыл сайын төленеді, ал Б сериялыға проценттер жинақталып, оны өтегенде төленеді) және федеральдық үкіметпен оның мекемелерінің қысқа мерзімді қаражат қажеттілігін өтеу үшін мерзімі 1-2 жылға шығарылатын қазынашылық қаржылық міндеттемелер жата­ды. Қазынашылық қаржылық міндеттемелерді заңды және жеке тұлғалар (банктер мен несие институттарынан басқа) сатып алуына болады. Бұлар қор нарығының процентсіз құралдары болып есептеледі (олар дисконтпен сатылады) [3;29-31.].

Сондай-ақ мемлекеттік бағалы қағаздар эмиссиясын экономикасы дамыған басқа да мемлекеттер кең қолданады. Мысалы, Жапонияда тұрғын үй және жол құрылысы, инфрақүрылымды да-мыту, әсіресе, энергетика корпорациялары, сондай-ақ аймақтық мемлекеттік кәсіпорындарды қаржыландыратын үкіметтік меке-мелер. Ұлыбританияда Англия банкінің облигациялары жалпыға кеңінен мәлім.

Қорыта айтқанда, әрбір елдің мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы, бір жағынан, отандық нарықтың нақты жағдайларына сай болса, екінші жағынан, көптеген елдердегі тәрізді мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының жалпы экономикалық негізін және оның қазіргі жаңалықтарын қамтып көрсетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   219




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет