Бағалы қағаздар нарығы және биржа ісі: Оқу құралы. Алматы: 2007



бет134/219
Дата17.04.2022
өлшемі1,63 Mb.
#31259
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   219
Байланысты:
Áà?àëû ?à?àçäàð íàðû?û æ?íå áèðæà ³ñ³ Î?ó ??ðàëû. Àëìàòû 2007

Тауарға сұраныс деген халықтың төлем қабілеттілік мұқтаждығы. Сұраныс - ол тұтынушының тауар ақысын төлей алатын мүмкіндігі. Сұраныстың тілектен айырмашылығы осы.

Тауар бағасы - ол тауар құнының ақшалай көрінісі. Баға көптеген факторлардың әсерінен тауар құнынан ауытқиды. Ең алдымен ол ақша құнының көрінісі. Ол, біріншіден, алтынның ерекше тауар ретіндегі құнына байланысты болады. Себебі алтынның құны арқылы басқа бүкіл тауарлардың құны көрінеді. Екіншіден, тауар бағасы айналыстағы ақша санына байланысты өзгереді. Бірақ ол өзі алмастыратын алтынның санына сәйкес келмеуі мүмкін. Бұлардан басқа тауарлар тұтыну құнымен сатылады және сапасында да өзгешелігі бар. Міне осылардың бәрі тауар бағасына әсер етеді. Тауарлардың тұтыну қасиетін салыстыру кейбір тауарлардың бағасы мен түрлерінің арақатынасына әсер етеді. Сондай-ақ сұраныс пен ұсыныстың өзгеруінен туындаған сату жағдайлары да бағаның конъюнктуралық ауытқуына әсер етеді. Тауар нарығында бағаның қалыптасуына әсер ететін факторларды бірінші және екінші кезеңдегі факторлар деп жіктеуге болады.

Тауар нарығындағы баға белгілеуге әсер етуші негізгі факторлар екіге бөлінеді. Олар:

І кезектегі факторларға келесілер жатады:


  1. Тауарды өндіру бағасы: өндіріс шығындары және пайда;

  2. Сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы: сұраныс пен ұсыныс;

  3. Бағаны реттеу: мемлекеттік реттеу және монополиялық реттеу;

  4. Ақша аясындағы жағдай: ақшаның сатып алу мүмкіндігі мен валюта бағамы.

ІІ кезектегі факторларға келесілер жатады:

  1. Тауар сапасы;

  2. Жабдықтау көлемі;

  3. Төлем жағдайы;

  4. Тауар бағасын алдын-ала төлеу;

  5. Жөнелтуші мен тұтынушы арасындағы өзара қатынастар.

Кез-келген тауар нарығының қызметі мынандай негізгі көрсеткіштермен сипатталады:

  • тауар нарығының сыйымдылығы - ол дәл осы кездегі төлем қабілеттілік деңгейдегі сұранысқа, ұсынысқа және дара бағаға тауарларды сатудың ең көп мөлшері;

  • кейбір салалық тауар нарығының даму динамикасы - ол елдің біркелкі тауар нарығының құрамдас бөлігі;

  • тауар нарығының диверсификациялық деңгейі - ол халықтың географиялық, этникалық және төлем қабілеттілік ерекшеліктерін есептеп, әр түрлі тауармен (ассортименті және бағасы бойынша) қамту деңгейі;

  • нарықта сатылатын тауарлардың сапасы - ол тауарларға тән оның қасиеттері. Тұтынушылар тарабынан оның қауіпсіздігіне, экологиялық нормалардың сақталуына, буып-түйілуіне және таңбалауына (марка) жоғары талаптар қойылуы;

  • нарықта тауарлардың бәсекелестік қабілеттілігі - ол өнімнің дәл қаралып жатқан кезде осы нарықтың талаптарына сай келуі.

Тауар нарығын әртүрлі сипатына қарай жіктеуге бола­ды. Солардың бірі географиялық нышанына қарай әртүрлі аймақтардың, мысалы, Африка нарығы, Латын Америкасы, Азия, Шығыс Еуропа, Австралия және Океания, Ресей нарығы және т.с.с. нарықтар, сондай-ақ олар әр елдің дайын өнім нарығы (өз кезегінде олар машиналар мен құрал жабдықтар, тұрмыстық заттар нарығы), шикізаттар мен жартылай фабрикаттар нарығы (өз кезегінде олар отын, өнеркәсіп шикізаты, ауыл шаруашылық және орман тауарлары нарығы және т.б.) және қызмет көрсету нарығы деп те жіктеледі. Одан әрі тауар нарығының әрбір тобы жеке тауар нарығы деңгейіне дейін бөлінеді. Мысалы, өнеркәсіп шикізаты өз кезегінде темір, болат, мыс, құнды металдар, алмас, химикаттар, медикаменттер және с.с. нарықтар болып бөлінеді.

Жеке-жеке тауар нарығында оған қатысушылар әртүрлі қызмет атқарады. Мысалы, халықаралық мұнай нарығына қатысушылар:



  • мұнай шығаруды барлау, өндіру, қайта өңдеумен және сатумен шүғылданатын мұнай компаниялары. Мүнан басқа көптеген мұнай компаниялары мұнай мен мұнай өнімдерін сату құқықтарын, яғни фьючерс, опциондарды сатуды, сондай-ақ фьючерсті нақты тауарға айырбастауды жақсы меңгеруде;

  • мұнайды қайта өңдеу заводтары - олар шикі мұнайды сатып алушы және өндірілген өнімді нарықта сатушы ролін орындаушылар;

  • тәуелсіз сауда компаниялары, мысалы, көпке белгілі Марк Рич, Витол, Аркадия компаниялары. Олар нақты нарықта, сондай-ақ жаңа нарықтарда жұмыс істейді;

  • қаржы инвестициялық компаниялар, банктер, сауда үйлері - олар нарықтың жаңа түрлеріне қызмет көрсетеді;

  • жеке және ұжымдық инвесторлар - олар мұнай және мұнай өнімдеріне жасалған фьючерстік және опциондық шарттарға өз қаржыларын салады.

Қазіргі кездегі мұнай нарығындағы баға баға белгілеудің нарықтық механизмінің қызметі барысында қалыптасады. Оған тұтынушылардың және ОПЕК-елдерінің жеке мүдделері әсер ете алмайды. Себебі олардың өздері нарыққа бағынышты.

Мұнай өнеркәсібі бұрынғыдай интернационалды сипатта дамыса да, мұнайдың көп бөлігі ұзақ мерзімді келісім негізінде са­тылады. Ал оның бағасы қолма-қол «СПОТ» мәмілесі механизмі негізінде алдын ала қалыптасып, әрбір жөнелтуге бөлек-бөлек анықталады. Мұнай компаниялары мерзімді мәмілелерді (форвард) пайдалану арқылы баға тұрақсыздығынан туындайтын қаржылық тәуекелді азайту тәсілін жиі қолдануда.

Ауыл шаруашылығы мен орман тауарлары нарығының өзіне тән құрылымдық бөлімдері бар. Оның ішінде астық нарығы ерекше орын алады. Тауар нарығын зерттегенде нарықтың құрылымдық типі мен оның әрбір элементтерінің жіктелуіне көңіл бөлінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   219




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет