Мүсіндеу
Заттық мүсіндеу
Бірнеше бөліктен тұратын күрделі емес заттарды, жануарларды мүсіндеу
келесі дағдыларды қалыптастыру. Сазбалшықтан, ермексаздан, қамырдан
мүсіндеуге қызығушылығын тудыру.
Табиғи материалдан мүсіндеу келесі дағдыларды қалыптастыру.
Сюжеттік мүсіндеу
Жеке жұмыстарын ұжымдық композицияларға біріктіру келесі дағдыларды
қалыптастыру.
Сәндік мүсіндеу
Әшекей заттарды мүсіндеу келесі дағдыларды қалыптастыру.
Ойлау бойыншамүснідеу
Ересектің көмегімен шығармашылық ойлауды дамыту.
Күтілетін нәтижелер:
-
сазбалшықтан, ермексаздан, қамырдан мүсіндеуге қызығушылық
танытады;
-
сазбалшықтың, ермексаздың, қамырдың қасиеттері және мүсіндеу әдістері
жайлы түсініктері қалыптасқан;
-
сазбалшықтың ермексаздан, қамырдан үлкен бөлігінен кішкентай
дөңгелектерді бөліп ала біледі;
-
сазбалшықтың үлкен бөлігінен кішкентай дөңгелектерді бөліп алып,
оларды алақанға салып тік және дөңгелек қозғалыс арқылы есе біледі.
-
мүсіндеудің түрлі әдістерін қолданып 1-3 бөліктерден тұратын түрлі
заттарды мүсіндей алады (аққала, паравоздар, шарбақ);
-
ұжымдық композициялар құрастыруға қатысады;
-
әшекей заттарды мүсіндей алады (моншақ, сырға).
Жапсыру
Дағдыларды қалыптастыру:
–
заттардың орналасу, олардың арасында арақашықтықтың сақталу
заңдылығы;
–
түрлі пішіндегі қазақ оюының кейбір элементтерін қағазға орналастыру;
49
–
желімді қылқаламға, мұқият жағып алу, клеенкадағы дайын үлгіге жағу,
желімнің қалдықтарын сүртуге майлықты қолдану;
–
табиғи материалмен жұмыс істеу, олардан зат жасау;
–
қағаздың мүмкіндіктері туралы түсініктерді жетілдіру: жыртылады,
мыжылады, оңай мыжылады.
Сюжеттік жапсыру
Балаларға жалпы композиция жасауға көмектесі.
Сәндік жапсыру
Ересектер дайындаған ірі және өте ұсақ элементтерді орналастыру мен
жапсыру, ортасында, бұрыштары бойынша шаршыда қазақ ою элементтерін
жапсыру келесі дағдыларды қалыптастыру.
Пішінін, түсі мен көлемін, ескере отырып, заттар мен ою-өрнектерді
орналастыру, геометриялық элементтерден өрнек құру заңдылықтарын
көрсету.
Ойы бойынша жапсыру
Тақырып таңдауда көмектесе отырып, шығармашылық ойды дамыту.
Күтілетін нәтижелер:
-
бейнелеу өнеріне қажетті негізгі техникалық дағдыларды меңгерген;
-
пішіні, көлемі, түсі әртүрлі бөлшектерді белгілі бір реттілікте орналастыра
алады, соңынан алынған бейнені қағазға жапсыра алады;
-
белгілі ретпен түрлі пішінді, көлемді түстегі бөліктерді орналастырып,
дайын бейнені қағазға жапсыра біледі;
-
ұқыпты жұмыс жасай алады: желімді қылқаламға жағуды, клеенкадағы
дайын үлгілерге жағуды, желімнің қалдықтарын майлықпен сүртуді біледі;
-
қағаздың қасиеттері жайлы біледі: жыртылады, мыжылады, оңай
мыжылады;
-
қарапайым композицияларды құрастыруға қатысады;
-
ересектер дайындаған түрлі пішінді қағаз бетіне заттарды орналастыра
алады;
-
ойы бойынша жұмыстарды орындай алады.
Музыка
Музыка тыңдау.
Келесі дағдыларды қалыптастыру:
–
ересектердің орындауындағы және грамжазбадағы музыканы тыңдау,
музыкалық шығарманың қарқынын ажырату;
–
музыкалық шығарманы эмоциямен қабылдау.
Ән салу.
Келесі дағдыларды қалыптастыру:
–
музыкалық сүйемелдеумен және сүйемелдеусіз ре-ля бірінші октавасының
диапазонында ән салу, дыбыстарды биітігіне қарай ажырату (октава шегінде),
әуеннің басталуы мен аяқталуына мән беру;
–
музыканың түрлі бөлімдерін ажырату, атаусыз.
Музыкалық-ырғақтық қимылдар.
Келесі дағдыларды қалыптастыру:
50
–
қимыл серпінін өзгерте отырып қимылдау, бір-біреулеп, жұптаса отырып
би қиылдарын орындау, жануарлардың би қимылдарын ұқсату;
–
ойынға, қол ұстасып әр салуға қатыса білу, таныс би қимылдарын қайталау
білу.
Күтілетін нәтижелер:
-
музыканы тыңдау дағдысын меңгерген;
-
музыкалық шығарманың қарқынын айыра алады;
-
музыкалық сүйемелдеумен және сүйемелдеусіз ре-ля бірінші октавасының
диапазонында ән сала біледі, дыбыстарды биітігіне қарай ажыратады (октава
шегінде), әуеннің басталуы мен аяқталуына мән береді;
-
бір-біреуден, жұптаса ауыса отырып, би қимылдарын орындайды,
жануарлардың қимылдарын ұқсатады;
-
балаларға арналған музыкалық аспаптарды ажырата біледі және атын атай
алады;
-
музыкалық шығарманы эмоциямен қабылдайды.
«Әлеуметтік орта» білім беру саласы
«Әлеуметтік орта» білім беру саласының базалық мазмұны ұйымдасқан оқу
қызметінде іске асырылады:
-
қоршаған ортамен таныстыру.
Мақсаты: балаларда жағымды іс-әрекетті және қоршаған ортаға қарым-
қатынасты, әлеуметтік мәдениет негіздерін шығарма мазмұнына эмоциялы
сергектікті қалыптастыру.
Қоршаған әлем, гендерлік, отбасылық, азаматтық қатыстылық, патриоттық
сезімдер, әлемдік қауымдастыққа қатыстылық туралы түсініктерді
қалыптастыру;
Еңбек, ойын қызметінің білім, білік және дағдыларын, жалпы қабылданған
қарапайым нормаларды және құрдастарымен және ересектермен өзара қарым-
қатынас жасау ережелерін дамыту;
Қазақстанның және басқа елдердің халық ауыз шығармашылығын қолдану
арқылы Отанға, отбасына деген сүйіспеншілікті, ересектерді сыйлай білуге
тәрбиелеу.
Қоршаған ортамен таныстыру
Сыпайылық дағдыларын дамыту, іс-әрекет мәдениетінің қарапайым
ережелерін сақтау.
Келесі дағдыларды қалыптастыру:
әдептің қарапайым ережелері: үлкендерді тыңдау, ойыншықтарды бөлісу,
өзін қоғамдық орындарда байсалды ұстау;
ересектермен және құрдастарымен өзара әрекет: ересектерді аты және
әкесінің атымен атау; құрбыларын атымен атау; бірін-бірі тыңдау; бірге ойнау;
бір-біріне кедергі келтірмеу; басқа адамға қамқорлық таныту.
Адамгершілік нормалары туралы түсініктер
өзі және өзінің туыстары туралы әңгімелеу;
51
қарым-қатынас ережелерін сақтау және ересектермен, құрдастарымен өзара
әрекет ету;
еңбек тапсырмаларына қызығушылықты сіңіру;
өзінің қадір-қасиеті сезіміне тәрбиелеу, өзінің ерекшелігін сезіну, өзіне және
қоршаған ортаға, отбасына, балабақшаға, туған үйіне сүйіспеншілік сезімін
дамыту.
Күтілетін нәтижелер:
-
балабақшада, көшеде және қоғамдық орындарда ұйымдасқан жүріс-тұрыс
ережелерін сақтайды;
-
қарапайым әдеп нормаларын меңгерген: амандасады, қоштасады, алғыс
білдіреді
-
бір-біріне көмек көрсете біледі, ойыншықтарымен кітаптарымен бөліседі;
-
ересек адамды аты-жөнімен атайды, құрдасының есімін атайды;
-
өзі және өзінің туыстары жайлы әңгімелей біледі;
-
ересектердің тапсырмаларын орындайды;
-
өз қаласын, ел астанасын атай алады;
-
табиғат бұрышында және учаскеде өсімдіктер мен жанураларға күтім
жасай алады;
-
ересектердің көмегімен балықтарды, құстарды тамақтандыра алады, бөлме
өсімдіктерін суара алады.
52
V. ОРТАҢҒЫ ТОП
(4 жастан 5 жасқа дейін)
«Денсаулық» білім беру саласы
«Денсаулық» білім беру саласының базалық мазмұны дене шынықтыру
ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті арқылы жүзеге асырылады.
Мақсаты: Баланың денсаулығын сақтау және нығайту, дене шынықтыруға
деген қызығушылығын дамыту, қозғалыс біліктері мен дағдыларын
қолдануға баулу.
Балалардың қимыл әрекеттерін ұйымдастырудың түрлі нысандарында
қимылдарды дұрыс орындау біліктері мен дағдыларын қалыптастыру. Жүру
мен жүгіруде, секіру мен лақтыруда, қағып алуда, еңбектеу мен өрмелеуде
негізгі қимыл түрлерін, жеке гигиена дағдыларын орындауға және
денсаулықты сақтау негіздерін үйрету.
Дене қасиеттерін дамыту: ептілік, қозғалыстарды үйлестіру,
шыдамдылық, тепе-теңдікті сақтау, икемділік.
Дене шынықтыру жаттығуларын орындауға, салауатты өмір салтын
ұстануға тәрбиелеу.
I ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ
Денешынықтыру
Негізгі қимыл түрлері
Жүру. Сапта бір-бірлеп жүру, жүруді жүгірумен, секірумен, басқа
қимылдармен кезектестіру; қол мен аяқ қимылын үйлестіру, сымбатты дұрыс
сақтау.
Қалыпты жүгіру, аяқтың ұшымен жүгіру; тізені жоғары көтеріп жүгіру;
кіші және үлкен қадаммен жүгіру; сапта бір-бірлеп; түрлі бағытта жүгіру. Түрлі
тапсырмалармен жүгіру: шапшаң және жай қарқынмен жүгіру, жетекшінің
ауысуымен.
1–
1,5 минут ішінде жай қарқынмен үздіксіз жүгіру; орта жылдамдықпен
жүруді кезектестіре отырып, 40–60 метрге жүгіру.
Секіру. Бір орында тұрып, қос аяқпен секіру (2–3 рет жүрумен кезектестіре
отырып, 10 рет секіру); 2–3 метрлік қашықтықта алға ұмтыла қос аяқпен секіру;
бір орында оңға, солға бұрылып секіру. Баланың қолын көтергендегі биіктіктен
жоғары ілінген нәрсеге орнынан секіру арқылы затты жанап өту. 4–5 сызық
арқылы орнынан ұзындыққа секіру (сызықтардың арақашықтығы 40–50 см). 20–
25 см биіктікке секіру; орнынан 50 см кем емес ұзындыққа секіру. Бір аяқпен
секіру (шамамен 4–5 рет оң және сол аяқпен).
Қысқа секіртпемен секіру (демалу үзілістері бар 2–3 реттен 10 секіру.
Дәлдеп лақтыру, қағып алу, лақтыру.Заттар арасымен доптарды,
құрсауларды домалату. Допты бір-біріне төменнен лақтыру және қағып алу (1,5
м қашықтықта); допты екі қолымен бастан асыра кедергі арқылы лақтыру (2 м
қашықтықтан). Допты жоғары лақтыру және екі қолымен қағып алу (қатарынан
3–
4 рет). Алысқа дәлдеп лақтыру (3,5–6,5 м кем емес). Оң және сол қолымен
53
көлденең нысанаға (2–2,3 м қашықтықтан), 1,5 м қашықтықтан тігінен (нысана
ортасының биіктігі 1,5 м) нысанаға дәлдеп лақтыру.
Еңбектеу және өрмелеу. 8 м дейінгі қашықтықта заттар арасымен тура бағыт
бойынша төрттағандап еңбектеу, тақтайда, орындықта көлденеңінен еңбектеу.
Табан мен алақанға сүйеніп, төрт тағандап еңбектеу. 50 см жоғары көтерілген
арқанның астынан оң және сол бүйірмен алға еңбектеп кіру. Құрсаудан еңбектеп
өту. Гимнастикалық тақтай бойынша жоғары-төмен кезектескен қадаммен
өрмелеу. Арақашықтығы 10 м дейінгі заттар арасымен тура бағытта жыланша
ирелеңдеп, орындыққа көлденеңінен және көлбеу еңбектеу. Гимнастикалық
орындықта қолдарымен тартылу арқылы ішімен еңбектеу. Бөрене,
гимнастикалық орындық арқылы еңбектеп өту. Гимнастикалық қабырға бойынша
жоғары-төмен кезектескен қадаммен өрмелеу, аралықтан аралыққа,оңға, солға
ауысу.
Тепе-теңдікті сақтауға жаттығулар. Сызықтар арасымен (15 см
арақашықтық); сызықпен; арқанмен (диаметрі 3 см); тақтаймен, гимнастикалық
орындықпен, бөренемен жүру. Заттарды аттап өту, басқа қап киіп бұрылу. Тепе-
теңдікті сақтау: қолын жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен тұру; қолын беліне қойып,
бір аяқпен тұру; қолын беліне қойып, екі жаққа айналу. Ойлы-қырлы тақтаймен
жүру; көлбеу тақтаймен (ені 20 см, биіктігі 30-35 см) жоғары және төмен жүру мен
жүгіру. Еденнен 20–25 см көтерілген баспалдақ тақтайдан, қолдың түрлі
қалпымен үрленген доптан (бір-бірінен қашық қойылған 5–6 доп арқылы
кезекпен) аттап өту.
Сапқа тұру, сап құрылымын өзгертіп қайта тұру. Қатарға бір-бірден сапқа
тұру. Қатарға екеуден тұрып, сапты қайтадан құру; бағдар бойынша түзелу.
Музыкалық-ырғақтық жаттығулар. Музыкалық сүйемелдеуге сәйкес
түрлі қарқында таныс дене жаттығуларын орындау.
Күтілетін нәтижелер:
-
түрлі тапсырмалар орындап, бір-бірден сапта жүреді;
-
жетекшінің ауысуымен; жүруді кезектестіре отырып жүгіреді;
-
20–
25 см биіктіктен секіреді;
-
заттардың арасымен доптарды домалатады, оң және сол қолмен көлденең
нысанаға дәлдеп лақтыра алады;
-
8 м дейінгі қашықтықта заттар арасымен тура бағыт бойынша төрт
тағандап еңбектейді; 50 см жоғары көтерілген арқанның астынан оң және сол
бүйірмен алға еңбектейді;
-
гимнастикалық қабырға бойынша жоғары-төмен кезектескен қадаммен
өрмелейді;
-
тепе-теңдікті сақтай отырып, көлбеу тақтайда жоғары-төмен жүреді және
жүгіреді;
-
сапта екеуден тұрып, сапты қайтадан түзеді; оңға, солға бұрылуды
орындайды.
54
ІІ ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ
Негізгі қимыл түрлері
Бұрын үйретілген жаттығуларды орындау біліктерін және
дағдыларын бекіту және жетілдіру.
Жүру. Сапта бір-бірден, екеуден; аяқтың ұшымен, өкшемен, табанмен,
табанның ішкі жағымен; тізені жоғары көтеріп; ұсақ және алшақ адымдап жүру.
Қозғалыс бағытын өзгертіп жүру, жыланша ирелеңдеп жүру, алға, қосымша
қадаммен алға, шет жағына жүру. Жүгірумен, секірумен, бағытты өзгертумен,
қарқынмен жүру. Басқа қимылдармен кезектестіріп, белгі бойынша тоқтап
жүру.
Жүгіру. Қалыпты, аяқтың ұшымен; тізені жоғары көтеріп; ұсақ және алшақ
адыммен; сапта бір-бірден және жұппен; түрлі бағытта (шеңбер бойынша,
жыланша ирелеңдеп, заттар арасымен), бытырап жүгіру. Жетекшінің
ауысуымен, қарқынды жылдамдатып және ақырын жүгіру. Жай қарқында
үздіксіз жүгіру; 40–60 метрге жүгіру. 5 метрден 3 рет жүгіру. Бірқалыпты
жүгіруді (ырғақтылық) дамыту. Түрлі бағытта жүгіру, қағып алып жүгіру.
Секіру. Бір орында тұрып қос аяқпен секіру; алға ұмтыла секіру; бір орында
тұрып оңға, солға бұрылып секіру; аяқты бірге, алшақ қойып, біреуін – алға,
екіншісін – артқа қойып, бір орында тұрып секіру. Затты жанау арқылы
орнынан жоғары секіру; биіктігі 5–10 см 2–3 заттың үстінен кезектесе секіру;
20–
25 см биіктіктен секіру; орнынан 70 см-ден кем емес ұзындыққа секіру; бір
орында тұрып, ұзындыққа 4–6 сызықтың үстінен секіру (сызықтардың
арақашықтығы 40–50 см). Бір аяқпен секіру. Қысқа секіртпемен секіру.
Дәлдеп лақтыру, қағып алу, лақтыру. Допты, құрсауды домалату. Допты
бір-біріне төменнен лақтыру, басынан асыра лақтыру және оны қағып алу;
допты қос қолымен басынан асыра және бір қолымен кедергі арқылы лақтыру
(2 м арақашықтық). Допты жоғары лақтыру, еденге ұру және оны қос қолымен
қағып алу; допты жерге ұру. Заттарды алысқа дәлдеп лақтыру (3,5–6,5 метрден
кем емес); затты тігінен (нысана ортасының биіктігі 1,5 м) 1,5–2 м
арақашықтықтан және көлденеңінен (2–2,5 м арақашықтықта) оң, сол қолмен
лақтыру.
Еңбектеу және өрмелеу. Көлденең және көлбеу орындықта төрттағандап
еңбектеу. Гимнастикалық орындықта қолдарымен тартылу арқылы ішімен
еңбектеу. Табан мен алақанға сүйеніп, төрттағандап еңбектеу. 50 см жоғары
көтерілген арқанның, доғаның, таяқтың астынан оң және сол бүйірмен алға
еңбектеп кіру. Бөрене, гимнастикалық орындық арқылы еңбектеп өту.
Гимнастикалық қабырға бойынша жоғары-төмен кезектескен қадаммен
өрмелеу, оң аралықтан сол аралыққа ауысу.
Тепе-теңдікті сақтауға жаттығулар. Сызықтар арасымен (10 см
арақашықтық); сызықпен; арқанмен (диаметрі 1,5 см); тақтаймен,
гимнастикалық орындықпен, бөренемен жүру. Қырлы тақтаймен жүру; көлбеу
тақтайда жоғары-төмен жүру және жүгіру. Бір-бірінен қашық қойылған
үрленген 5–6 доп арқылы кезекпен, қолдың түрлі қалпымен аттап өту. Түрлі
жағдайда тепе-теңдікті сақтау.
55
Сапқа тұру, сап құрылымын өзгертіп қайта тұру. Қатарға бір-бірден сапқа
тұру. Қатарға екеуден, үшеуден тұрып, сапты қайтадан құру; бағдар бойынша
теңелу; оңға, солға, айналу бұрылыстар; ажырату және жақындату.
Музыкалық-ырғақтық жаттығулар. Музыкалық сүйемелдеуге сәйкес
түрлі қарқында әртүрлі таныс дене жаттығуларын орындау.
Күтілетін нәтижелер:
-
түрлі тапсырмаларды орындау арқылы сапта жұбымен; қосалқы адыммен;
бағытты өзгерте отырып жүреді;
-
1,5 минут ішінде жай қарқында үздіксіз жүгіруді орындайды;
-
түрлі бағыттағы және түрлі бастапқы қалыптан ыршуды және секіруді
орындайды;
-
допты лақтырады және қағып алады; дәлдеп және тік нысанаға 2 м
қашықтықтан лақтырады;
-
түрлі тәсілдермен еңбектейді;
-
ойын кейіпкерлерінің биі және бейнелі қимылдарын орындайды.
І ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ
Жалпы дамытушы жаттығулар
Қолға және иыққа арналған жаттығулар
Қолды алға, екі жаққа, жоғары көтеру, тұрған қалыпта қолдарын арқасына
апару; саусақтарын бүгіп, қолдарын айналдыра қимылдауды орындау.
Жаттығуларды заттармен және заттарсыз орындау.
Кеудеге арналған жаттығулар
Екі қол белде, кезекпен екі жаққа бұрылғанда екі қолды екі жаққа жіберу.
Оңға, солға иілу, еңкею, шалқаю. Алға еңкею, қолдың ұшын аяқтың ұшына
жеткізу. Екі қолды белге қойып, екі жаққа иілу. Отырған және тізерлеп тұрған күйі
допты өз айналасында домалату.
Аяққа арналған жаттығулар
Аяқтың ұшымен көтерілу; екі аяқты кезекпен алға өкшемен, содан кейін
ұшымен қою, топылдату. Қатарынан 4–5 рет жүрелеп, екі қол белде, екі қолды
алдыңғы жақ пен екі тұсқа көтеріп, отыру. Аяқтың ұшын созу, табанды бүгу.
Спорттық жаттығулар
Шанамен сырғанау.Төбешіктен сырғанау, бірін-бірі сырғанату.
Сырғанау. Өздігінен мұзды жолмен сырғанау
Велосипед және самокат тебу.Үш дөңгелекті велосипед тебу. Оңға және
солға бұрылу.
Жүзуге дайындық. Суға түсу, судың ішінде ойнау. Судың ішінде отырып,
аяқты жоғары-төмен қозғап, қимылдар жасау. Судан шығу.
Спорттық ойындар элементтері
Кегельдер. Дұрыс бастапқы қалыппен допты лақтыру. Кегельдерді түрлі
қалыппен орналастыру.
Футбол. Берілген бағытта допты домалату. Допты қақпаға тебу.
Хоккей. Берілген бағытта шайбаны таяқпен сырғыту, оны қақпаға кіргізу.
Дербес қимыл әрекеті
56
Балалардың
ойындарын
доптармен,
құрсаулармен,
ойыншық-
қозғалтқыштармен ынталандыру, денешынықтыру мүліктерін, жабдықтарды,
спорттық және қимыл-қозғалыс ойындары үшін атрибуттарды қолдануына
қозғау салу. Жаттығуларды педагогпен бірге орындауға балаларды тарту,
қимылдық ойындарға қатысуға қызығушылығын ынталандыру.
Шынықтыру және сауықтыру жұмыстары
Жалпы және жергілікті сумен өткізілетін шараларды жалғастыру:
дымқылды сүрту, аяққа, денеге суды құю. Бөлмені жүйелі желдету, 20–21°С
ішінде ауа температурасын сақтап тұру. Таңғы гимнастика. Массаж.
Сауықтыру жүгірісі, жұтқыншақты шынықтыру, жалаңаяқ жүру.
Күтілетін нәтижелер:
-
гигиеналық шараларды орындаудың реттілігін біледі;
-
негізгі қимылдарды орындаудың қимылдық дағдыларына ие;
-
дене жаттығулары мен сауықтыру шараларына қызығушылық танытады;
-
педагогтың ауызша тапсырмасымен ертеңгілік жаттығулардың
кешендерін орындайды;
-
қажетті бастапқы қалыпта болады, жаттығуларды орындаудың бірізділігін
сақтайды;
-
өзбетінше түрлі ойындар ойнайды, барлық ойын ережелерін сақтай алады;
-
спорттық ойындардың элементтерімен танысады.
ІІ ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ
Жалпы дамытушы жаттығулар
Қолға және иыққа арналған жаттығулар
Қолдарды басқа қою, оларды екі жаққа созу және түсіру. Орындықтың
арқасына, қабырғаға арқасымен сүйене отырып, қолды екі жақтан жоғары
көтеру, таяқты (құрсау) жоғары көтеру, иықтан асырып түсіру, бастапқы
қалыптан қолдарды буынынан жан-жағына айналдыру.
Кеудеге арналған жаттығулар
Отырған күйі арт жаққа қолмен сүйене отырып, екі аяқты жоғары көтеру, бүгу
және жазу, төмен түсіру. Кезекпен аяқты бүгу және жазу, көтеру және түсіру. Зат
ұстаған қолдарын созған қалыппен шалқасынан жатқан күйі етпетіне бұрылып
жату. Етпетінен жатқан қалпы иығын, басын, қолдарын алға созып көтеру.
Аяққа арналған жаттығулар
Тізесін бүгіп тұрып, аяқтарды кезекпен көтеру. Өкшемен таяқтың, арқанның
үстіне, аяқтың ұшымен еденге сүйене отырып, қырындап жүру. Аяқтың
саусақтарымен жіпті жинау; құмы бар қаптарды іліп алып, бір орыннан басқа
орынға ауыстыру. Жалғамалы қадаммен жүру. Тұрған қалыпта аяқ
саусақтарымен орамал және басқа ұсақ заттарды іліп алып оларды басқа
орындарға қою. Аяқ өкшесін айналдыру.
Спорттық жаттығулар
Шанамен сырғанау. Шанамен төбешікке көтерілу, төмен түсіп келе жатып
тежеу.
Сырғанау. Өз бетінше мұз жолмен сырғанау
57
Велосипед және самокат тебу. Екі дөңгелекті велосипед тебу. Оңға және
солға бұрылыс жасау. Самокат тебу.
Жүзуге дайындық. Иекке, көзге дейін суға батырып отыру. Судан шығу.
Суға бетін батыру. Суға басын батырып отыру. Өз еркімен жүзуге талпыну.
Спорттық ойындар элементтері
Кегельдер. Дұрыс бастапқы қалыппен допты лақтыру. Кегельдерді түрлі
жағдайда қою. 1,5–2 м арақашықтықтан кегельдерді соғу.
Футбол. Берілген бағытта допты домалату. Допты қақпаға кіргізу. Допты
бір-біріне аяқпен беру.
Хоккей. Берілген бағытта шайбаны таяқпен сырғыту, оны қақпаға кіргізу.
Шайбаны бір-біріне сырғыту.
Дербес қимыл әрекеті
Балалардың
ойындарын
доптармен,
құрсаулармен,
ойыншық-
қозғалтқыштармен ынталандыру, дене шынықтыру мүліктерін, жабдықтарды,
спорттық және қимыл-қозғалыс ойындары үшін атрибуттарды қолдануға қозғау
салу. Жаттығуларды педагогпен бірге орындауға балаларды тарту, қимылдық
ойындарға қатысуға қызығушылығын ынталандыру. Баланың жас және жеке
ерекшеліктерін ескере отырып, ағзаға түсетін дене жүктемесін реттеу. Ауа
райына қарай далада балалардың қимылдық әрекеті үшін жағдайлар жасау.
Шынықтыру және сауықтыру жұмыстары
Жалпы және жергілікті сумен өткізілетін шараларды жалғастыру:
дымқылды сүрту, аяққа, денеге суды құю. Бөлмені жүйелі желдету, 20–21°С
ішінде ауа температурасын сақтап тұру. Таңғы гимнастика. Массаж.
Сауықтыру жүгірісі, жұтқыншақты шынықтыру, жалаңаяқ жүру.
Күтілетін нәтижелер:
-
орындау реттілігін сақтай отырып гигиеналық шараларды өздігінен
орындай алады;
-
қимылдық дағдыларды игерген және негізгі қимылдарды орындау
техникасы жетілген;
-
дене жаттығулары мен шынықтыру шараларына қызығушылық танытады;
-
педагогтың ауызша тапсырмасымен ертеңгілік жаттығулардың
кешендерін орындайды;
-
қажетті бастапқы қалыпта болады, жаттығуларды орындаудың бірізділігін
сақтайды;
-
өзбетінше түрлі ойындар ойнайды, барлық ойын ережелерін сақтай алады;
-
түрлі ойындарды өз бетінше ойнайды және ойын ережелерін сақтайды;
-
спорттық ойындардың элементтерін біледі.
Достарыңызбен бөлісу: |