20. БМҚ-ның бетта-тотығуы. реакциялар ретін сызба түрінде көрсету Пальмитин қышқылының тотығуының жиынтық теңдеуі. Пальмитин қышқылы тотыққандағы энергиялық балансты есептеңіз. БМҚ-ның бетта-тотығуы бауырда, бүйректе, қаңқа және жүрек бұлшық еттерінде жүреді.
БМҚ-ның бетта-тотығуына қаныққан, тармақталмаған, жұп санды көміртек атомы бар май
қышқылдары қатысады.
а) БМҚ-ның активтенуі. Митохондрия мембранасының сыртқы бетінде жүреді. Активті май
қышқылдары митохондрияның ішкі мембранасына картининнің көмегімен тасымалданады.
Одан кейінгі реакциялар митохондрияның ішінде жүреді.
б) ацил-КоА бетта-тотығуының аралық реакциясын катализдейтін ферменттер
май қышқылы→ацилКо(АтФ→АМФ,+НSKoA)
АцилКоА→ДегидроацилКоА(ФП→ФПН2)
ДегидроацилКоА→бетта-гидроксиацилКоА(+Н20)
бетта-гидроксиацилКоА→бетта-кетоацилКоА(НАД→НАДН2)
бетта-кетоацилКоА→ацилКоА+ацетилКоА(HSKoA)
Түзілген ацил-КоА кайтадан бета-тотығуға түсіп, осы үрдіс май қышкылы төрт көміртекті
фрагментке (ацетоацетил-КоА) дейін қысқарғанша қайталанады, одан кейін ол HSKoA қосып
алып, 2 ацетил-КоА молекуласына дейін ыдырайды.
Митохондриядағы қаныккан май қышқылдарының (бета-тотығуына пальмитатты С15Н31СООН мысал ретінде келтіреміз: а)пальмитин қышкылының көміртек саны 16, сол себепті түзілетін активті сірке қьшқылының
(АСҚ) саны АСҚ = (Сп-көміртек саны); 16/2=8 болады. Әрбір АСҚ Кребс циклі -» тыныс алу
тізбегі —»тотығудан фосфорлану аркылы 12 АТФ түзетіндіктен, 8АСҚ толық тотыққанда
жалпы жиыны 8x12=96 АТФ түзіледі; .
б)пальмитин кышқылының бетта-тотығу цикл саны=-1; 16/2-1=7 болатындықтан, 7 циклде
7ФПН2 және 7НАДН2 түзіледі (бір циклде 1НАДН, және 1ФПН2 түзіледі). Тыныс алу
тізбегінде реакция пиридинферменттерінен (НАДН2) басталса ЗАТФ синтезіне, ал
флавинферменттерінен (ФПН,) басталса 2АТФ синтезіне жететін энергия бөлінетіндіктен
жалпы жиыны:
7ФПН2 х 2АТФ =14АТФ
7НАДН2 х ЗАТФ = 21АТФ;
14+21=35АТФ түзіледі
Сонымен, 96+35=131АТФ түзіледі
в)митохондрия сыртында 1 молекула пальмитин қышқылын активтендіру үшін 1АТФ
(АТФ->АМФ+ФФ) жүмсалады. Сондықтан барлыгы 96АТФ+35АТФ-1АТФ= 130АТФ болады.