Бағдарламасы. 1 тарау. Жалпы ережелер



Pdf көрінісі
бет23/82
Дата14.11.2022
өлшемі2,5 Mb.
#50089
түріБағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   82
Лекцияның жоспары: 
Философиялық білімнің негізгі сипаттары. 
Философияның функциялары.
Философияның адам және қоғам өмірінде атқаратын рөлі. 
Философия - рухани мәдениет пен адамзаттық білімнің көне және қызықты салаларының 
бірі. Біздің эрамызға дейінгі VII-VI ғасырларда Үндістанда, Қытайда, Ежелгі Грецияда пайда 
бола отырып, кейінгі ғасырлардың қоғамдық санасының тұрақты формасы ретінде танылды. 
Философтардың ой-көзқарастары негізінде дүниетанымдық мәселелер алға қойылып, оларға 
жауап ізделді. Мұндай мәселелерді түсіндіру адамдар үшін өмірдің маңызды мағынасы, негізгі 
мәні болып табылады. 
Күнделікті практикалық өмірдің барысында әрбір адам философиялық мәселелермен 
соқтығысады. «Философия» термині грек тілінен аударғанда «филео - махаббат, құштарлық; 
софия – даналық» деген мағынаны білдіреді. Терминнің шығу тегін грек ойшылдары Пифагор, 
Сократ есімдерімен байланыстырады. Осыдан кейін «ғылымдардың ғылымы» ретінде 
саналатын философиядан тарихи түрде әртүрлі білім салалары бөлініп шығады: астрономия
математика, механика, физика, медицина және т.б. 
Философия ғылымында мынадай үш мәселені қарастыру маңызды: 
Бірде бір жеке ғылым әлем туралы, адам туралы, жалпы тұтас, интегралды білімді зерттей 
алмайды. 
• Философия әлемді тек қана танымайды, сонымен қатар бағалайды. 
• Ол дүниені тану әдістерін меңгереді. 
Философия дүние мен адам туралы тұтас ілім ретінде өзіне мәнді, маңызды мәселелердің 
жиынтығын қоса қарастырады. Философия адамзат қоғамының басты құндылықтарының 
жағымды және жағымсыз қатынастарын анықтайды. Философиялық білімнің негізгі мәнісі 
оның екі жақтылығында: 
1. Оның ғылыми біліммен ұқсастықтары өте көп, мысалы - пәні, әдістері, логикалық - 
түсініктік ойлау аппараты. 
2. Бір жағынан философия таза күйдегі ғылыми білім емес.
Философияның басқа ғылымдардан басты айырмашылығы — ол 
философия адамдармен жалпы игерілген білімнің теоретикалық дүниетанымы болып 
табылады.
Сөйтіп, философия дүниеге көзқарастың жоғарғы деңгейі мен түрі, оған рационалдық, 
жүйелілік, логикалық пен теориялық зерделеу тән.
Дүниеге көзқарас - объективтік дүниеге, болмысқа, адамға және тіршілікке деген
неғұрлым жинақталған, қорытылған біртұтас көзқарастар мен қағидалар.
Дүниеге көзқарастың негізгі үш формасы бар. 
• Мифология 
• Дін. 
• Философия. 
Мифология (грекше мифос - аңыз, шежіре; логос - сөз, ілім) алғашқы қауымдық 
қоғамға тән дүние туралы қиял-ғажайып, танымдық қоғами сана формасы. Әдетте, миф мына 
негізгі 
мәселелерге көңіл аударады: 
 Әлем, жер және адамның пайда болуы; 
 Табиғи құбылыстарды ұғыну; 
Дін - жаратылыстан, адам мен адамзаттан тыс трансцендентальдық, құдіретті 
күшке сенуге негізделген дәстүрлі қоғами сана формасы. 
Дін мына мәселелерді қарастырады: 


- Құдайдың бар екеніне шек келтірмеу
- Табиғат құбылыстарын өздігінше ұғыну; 
- Әлемнің, адамның, фәни мен бақидағы өмірдің, барлық тіршіліктің пайда болуы, 
жаратылуы. 
Философия дүниеге көзқарас тұрғысында өзінің эволюциялық дамуы жағынан үш 
кезеңнен өтті. 
- космоцентризм; 
- теоцентризм
- антропоцентризм; 
Космоцентризм деп қоршаған ортаны, табиғат құбылыстарын тіршілікті жасаушы 
дүлей, шексіз сыртқы күш – Ғарыш, барлық өзгерістер ғарыштық айналым арқылы жүзеге 
асады деп түсінетін философиялық көзқарасты айтады (Ежелгі Үнді, Ежелгі Қытай, Ежелгі 
Грекия) 
Теоцентризм деп барлық тіршіліктің мәні дүниеден тысқары тұрған тылысым күш – 
Құдайда деп түсінетін философиялық көзқарас түрін айтады (Ортағасырлық философияға тән). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет