Бағдарламасы (7- сыныпқа арналған) Түсінік хат



бет3/9
Дата15.02.2023
өлшемі13,97 Mb.
#68192
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Бақылау жұмыс
1.-сабақ мақсаты: Географияның зерттеу нысандарын анықтайды.
Күтілетін нәтиже: зерттеген нысанымыздың ғылымның қай саласына жататынын біліп, сол ғылымның заңдылықтары бойынша қарастыра алады. Сабақты «ДЖГСО» әдісі арқылы, географияның салаларын әр топқа бөліп беріп өзара түсіндіреді. Соңында дайындалған жабық тест тапсырмалары негізінде білімдерін тексеремін.
2-сабақ мақсаты: географиялық дереккөздермен жұмыс істейді.
Күтілетін нәтиже: карта, сурет, мәтін, фотосуреттер пайдаланып не туралы айтылып тұрғандығын анықтап қорытынды жасайды. Сабақты «INSERT» әдісін пайдаланып өткіздім, оқушыларға географиялық деректерді алу көздерін толық жазып көрсетемін. Тапсырманы оқып, түртіп алу жүйесі бойынша жұмыс жасалады:W- білемін; + жаңалық; - білмеймін; ?- білгім келеді; кесте жүйесі бойынша жұмыс жасайды.
3-Сабақ мақсаты: географиялық нысандардың қасиеттерін тәжірибелік жолмен анықтайды.
Күтілетін нәтиже: тәжірибені өз қолдарымен жасап, көздерімен көріп, табиғаттағы құбылыстардың мәнін терңінен түсінеді. Сабақты «Эйлер шеңбері» Не?Қалай? Неге? Нәтиже? деген мәселелер бойынша идеяларын шеңбер ішіне жазады.
4-5- сабақ мақсаты: географиялық далалық зерттеу әдістерін қолданады, көрсеткіштерді тіркейді.
Күтілетін нәтиже:Далалық әдіс негізінде жинақталған мәтериалдарды өңдеп қорытынды шығара алады. Сабақты «Өрмекші» әдісі арқылы далалық зерттеуде жинаған мәліметтерімен бөлісіп, ең соңында зерттеудің қорытындысын шығарып жинақтайды.
6- сабақ мақсаты: географиялық нысандардың, құбылыстардың және үдерістердің ерекшеліктерін графикалық түрде көрсете алады.
Күтілетін нәтиже: берілген диаграмма, профиль, графиктерді оқып талдай алады. Сабақты крестиктер – нөлдік әдісі арқылы сайыс түрінде өткіземін.
7- сабақ мақсаты: тақырып бойынша картосхемаларды жасай алады.
Күтілетін нәтиже: әр түрлі тақырыпта берілген картосхмаларды оқи алады.
Сабақты картамен және схемалармен жұмыс жасаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет