VIII ТАРАУ Биржаның қызметтері және түрлері.
Биржалық инфрақұрылым
8.1. Биржа және оның пайда болуы
Қазақстан Заңында «Биржа - қызметтер көрсетуден алған табыстары оның шығындарын өтеуге, биржа мен биржалық инфрақұрылымды аппараттық-техникалық және әлеуметтік дамытуға пайдаланатын субъект» деп жазылған [33;1].
Әлемде алғашқы тауар биржалары XVI ғасырда Еуропаның сауда орталықтарында: 1531 жылы - Антверпен (Нидерландыда), 1549 жылы - Лион, Тулуза (Францияда), 1556 жылы - Лондон (Ұлыбританияда) пайда болды. Ресейде алғашқы биржа І-Петрдің басшылығымен Санкт-Петербургте 1703-1705 жылдарда құрылды. АҚШ-та (Чикагода) 1848 жылы пайда болды.
Әдетте көп мөлшердегі тауарларды сату арнайы орындарда, мыс, базар да, жәрмеңкеде, дүкенде өткізіледі. Тарихи осындай жерлердің бірі биржа деп аталды. Осыдан биржа ұғымының негізіне сауда жүргізілетін және тауарды сатушы мен сатып алушы кездесетін орын жатады. Міне осы белгілер биржа деген ұғымды басқа да сауда жүргізетін ұйымдармен біріктіреді. Әйтсе де, әшейін саудадан биржалық сауданың ерекшеліктері бар:
биржада тауардың өзі сатылмайды, тауардың үлгілері немесе арнайы сипаттамасы бойынша тауарды сатып алу-сатуға шарт жасалады;
биржалық саудаға ұсақ тауар өндірушілер немесе жеке сатып алушылар қатыспайды, әдетте оған тауарлардың үлкен партияларын сататын және сатып алатын сатушы-делдалдар қатысады.
Биржа ұғымы оның мәнін, яғни сауда жүргізетін алаң екенін білдіреді. Бірақ кез-келген сауда жүргізетін орын биржа деп аталмайды. Биржа – заң жүзінде ұйымдастырылған көтерме сауда нарығы. Биржа ұғымының элементтерін 8.1. Суретпен өрнектеуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |