тұтты. Ол «Ер Едіге» жырының үш нұсқасын өзара салыстырып, жаңа нұсқасын жасаған кезде
Шоқан небәрі жеті жаста еді. «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» жырын да
сол кезде қағаз бетіне
түсірген. Елінің тарихын, ауыз әдебиетін, этнографиясын, экономикасын жетік білген ел ағасы
Шыңғыстан, өз заманының тек білімді ғана емес, сонымен қатар озық ойлы, парасатты, зиялы
әкесінен болашақ оқымысты зор ғибрат алған.
Ш.Уәлихановтың азамат, ғалым және ойшылдық қалыптасуында орыстың озық
мәдениеті мен ғылым қайраткерлерінің маңызды рөл атқарғанын атап өтуіміз қажет.
Шоқан
В.Г.Белинскийдің, Н.Г.Чернышевскийдің, А.И.Герценнің, Н.А.Добролюбовтың еңбектерін
оқып-үйренді, олардың көзқарастары мен идеяларын қуаттады.
Ш.Уәлиханов тікелей философиялық мәселелер
жөнінде еңбектер жазбаған, алайда,
барша шығармаларынан дерлік философиялық пікірлер мен тұжырымдарды байқауға болады.
«Қазақтардағы шамандықтың қалдығы», «Сахарадағы мұсылмандық жөнінде», «Тәңір (құдай)»
деген еңбектерінде философияның негізгі мәселесіне қатысты пікірлер айтады Қазақ
жеріндегі шамандықтың орын алу себебін түсіндіргенде «сыртқы дүние - күн, ай,
жұлдыздар
және жер - алғашқы құдірет болып табылады» деп көрсетеді. Сонымен бірге шамандықтың
шығу тегін мұқият зерттеулерінен және басқа да еңбектерінен
Шоқанның себептілік
заңдылығын құптайтындығы, себепсіз құбылыс болмайтындығына кәміл сенетіндігі байқалады.
Мысалы, «Тәңір (құдай)» мақаласында қазақтардың малды қасиет тұтатын ырымдары себебін
халықтың күн көрісі малға байланысты екендігімен түсіндіреді.
Сонымен, Шоқан сыртқы дүниенің санадан тыс өмір сүретіндігін,
оның объективтік
заңдылықтарға бағынатындығын мойындайтын философиялық көзқараста болғанын көреміз.
Қазіргі кезде философияның негізгі мәселелерінің маңыздысы есебінде адам,
оның қоршаған
дүниеге қарым-қатынасы аталынады. Уәлиханов бұл мәселенің маңызды екенін сонау XIX
ғасырдың орта кезінде-ақ айтып кеткен. «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы»
деген
еңбегінде табиғат пен адам, өмір мен өлім әрқашан түпсіз сырға
толы ғажайып таңдану пәні
болды деп көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: