13.2. Тәуекелдің негізгі түрлері
Есеп айырысу - клирингтік жүйенің қызметін пайдаланушы биржалық нарыққа қатысушылар мәміленің нарықтық сипатына байланысты әрдайым өз капиталын немесе акша қаражатын жойылтып алу қаупіне тәуекел етіп пайдаланады. Бұндай тәуекелдің нарықтық, несиелік және жүйелік деп аталатын үш түрі бар .
Нарықтық тәуекел - ол бүкіл қор нарығында немесе фьючерстік нарықта бағаның ауытқуына, мысалы, банктік процент ставкасының өзгеруіне байланысты болатын тәуекел. Клиринг- есеп айырысу процесі бірсыпыра уақыт алады, сондықтан осы уақыт аралығында бағаның өзгеруінен біраз шығын болуы мүмкін.
Осындай тәуекелдің бір түрі - әлемдік бағалы қағаздар және фьючерстік шарт нарықтарында есеп айырысу мерзімі бойынша келіспеушіліктен пайда болатын - халықаралық нарықтық тәуекел. Мысалы, басқа елден бағалы қағазды сатып алган брокер екі елдегі есеп айырысу мерзімдерінің бір-біріне дәл келмеуінен оларды өз елінде бірден сата алмайды. Сайып келгенде біраз шығынға ұшырайды.
Достарыңызбен бөлісу: |