Бағдарламасы (7- сыныпқа арналған) Түсінік хат



бет1/9
Дата15.02.2023
өлшемі13,97 Mb.
#68192
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

«Спиральді оқытуды география сабағында қолданудың тиімділігі»
Факультативтік
Авторлық бағдарламасы
(7- сыныпқа арналған)
Түсінік хат


Бағыты. Жаратылыстану.
«Спиральді оқытуды география сабағында қолданудың тиімділігі» тақырыптағы авторлық бағдарлама жалпы білім беретін мектептің 7-сынып оқушыларына арналып жазылған.
Бұл авторлық бағдарлама оқу жоспарының вариативті бөлігінің оқу бағдарламалары және элективті курстарды әзірлеу және әдістемелік қамтамасыз ет барысында барлық деңгейдегі мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарды басшылыққа ала отырып, «Оқу жоспарының вариативті бөлігінің оқу бағдарламалары мен элективті курстарды сараптамадан өткізу және оларды жаңартылған білім беру мазмұны аясындаәдістемелік қамтамасыз ету» туралы ереже ҚР-ң 2007 жылғы 27 шілдедегі №319-III «Білім туралы» Заңына (06.05.2020 жылы енгізілген толықтырулар мен өзгертулер негізінде) сәйкес әзірленді.
Курс аптасына 1 рет, жалпы 34 сағатқа жоспарланды.
Бұл бағдарлама оқушылардың бойында қарастырылған білімді тереңдету арқылы орнықтыру, шақыру, тергеу және практикада қолдау. Оқушылардың шығармашылық ізденісін дамытуға, ақпараттық және талдау жасай білуге баулу мақсаты қарастырылады.
Таңдау курсты өткізу үшін ДЖГСО, «INSERT», «Эйлер шеңбері», «Өрмекші», «Миға шабуыл», «Стоп кадр», «Тыңдайтын үшбұрыштар», «Фишбоун» әдістері қолданылды.
Курстың мақсаты:
география сабағында оқушыларды шығармашылыққа баулу
Курстың міндеттері:
1.География сабғында белгілі нысанды зеттеу үшін қолданылатын әдіс-тәсілдерді үйрету.
2. Оқушыларға өз бетімен зерттеу жүргізу дағдысын қалыптастыру.
3.Жинақталған мәліметтерді сыни тұрғыда талдай білу қабілеттерін дамыту?
4.Зерттеулерінен ғылыми тұрғыда қорытынды жасауды үйрету.
5.Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже:
Оқушы:

  1. География сабғында белгілі нысанды зеттеу үшін қолданылатын әдіс-тәсілдерді үйренеді.

  2. Оқушыларға өз бетімен зерттеу жүргізу қабілеті дамиды.

  3. Сыни тұрғыдан ойлауды үйренеді.

  4. Ғылыми тұрғыда қорытынды жасай алады.

  5. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет