Бағдарламасы астана 2014 Бағдарлама «6М010300 Педагогика және психология»


Магистратураға қабылданушы тұлғалардың даярлық деңгейлеріне қойылатын талаптар



бет2/15
Дата10.11.2022
өлшемі41,62 Kb.
#49239
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
ped-psih-kaz-mag-2014

2. Магистратураға қабылданушы тұлғалардың даярлық деңгейлеріне қойылатын талаптар
«6М010300 – Педагогика және психология»мамандығы бойынша магистратураға түсу ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша жүзеге асырылады.
Конкурстық іріктеу ережесі Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің магистратураға қабылдау жөніндегі типтік ережесі және «6М010300 – Педагогика және психология» мамандығы бойынша білім берудің мемлекеттік стандарты негізінде анықталады. Бағдарлама типтік оқу бағдарламалары және МЖМББС негізінде құрастырылған.
6М010300 – «Педагогика және психология» мамандығына тапсыратын бакалавр өзінің кәсіби бағытталуы бойынша білуі тиіс: ҚР білім беру аймағындағы нормативтік құжаттарды; ҚР-ң әлеуметтік саясатының негіздерін; үздіксіз білім беру жүйесінде балалардың, жастар мен жеткіншектердің тұлғалық дамуы мен толыққанды әлеуметтенуін қамтамасыз етуді; түзетушілік-тәрбиелік үдерісті жобалауды, педагогикалық іс-әрекет нәтижелерін жоспарлауды, ұйымдастыруды, диагностикалау мен болжауды; денсаулықты дамыту жағдайын ескере отырып, әрбір индивидтің бейімділігін, қабілеттілігін, дарынын айқындау мен дамытуды; авторлық педагогикалық және түзетушілік технологияларын жасау және ендіру негізінде балаларды, жастар мен жеткіншектерді тәрбиелеу мен әлеуметтендіру үрдістерін түзетуді.


3. Білім беру бағдарламасының пререквизиттері:
Педагогикалық шеберлік- 3 кретид.
6М 010300 - «Педагогика және психология» мамандығы бойынша магистратураға қабылдауға арналған емтихан
Бағдарламасы
Бөлім 1. Педагогика.
Бөлім 2. Психология
    1. Бөлім. Педагогика


  • 1.Тақырып. Педагогика ғылым ретінде.

Педагогика ғылымының пәні, міндеттері және функциялары. Педагогиканың категориялары. Педагогика ғылымының құрылымы және оның салалары. Педагогикалық ғылымдар мен практиканың өзара байланысы. Педагогикалық ғылымдардың әдіснамасы. Педагогикадағы жүйелілік, тұлғалық, іс-әрекеттік тұрғылар. Педагогикалық зерттеулердің әдістері және логикасы. Ғылыми-педагогикалық зерттеулер әдістерінің жалпы сипаттамасы.: педагогикалық, психологиялық, социологиялық, математикалық әдістер.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет