Біріншісі аса маңыздысыдеп есептелінеді, оған я дилер, я брокер, я бір уақытта әрі дилер, әрі брокер бола алатындар кіреді. Егер биржа мүшесі дилерлік қызметпен шұғылданса, ол биржада «маркет-мейкер» ретінде, яғни нарықты ұйымдастырушы ретінде тіркеледі. Әдетте, бұндай функцияны өзіне тек ірі фирмалар ғана алады. Олардың негізгі қызметі - міндетті баға белгілеу кезі деп аталатын белгіленген кезде белсенді түрде бағалы қағаздарды сатып алумен (сатумен) шұғылдану. Ол кезде нарықты ұйымдастырушылар мәмілеге келгісі келген бағаны ұсынады. Ұйымдаетырушылардың көптігі және олардың өзара бәсекелестігі бағалы қағаздарға дәлелді баға қалыптастыруға тірейді. Нарықты ұйымдастырушылар баға белгілегенде екі бағамды көрсетуі тиіс: сатып алушының сұраған бағасы және сатушының ұсынған бағасы. Мысалы, 143-6. 10 х 10 түріндегі баға белгілеу деген нарықты қалыптастырушы 10000 дана акцияға дейін 143 пенс бағамен сатып алуға дайын және 10000 дана акцияға дейін 146 пенс бағамен сатуға дайын екенін білдіреді. Сонда бағамдар арасындағы айырма (146-143=3 пенс) спрэд немесе бағамдық пайда болады.
Лондон қор- биржасының екінші категориялы мүшелері - ол дилераралық брокерлер, яғни бірімен-бірі жасырын (аноним) түрде өзара қатынас жасағысы келген нарықты ұйымдастырушыларға делдалдық көрсететін фирмалар. Нарықты ұйымдастырушылардың дилераралық брокерлерді пайдалануы бәсекелестерінен бағалы қағаздар бойынша өзінің ағымдағы позициясын жасырып қалуына мүмкіндік береді.