2. Магистратураға қабылданушы тұлғалардың даярлық деңгейлеріне қойылатын талаптар «6М010300 – Педагогика және психология»мамандығы бойынша магистратураға түсу ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша жүзеге асырылады.
Конкурстық іріктеу ережесі Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің магистратураға қабылдау жөніндегі типтік ережесі және «6М010300 – Педагогика және психология» мамандығы бойынша білім берудің мемлекеттік стандарты негізінде анықталады. Бағдарлама типтік оқу бағдарламалары және МЖМББС негізінде құрастырылған.
6М010300 – «Педагогика және психология» мамандығына тапсыратын бакалавр өзінің кәсіби бағытталуы бойынша білуі тиіс: ҚР білім беру аймағындағы нормативтік құжаттарды; ҚР-ң әлеуметтік саясатының негіздерін; үздіксіз білім беру жүйесінде балалардың, жастар мен жеткіншектердің тұлғалық дамуы мен толыққанды әлеуметтенуін қамтамасыз етуді; түзетушілік-тәрбиелік үдерісті жобалауды, педагогикалық іс-әрекет нәтижелерін жоспарлауды, ұйымдастыруды, диагностикалау мен болжауды; денсаулықты дамыту жағдайын ескере отырып, әрбір индивидтің бейімділігін, қабілеттілігін, дарынын айқындау мен дамытуды; авторлық педагогикалық және түзетушілік технологияларын жасау және ендіру негізінде балаларды, жастар мен жеткіншектерді тәрбиелеу мен әлеуметтендіру үрдістерін түзетуді.
3. Білім беру бағдарламасының пререквизиттері: Педагогикалық шеберлік- 3 кретид. 6М 010300 - «Педагогика және психология» мамандығы бойынша магистратураға қабылдауға арналған емтихан Бағдарламасы Бөлім 1. Педагогика. Бөлім 2. Психология
Бөлім. Педагогика
1.Тақырып. Педагогика ғылым ретінде.
Педагогика ғылымының пәні, міндеттері және функциялары. Педагогиканың категориялары. Педагогика ғылымының құрылымы және оның салалары. Педагогикалық ғылымдар мен практиканың өзара байланысы. Педагогикалық ғылымдардың әдіснамасы. Педагогикадағы жүйелілік, тұлғалық, іс-әрекеттік тұрғылар. Педагогикалық зерттеулердің әдістері және логикасы. Ғылыми-педагогикалық зерттеулер әдістерінің жалпы сипаттамасы.: педагогикалық, психологиялық, социологиялық, математикалық әдістер.