Адалдық – білім алушылардың бағаланатын және бағаланбайтын оқу жұмыстарының түрлерін адал, дұрыс орындауы;
Автордың және оның құқықтық мирасқорларының құқықтарын қорғау – біреудің сөзін, ойын дұрыс беру және бағаланатын жұмыстардағы ақпарат көздерін көрсету арқылы авторлық құқық объектісі болып табылатын туындылардың авторлығын тану және қорғау;
Ашықтық – айқындық, өзара сенім, білім алушылар мен оқытушылар арасында ақпарат пен идеялармен ашық алмасу;
Білім алушылардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу – пікірлер мен идеяларды еркін білдіру құқығы;
Теңдік – әрбір білім алушы академиялық адалдық ережелерін сақтауды және оларды бұзғаны үшін тең жауапкершілікті қамтамасыз етеді.
Академиялық адалдықты бұзу түрлері - плагиат;
- сөз байласу;
- алдау;
- бағаларды, бағаланатын жұмыс деректерін, құжаттарды әдейі бұрмалау;
- бағаланған жұмыстардың жауаптарын заңсыз жолдармен алу;
- ақпараттар мен құрылғыларды заңсыз қолдану;
- сыбайлас жемқорлықтың болуы;
- аралық және қорытынды аттестациялау кезінде онлайн-прокторинг тәртібін бұзу.
Академиялық адалдық принциптері бұзылған жұмыстар қабылданбайды, бағаланбайды, бағалау нәтижелері жойылады. Білім алушылардың академиялық адалдық қағидаттарын бұзғаны үшін - Академиялық адалдық Кодексіне сәйкес жауапкершілігі.
4. Сағаттарды бөлу