С. Пікірін білдіру (НҚ3, НҚ4): • Командада жұмыс істей алады, өз көзқарасын дұрыс қорғай алады, ымыраға келуді, өз пікірін ұжымның пікірімен салыстыра біледі, жаңа шешімдер ұсынады.
• Кәсіби мәселелерді шешу үшін анықтамалық және ғылыми әдебиеттермен, электрондық дерекқорлармен, Интернет-ресурстармен жұмыс істеу дағдыларын меңгерген.
D. Коммуникативті қабілеті (НҚ3, НҚ4, КҚ9): • Әдістер мен технологиялардың кең ауқымын пайдалана отырып, түрлі жағдайларда әртүрлі адамдармен өзара әрекеттесуде дербес, жан-жақты және тиімді коммуникацияға дағдыланған.
• Әр түрлі жағдайларда жеке тұлғалар мен топтармен, әріптестермен және басқа да мамандармен қарым-қатынаста болғанда нақты, тиімді және кәсіби коммуникацияны көрсетеді, мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін пайдалана алады.
• Кәсіби қызметінің контексінде түрлі аудиториялармен қарым-қатынас жасау үшін тиімді жазбаша, ауызша және технологиялық дағдыларды көрсетеді.
• Деректерді енгізу, бағалау және түсіндіру үшін түрлі ақпараттық технологияларды пайдаланады.
Е. Оқуға қабілеттілік (НҚ2, КҚ9): • Күнделікті кәсіби қызметінде және білімін ары қарай жалғастыруға қажет болатын, жалпы патология бойынша жаңа білімдерді меңгеруге қабілетті және дайын.
• Логикалық талдауға, дәлелді сөйлеуге, пікірталас пен пікір алмасуға, төзімділікке, ынтымақтастыққа және жанжалдарды шешуге қабілетті және дайын.
• Жоғары деңгейдегі автономиямен жұмыс істеуге және жобаларды жоспарлау және құрылымдарды басқару кезінде жауапкершілікті қабылдауға қабілетті.
• Байқауларға қатысу арқылы шет тілдерін меңгеруді жетілдіруге, шет тілінде өтетін курстарда, семинарларда оқудан өтуге қабілетті.
• Оқу процесінде инновациялық технологияларды тиімді пайдалануға және дағдыларды меңгеруге қабілетті (PBL, TBL, CBL, RBL).
• Тест тапсырмаларын, тезистік жоспарларды, презентацияларды, глоссарийлерді құрастыруға қабілетті.