ХІІ ТАРАУ Биржалық мәмілелер
12.1. Биржалық тауармен жасалатын мәміле туралы ұғым
Биржалық мәміле деген биржалық саудада оған қатысушылардың тауарды сатып алу және сату барысында биржалық тауарларға құқығы мен міндеттерін біріне-бірі беру туралы жасасқан келісім шарты. Шарт бекітілген тәртіп бойынша биржада тіркеуден өткізіледі. Мәмілеге келгенде оның төрт жағын ескеру керек:
Ұйымдастыру жағы - ол мәмілеге қажет құжаттар мен оны пайдаланудың тәртібін көрсетеді;
Экономикалық жағы - ол мәміле жасасқанда ескеретін оның мәнін, нәтижесін және тәуекелін көрсетеді;
Құқықтық жағы - ол мәміле бойынша екі жақтың құқығы мен міндетін және мүліктік жауапкершілігін көрсетеді;
Этикалық жағы - ол мәмілелерге қоғамдық көзқарасты көрсетеді. Осы тұрғыдан алғанда мәміле жасасқанда белгілі бір нормалардың болуы және олардың сақталуы қажет. Мәміленің этикалық жағы биржалық тауарларға сенімі мен жеке инвестордың өз жинағын соған салуға деген ынтасын көрсетеді.
Мәміленің мазмұнын бағалы қағаздармен жасалған мәміле мысалында қарап өтелік. Ол үшін міндетті түрде мына мәліметтер болуы шарт:
Біріншіден, мәміленің объектісі, яғни сатып алынатын және сатылатын бағалы қағаздар;
Екіншіден, мәміленің көлемі, яғни сату үшін ұсынылған немесе сатып алуға қажет бағалы қағаздардың саны;
Үшіншіден, мәмілеге келген баға, яғни келісілген баға болуы керек;
Төртіншіден, мәмілені орындау мерзімі, яғни сатушы әкелетін, ал сатып алушы бағалы қағаздарды қабылдап алу уақыты көрсетілуі керек;
Бесіншіден, мәміле бойынша есеп айырысу, яғни сатып алушы сатып алған бағалы қағаздарға төлем жүргізуі керек.
Кез-келген мәміле 12.1. Суретте өрнектелген қозғалыс циклын қамтиды.
Достарыңызбен бөлісу: |