Бағдарламасы (Алматы, 2011) негізінде құрастырылған


оң қанат -Бауыршының басшылығындағы  Алтайға жанасқан-  Бароңғар



Pdf көрінісі
бет37/114
Дата28.11.2023
өлшемі1,03 Mb.
#130819
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   114
Байланысты:
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРТАҒАСЫРЛАР ТАРИХЫ

оң қанат
-Бауыршының басшылығындағы 
Алтайға жанасқан- 
Бароңғар
жəне 
сол қанат
-«го ван»-«мемлекет князі» 
деген атақты иеленеген Мұқалының басшылығындағы шығысында Цзинь
империясымен жанасқан 
Жоңғар. 
Сонымен қатар үшінші бөлік –Орталық 
қара-үшінші əскер тобының басшысы болып Наяа таған тағайындалған.


Моңғолия 
95 
əскери 
əкімшілік 
аудандарға 
бөлінген. 
Олар 
басшылығында мыңдық нояны бар бір мың əскер шығаруға міндетті болды. 
Мыңдықтар, сондай-ақ жүздіктер ханнан «күбі» қызметі үшін сыйлықтар 
алып отырған. Жүздік, қаралықтың атағы мен лауазымы атадан балаға өтетін 
болған. Мыңдықтың ең азы əскери-əкімшілік бірліктің құрамында он əскер 
шығаруға міндетті – отбасылар (айылдар) тобы болды. Шыңғыс ханның көзі 
тірісінде моңғолдардың саны 1 миллион адамға жеткен. «Орман халықтары» 
қоныстанған солтүстік аймақтарды басқару ерекше блінді. Оларды 
Шыңғыстың пікірлесі -Қоршы басқарған. Əскери-əкімшілік ұстам «мыңдық» 
бойынша тайғайындалған, шабылған жəне өз еркімен берілген өз орнына 
бекітіліп, орын ауыстыру бостандығынан айрылған. 
Шыңғыс хан «Яса» (Жаза) атты заңдар жинағын жариялаған. Мысалы 
бір тарауында «Кімде-кім рұқсатсыз орын ауыстырса, өлімге бұйырылсын» 
немесе «ешқандай жұмысқа жарамсыз болып қартайғанша, бірде бір адам 
қызметтен босатылмасын» деген үкімдер бар. Сонымен қатар мыңдықтар мен 
жүздіктер арасында тұрғындарды орналастыру ерекше кітаптарға енгізілген. 
«Əр тілде сөйлейтін түрлі халықтардың тізімі «Жазба», «Көк Дəптер -
Бішікте» жазылып, реттелсін»-деп бұйырған. Сонымен қатар бұл көк 
дəптерлерде сот шешімдер де жазылған. Жазбалар ұйғыр жазуымен 
жүргізілген(бұл жазу Найман-ханның өмірін қорғаушы ұйғыр -Тата 
тұнғаптың ықпал етуімен енгізілген). 
1206 жылы жарғылар моңғол ру-тайпаларының адамдары қызметтес 
болып немесе бір жерде мекендеген, бір мыңдықта немесе жүздікте болып 
қалды, өз араласуларымен олар бірлескен моңғол халықының құрылуына 
бастау болды. 
Зерттеуші, шығыстанушы Б.Я.Владимирцев былай деп жазды: 
«Шыңғыс хан империясы моңғол ру-тайпаларының араласып кетуі үлкен 
көне моңғол тайпалары: татар, меркіт, жатжырат, найман, керейттердің 
толығымен ыдырап, қалдықтары ұлыстар мен мыңдық ұлыстарға шашырап 
кеткен, тайпалардың атауларынан айрылып, жаңа ерекше ру қалыптастыруда 
өте маңызды орын алды»-дейді. Мемлекетте Шыңғыстың барлық тума-
туыстары үлес алды. Бұл хан болған адамның бүкіл руының жетістігі деп 
саналған. Үлестерді бөлуді басқару – Шігі-Құтыққа табысталды. Бүкіл 
Моңғолияда патшалық-ямдық қызмет бекітілді. Əр ямның қызмет көрсетуіне
белгіленген жылқы мен адам саны бөлінді. Барлық ямдар «қаралардың» 
арасында орналасты жəне əр екі «мыңдық» бір ямды қамдауға міндеттенді. 
Мелекеттегі жоғары лауазымды иелері биліктің белгісі ретінде алтын 
найза алып жүрген. Онда : «Аспан бұйрығы бойынша іс жүргізуге құзырлы» 
деген жазу болған. Одан басқа шаруашылық мəселелермен айналысқан алты 
«Шерби» жəне Шыңғыс ордасын күзететін 150 гвардиялық күзет-
кешіктендер бөлінген. Осылайша сегіз мыңдық əскер-тұрхауыттардан 
тұратын, оның ішінде бір мыңы таңдаулы бахадүрлерден жиналған ерекше 
əскер «кешіктендер» қара қолы жəне түнгі күзет екі мың «кептеуілден» 
тұратын əскери топ қалыптасқан. «Кешіктендер» өз лауазымы бойынша жай 
мыңдықтан жоғары болған. Шыңғыс ханның айналасындағы жоғары 


мəртебелі əскерлер-дархандар /тархан/ бірқатар жеңілдіктер иеленді. Алым 
төлеуден босатылды, иеленген олжаларын өздеріне қалдырды, Хан Ордасына 
қай кезде де шақырусыз кіре алды, ал тойларда олар төрде отырған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет