бірлестіктің жетекшісі болса, әріптестерін сабақты зерттеуге тарту ғана емес, сонымен
44
Жапонияның ұлттық білім беру саясаты институтының аға ғылыми қызметкері
Тошия Чичибтің айтуынша, сабақты зерттеудің үш түрі бар, олардың әрқайсысы белгілі
бір жеке сипаттамаларға ие. Осы үш түрден басқа, мектеп немесе мектептегі мұғалімдер
қоғамдастығы Сабақты зерттеудің өзіндік түрін таңдай алады. (Тошия Чичибу 2009).
Кетрин Льюис, АҚШ, Миллс колледжінің профессоры, сабақты зерттеу бойынша
көптеген жарияланымдардың авторы, оның ішінде сабақты зерттеу туралы "Does Lesson
Study have a Future in the United States?"("АҚШ-та сабақты зерттеудің болашағы бар ма?")
алғашқы ағылшын тіліндегі жарияланымның авторы, АҚШ-тағы сабақты зерттеудің
перспективасын анықтау үшін американдық педагогтар бірнеше сұрақтарға жауап беруі
тиіс, сұрақтың бірі: "What are the essential features of lesson study that must be honored when
lesson study is conducted in the US (and what are the non-essential features that can be
changed?" ("АҚШ-тағы сабақты зерттеу кезінде Жапонияның сабақты зерттеуінің қандай
негізгі ерекшеліктерін ескеру керек (және қандай маңызды емес сипаттамаларды өзгертуге
болады"). Сонымен қатар ол келесі маңызды сипаттамаларды көрсетеді: “A shared long-
term goal” (Жалпы ұзақ мерзімді мақсат), “Important lesson content” (Сабақ мазмұнының
маңыздылығы), “Careful study of students” (Студенттерді мұқият зерттеу), “Live observation
of lessons” (Сабақты өз көзімен бақылау). СЗ жүргізудің барлық басқа компоненттерін
мұғалімдер өз бетінше анықтай алады. (Catherine Lewis).
Осылайша, мектептің немесе мектепішілік мұғалімдер қауымдастығының сабақты
зерттеудің "өзіндік" түрін таңдауы оның тұжырымдамасына қайшы келмейді.
Мұғалімдердің жеке педагогикалық қажеттіліктерін қалай анықтауға болады? Біз
педагогикалық сұраныстарды 8 шартты бөлікке немесе "кәсіби қажеттіліктерге" бөлуді
ұсынамыз:
1. Тәжірибе алмасу.
2. Бақылау дағдыларын жетілдіру.
3. Мұғалімдер арасындағы ынтымақтастық.
4. Оқытудың жаңа әдістерін/тәсілдерін/стратегияларын білу.
5. Оқушылардың оқуы қалай жүретінін түсіну.
6. Пән бойынша өзіндік білім сапасын жақсарту.
7.Сабақты жоспарлау дағдыларын жетілдіру.
8. Кәсіби рефлексия дағдыларын жетілдіру.
Біз бұл жұмысты бір топ мұғалімдермен сабақты зерттеуге кіріспес бұрын
жүргізуді ұсынамыз. Зерттеу барысында топтың әр қатысушысы сабақты зерттеу оның
кәсібилігін жетілдіруге қалай ықпал ететінін және оның жеке қажеттіліктеріне сәйкес
келетіндігін бақылай алады.
Достарыңызбен бөлісу: