Бағдарламасы астана 2014 Бағдарлама «6М010300 Педагогика және психология»


Тақырып. Оқытудың әдістері және құралдары



бет7/15
Дата10.11.2022
өлшемі41,62 Kb.
#49239
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15
Байланысты:
ped-psih-kaz-mag-2014

Тақырып. Оқытудың әдістері және құралдары.

Оқытудың әдістері туралы жалпы түсінік. Оқыту әдістерінің функциялары. Әдіс және тәсіл. Оқытудың әдістері және құралдары. Оқыту әдістерінің көптүрлілігі. Заманауи дидактикадағы оқыту әдістерінің классификациясына әртүрлі тұрғылар. Ақпараттарды беру қабілеті бойынша оқыту әдістерінің дәстүрлі классификациясы (білімнің қайнар көзіне, іскерлікке, дағдыларға): сөздік (әңгіме, әңгімелесу, дәріс, түсіндіру, оқу пікір таласы), көрнекілік (демонстрация, байқау), практикалық (басқару, практикум, лабораториялық жұмыс), кітапппен жұмыс. Оқытудың негізгі құралдары. Оқыту үдерісінде компьютерлерді қолдану. Оқытудың оңтайлы әдістерін таңдау.

  1. Тақырып. Оқытуды ұйымдастырудың формалары.

Оқытуды ұйымдастырудың формалары туралы түсінік. Сабақ — оқыту үдерісін ұйымдастырудың негізгі формасы. Оқытудың басқа формаларымен сабақтың байланысы. Мектеп тарихындағы оқытудың сыныптық-сабақ жүйесінің дамуы. Сабақтың типологиясы және құрылымы. Оқыту үдерісіндегі оның мақсатына, мазмұнына және орнына тәуелділіктегі сабақ құрылымының икемділігі. Оқушылардың сабақтағы оқу-іс-әрекетін ұйымдастырудың фронтальды, топтық және жеке формалары. Мұғалімнің сабаққа дайындығы. Тақырыптық және сабақ жоспары, сабаққа талдау жасау. Заманауи мектептердегі сабақтың тиімділігін жетілдірудің жолдары. Оқытуды ұйымдастырудың басқа формалары: факультатив, оқу саяхаты, консультация, әңгімелесу, семинар, оқушылардың үй жұмысы.

  1. Тақырып. Диагностика, оқушылардың оқу іс-әрекетін бақылау және бағалау.

Педагогикалық әдебиеттердегі «диагностика» және «бақылау» түсініктерінің өзара қатынасы. Бақылау және бағылау функциялары. Бақылауды және бағылауды ұйымдастыруға психологиялық-педагогикалық талап. Бақылаудың түрлері (диагностикалық, ағымдық, тақырыптық, қорытынды). Бақылаудың әдістері. Бақылаудың формалары. Оқыту нәтижелерінің және оларды бағалаудың өзара байланысы. Оқушылардың білімін бағалау жүйесі. Білімді, іскерліктер мен дағдыларды бағалау критерилері. Оқушылардың білімін бағалаудың психологиялық-педагогикалық мәселелері. Мұғалім-новаторлардың тәжірибесіндегі бақылауға және бағалауға шығармашылық тұрғылары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет