эмитентінің түрі бойынша бағалы қағаздар казынашылық, муниципальдық болып бөлініп, оларды сәйкесінше үкімет және жергілікті атқарушы органдар шығарады.
Әдетте, мемлекеттік бағалы қағаздарды таратып орналастыру:
Біріншіден, мемлекеттің Ұлттық банкі немесе Қаржы минис-трлігі арқылы жүзеге асырылады. Шығарылған облигациялардың түріне қарай олардың негізгі инвесторлары болып халық, бан-ктер, зейнетақы және сақтандыру компаниялары мен қорлары, инвестициялық компаниялар мен қорлар саналады.
Екіншіден, құжатты (бланктік) немесе құжатсыз формаларда (арнаулы шоттарға жазу түрінде) шығарылады. Қазіргі кезде мем-лекеттік бағалы қағаздарды құжатсыз формада шығару бағыты өрістеуде.
Үшіншіден, аукциондық сауда, бекітілген бағамен барлық сатып алуға тілек білдіргеңдерге ашық түрде сату (ашық сауда), белгілі бір инвесторларға жабык саудада үлестіру (жабық сауда) және басқа да әртүрлі әдістерді қолдану арқылы айналысқа түсіріледі.
Е л экономикасының нарықтық қатынастарға өтуінің алғашқы кезеңінде, яғни 1994 жылдың сәуірінде Қаржы министрлігі айналыс мерзімі 3 айлық қысқа мерзімді вексельдерді шығарды. 1996 жылдың сәуірінде ол мемлекеттік қазынашылық міндеттеме деп, ал 1997 жылдың 22 сәуіріндегі №621 Үкімет қаулысымен МЕК-КАМ-дар - Мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелер деп атауы өзгертілді. 1995 жылдың шілдесінен бастап Ұлттық Банк айналыстағы ақша массасын реттеу мақсатында қысқа мерзімді ноталарды шығарды (3.3. Сурет).
1995-96 жылдардағы бағалы қағаздар нарығының қалып-тасуында мерзімі үш айлық МЕККАМ-дарға сұраныс ұсыныстан 4,8-5,6 есе көп болғанын көрсетеді. Осы кездері инвесторлар аукционная алғашқы делдал-дилерлер арқылы МЕККАМ эмиссиясының 57% -тен 84%-ке дейінгі көлемін сатып алған [2; 113.]. Ұлттық мемлекеттік бағалы қағаздар нарығындағы осындай жағымды тенденцияларды ескеріп, үкімет МЕККАМ-дардың айналыс мерзімі ұзақтау жаңа түрлерін: 1995 жылғы шілдеден - мерзімі 6 ай, 1996 жылғы шілдеден - мерзімі 12 ай, ал 1997 жылғы шілдеден - мерзімі 2-3 жыл болатын МЕОКАМ-24 деп аталатын мемлекеттік орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді шығарды. Оларға қоса, 1996 жылы айналыс мерзімі 364 күн болатын - ішкі мемлекеттік займның ұлттық жинақ облигациясы (ҰЖО) шығарылды. Егер айналыс мерзімі 3, 6, 12 ай болатын мемлекеттік казынашылық міндеттемелер (МЕККАМ) бағалы қағаздардың дисконттық (яғни дисконтпен - номиналынан кемітіп сату) тобына жатса, ҰЖО про-центтік бағалы қағаздар тобына кіреді. Бүл ҰЖО-ның МЕККАМ-дан ерекшелігі. Әр тоқсан сайын купондық процент есептеуді про-центтік бағалы қағаз деп атайды. Ұлттық жинақ облигациясына есептелген проценттер олардың айналыс мерзімі 91, 182 және 364 күн болғанда төленеді. Өзгермелі проценттік ставка МЕККАМ-3-тің орташа есептелген дисконттық аукциондық бағасы бойынша есептелген табыс ставкасына тең бекітіледі. Мысалы, егер 1996 жылы 26 желтоқсанда ҰЖО-ның бірінші шығарылымы бойынша бірінші табыс 27,4 жылдық процент көлемінде болса. онда МЕК-КАМ-ға төленетін табыс көлемі де 27,4% болады.
Проценттік бағалы қағаздарға сондай-ақ МЕОКАМ және МЕАКАМ (мемлекеттік арнаулы қазынашылық міндеттемелер) жатады. МЕОКАМ - ол көрсетілген құны (номиналы) 1000 теңге болатын және жылына екі рет купондық процент төленетін мем-лекеттік орта мерзімді қазынашылық міндеттемелер. МЕОКАМ аукциондарға бірдей проценттік жағдайда кесілген баға бойынша (эмитент шығарған бағалы қағаздар көлеміне қойылған баға) ор-наластырылады.
МЕАКАМ - ол үкіметтің алған несиесі бойынша қарызын қайта рәсімдеу мақсатында 1998 жылы қаңтардың 8-де шығарылған мемлекеттік арнаулы қазынашылық міндеттеме. Оның купоны эмиссияланғаннан кейінгі айналыс мерзімі аралығында әрбір 6 айда төленеді. МЕАКАМ-дар шығарылған бағалы қағаздар көлеміне кесілген бағамен арнаулы аукциондарға орналастырылады.
МЕКАВМ - ол индекстелетін мемлекеттік қысқа мерзімді арнаулы валюталық міндеттеме, 1999 жылы айналыс мерзімі 3,6,9 және 12 ай болатын Қазақстан қор нарығының валюталық құралы.
МЕИКАМ - ол үкіметтің 1999 жылғы І0 наурызындағы қаулысына сай айналыс мерзімі 3,6,12 ай болатын, көрсетілген құны (номиналы) 1000 теңгеге тең мемлекеттік индекстелген кысқа мерзімді қазынашылық міндеттемесі. «Индекстелген» дегенді таратып айтсақ, бұндай бағалы қағаздар бойынша төленетін сыйақы инфляция деңгейіне байланысты индекстеледі (өзгереді), яғни бағалы қағаздың иесі болашақтағы инфляцияның әсерінен алатын табысын жойылту қаупінен сақталады.
АВМЕКАМ - ол көрсетілген құны 100 АҚШ доллары болатын және өтелу мерзімі 2004 жылдың 8 сәуірі деп белгіленген арнаулы валюталық мемлекеттік облигация. Оның міндеті - теңгенің емін-еркін өзгермелі бағамына өтуіне байланысты жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін қорғау - делінген 1999 жылдың 5 сәуірінде қабылданған Үкімет каулысында. 1999 жылдың 3 сәуіріне дейін Жинақтаушы зейнетақы қорларының портфеліндегі мемлекеттік қазынашылық міндеттемелер, яғни МЕККАМ, МЕОКАМ, МЕАКАМ және ҮЖО АВМЕКАМ-ға еркін айырбасталады. Басқаша түсіндірсек, Қаржы Министрлігі МҚО мен ҰЖО-ын ағымдағы құнымен сатып алып, одан теңгемен түскен түсімді АҚШ долларына шаққандағы 88,3 теңге бағамымен АВМЕКАМ-дарды көрсетілген құны бойынша өтеу үшін жұмсады. Сөйтіп, осы аталған бағалы қағаздарды 5 жылдан кейін өтегенде көрсетілген кұнын алуға, сондай-ақ 1999 жылдың 12 сәуірінен бастап әрбір жарты жылда (яғни 12.10.1999 және 12.04.2000) 6, 14 жылдық процент мөлшерінде сыйақы (мүдде) алуға да құқығы сақталды.
Дәл осындай айырбас үлгісі көрсетілген құны 100 АҚШ доллары болатын және айналыс мерзімі 35 күн, яғни 1999 жылдың 12 сәуірінен 13
мамырына дейін деп Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің 1999 жылы 6 сәуіріндегі қаулысы бекіткен арнаулы валюталық ноталар айналысқа түсірілді. Сыйақы (мүдде) бекітілген ставка бойынша 5,4 жылдық процент мөлшерінде төленді.
Қорыта айтқанда, 1994 жылы алғашқы мемлекеттік қысқа мерзімді міндеттемелер шығарылса, 1996-1997 жылдары Қазақстан Республикасында мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы қалыптасты. Ол қазіргі кезде Қазақстан бағалы қағаздар нарығының ең қарқынды дамыған сегменті. Әйтседе мемлекеттік бағалы қағаздар нарығында негізінен қаржы құралдарының құрылымына және сауда-саттықтың нәтижесі бойынша бағалы қағаздардың табыстылығына байланысты маңызды өзгерістер байқалуда. Бұл, біріншіден, Қаржы Министрлігінің шеттен алған қарыз көлемінің төмендеуінің және екіншіден, Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы активтерінің корпоративтік облигациялар секторына құйылуының айғағы.
Достарыңызбен бөлісу: |