Бағалы қағаздар нарығы және биржа ісі: Оқу құралы. Алматы: 2007



бет17/219
Дата17.04.2022
өлшемі1,63 Mb.
#31259
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   219
Байланысты:
Áà?àëû ?à?àçäàð íàðû?û æ?íå áèðæà ³ñ³ Î?ó ??ðàëû. Àëìàòû 2007

Вексель - қарызды өтеудегі заңды түрде бекітілген төлем мін-деттемесі. Ол бағалы қағаз. Вексельді борышқор, яғни вексель беруші тауарды несиеге алғанда тауар сатушыға, яғни вексель иемденушіге береді. Вексельдің мәні - несиеге алған белгілі бір соманы төлем уақыты жеткенде келісілген жерде өтеу үшін тауар сатып алушының (вексель берушінің) сатушыға (вексель иемденушіге) берген қарыз міндеттемесі.

Вексель шығару және оны пайдалануды дамыту ертеден несие - қаржы қызметін көрсету нарығының басты бағыттарының бірі болып келеді. Себебі, вексельдің мәні - тек қарызды қайтару кепілі ғана емес, сонымен бірге сауда-саттық қарым-қатынастардың тиімділігін арттыру мақсатында осы төлем міндеттемесін белсенді пайдалану арқылы - ресурстардың айналымын жеделдету. Сондықтан вексель иемденуші ақшалай төлемнің түсуін күтпей-ақ вексель сатып алушыны немесе оны тауар сатып алу үшін, я болмаса қызмет көрсету үшін төлем қаржысы ретінде қолданушыны іздестіреді. Әлбетте, вексельді банк сатып алады.

Вексель - тауар-ақша қатынастарын және коммерциялық не­сиені дамытуда қолданылатын ең бір басты қаржы құралы. Қаржы жүйесі дамыған елдердің ақша айналымында вексель елеулі орын алады (мысалы, Германияда вексель ақша айналымының 20-25 %-ін құрайды). Қазіргі кезде электрондық несие жүйесінің кез-келген операцияны бар болғаны бір сағаттың ішінде орындайтын мүмкіндігі бар.

Егер кәсіпорын өз ісін парасаттылықпен жүргізіп отырса, оған айналым қаржысының уақытша жетіспестігін вексельмен толтыру онша қиын емес. Ол үшін саудадағы сенімді серігіне тауарды вексельге айырбастап берсе тауар-ақша айналымын жеделдетеді. Қазақстан Республикасында қазіргі нарықтық қатынастардың қалыптасу кезінде, төлем құралдарының жетіспеушілігі, өндірістің құлдырауы, шаруашылық байланыстарының үзілуі және үлкен мөлшерде өтелмеген төлемдер жиналуы жағдайында қолма-қол ақшасыз есеп ретінде вексельге деген ынта арта түсуде. Сондықтан вексель шаруашылық өмірге кең көлемде енуде. Қазірдің өзінде век­сель айналымын реттейтін бірсыпыра ереже-құжаттар пайда болды. Вексель төлем дағдарысын реттеп, тауар қорларының айналысқа түсуін жеделдетіп, кәсіпорындардағы тауар-зат құндылықтарының қорын азайтып және халық шаруашылығындағы есеп айырысуды тездетеді. Вексель айналымы экономикалық қатынастардың сан алуан жүйесін қамти алады.

Вексель нарығының қызметі - қысқа мерзімді несие беру арқылы ақша қаражатын бөлу. Вексель айналымының негізі - серіктестердің бірін-бірі еркін таңдауымен және бірін-бірі бақылауымен жасалатын несиелік келісім. Вексельді шығару және оны айналымға түсіруге жасасқан келісімнің мәні мен маңызы зор.

Вексель несиені өтемеу қаупімен байланысты болғандықтан ол вексель берушіге шамалы болса да сенім болғасын төлем құралы ретінде қабылданады. Егер вексель беруші тауардың сапасын, құнын, уақытында жіберілуін және басқа да жағдайларын бақыласа, ал вексель иемденуші серіктестің тек вексель алған уақытындағы төлем кабілеттілігін ғана емес, сонымен қатар, ол өте маңызды, оның төлем уақыты жеткенге дейінгі болашақтагы қаржы мүмкіншілігін де бақылайды. Вексель келісіміне қатысушылардың бірін-бірі бақылауы және сонымен бірге біріне-бірі сенуі, олардың қабылданған міндеттемені нақты орындауға ұмтылуы нарықтық қарым-қатынастарды дамытуға жол ашады.

Басқа ақшалы қарыз міндеттемелерінен бағалы қағаз ретіндегі вексельдің үш түрлі айырмашылығы бар:

Біріншіден, вексельдің дерексіздігі, яғни вексельде қарызды қандай жағдайға, не мақсатқа алғандығы көрсетілмейді;

Екіншіден, оның даусыздығы, яғни қарызды қандай жағдайға алғандығына қарамастан вексельді міндетті түрде өтеу керек;

Үшіншіден, вексельдің айналмалылығы, яғни вексель иемденуші оны басқа адамдарға беруіне болады. Бұл ерекшелігі вексельді айналыс қаржысы ретінде қолма-қол ақшаның орнына пайдалануға мүмкіндік береді. Сол себепті вексельді сауда ақшасы деп те атайды.

Қолдану өрісіне қарай вексель жай және аудармалы вексель, немесе тратта болып екіге бөлінеді (7,8,9,10 қосымшалар). Жай вексельді төлеуші, яки вексель беруші жазады (2.1. Сурет). Онда вексельді жазған жер, берген уақыты, қандай сомаға толтырылды, қай уақытта және қай жерде өтеу керектігі көрсетіліп, вексель ием-денушіге береді. Сонымен бірге, онда вексель берушінің аты-жөні жазылып, қолы қойылады.


Вексель беруші (сатып алушы -телеуші)

1

Вексель иемденуші(сатушы, төлем алушы - несие беруші)

2

3



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   219




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет