БАҒдарламасы астана 2016 2 Жоба Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Мектепке дейінгі балалық шақ»


Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру



Pdf көрінісі
бет8/11
Дата28.12.2016
өлшемі0,85 Mb.
#626
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру 
Жиынтық  
Балалардың  жиынтық  сапасы  бойынша  әртүрлі  заттардан  тұратындығы 
туралы ұғымдарын жетілдіру.  
Осы  заттардың  сыңарларын  қою  негізінде  салыстырып,  теңдігін  немесе 
теңсіздігін анықтау іскерліне жаттықтыруды жалғастыру.  
Сан және есеп  

67 
 
5-
ке дейін тура және кері санауды жетілдіру.  
Теңдікті кем топқа үстемелей отырып немесе артық топтан бір затты алып 
тастай  отырып,  екі  тәсілмен  орнатуға,  «Қанша  еді?»,  «Қаншасы  қалды?» 
сұрақтарына  жауап  беруге  үйрету.  Топтарды  салыстыру  негізінде  сандық 
мәндерді дұрыс талдап қорыта білуді дамыту. 
Әртүрлі  сезім  мүшелерінің  көмегімен  санау  дағдысын  дамытуд  ы 
жалғастыру(көру, есту, иіс сезу).  
Көлем 
Ұзындығы,  ені,  биіктігі,  жуандығы  бойынша  беттестіру  және  жанына  қою 
арқылы екі қарама-қарсы және бірдей заттарды салыстыру дағдысын бекіту.  
Геометриялық пішіндер  
Геометриялық пішіндерді; шеңбер, шаршы және үшбұрыш тану және атау, 
пішіндердің пішінін сипап-сезу және көру тәсілдерімен зерттеу.  
Кеңістікте бағдарлау 
Өзінің  дене  бөліктерінің  орналасуын  бағдарлау  дағдыларын  бекіту,  өзіне 
тікелей жақын кеңістік бағыттарын анықтау. 
Уақытты бағдарлау  
Тәуліктің  қарама-қарсы  бөліктерін  анықтау  және  тану  дағдыларын 
қалыптастыру.  
Күтілетін нәтижелер: 

тәулік бөліктерін: таңертең, күндіз, кеш күндер бүгін, кеше, ертең жылдам, 
баяу ұғымдарын атайды; 

өзіне қатысты кеңістіктегі заттардың орналасуын анықтай алады; 

жасалған  әрекеттердің  көмегімен  түрлі  мәселерді  шешудің  әдістерін 
табады, қарапайым себеп-салдарлық байланыстарды белгілейді. 
 
Құрастыру 
Құрылыс материалдарынан құрастыру 
Құрылыс материалдарының негізгі бөліктерін, олардың бөлшектерін атау 
дағдыларын қалыптастыру, оларды көлемі, түсі бойынша тану. Құрылыстарды 
құру  кезінде  мазмұны  бойынша  біріктіре  және  онымен  ойнай  отырып 
шығармашылық қиялдау дағдыларын қалыптастыру.  
Ұжымдық құрылыстарды құрастыра білуін қалыптастыру.  
Дағдыларды қалыптастыру: 
-
 
олардың  құрылымдық  қасиеттерін  ескере  отырып  пайдалану,  құрылыс 
бөлшектерін ажырату және атау;  
-
 
жеке  және  ұжымдық  іс-әрекет  дағдыларын  бекіту,  құрылысты  жалпы 
оймен біріктіру; 
-
 
құрдастар арасында міндеттерді бөлісу; 
-
 
қағаздан орамдар, жиектер, кесектер жасау; 
-
 
бөлшектерді өзара желімдеу, композиция құрастыру; 
-
 
әртүрлі «пластик» түріндегі үлгілер жасау; 
-
 
қағаздан «оригами» (кораблик) типі бойынша қарапайым пішіндер жасау.  
Табиғи және қалдық материалдардан құрастыру 

68 
 
Балаларды  қалдық  материалдардан  бұйым  жасауға  баулу.  Бөліктерді 
біріктіру  үшін  желімді  пайдалану.  Шығармашылық  қиялдауды  дамыту, 
көрнекілікке сүйене отырып зат жасау.  
Конструктор бөліктерінен құрастыру  
Конструктормен  ойын  ойнау  үшін  құрылыстарды  құру  дағдыларын 
жетілдіру, бөлшектерді бекіту мен құрылыстарды құру тәсілдерін жетілдіру. 
 
Күтілетін нәтижелер: 

заттарды  атайды  және  ажыратады,  олардың  көлемін,  түсін,  формасын, 
жасалған материалын анықтайды, оларды топтай алады; 

құрылыс  бөлшектерін  ажырату  және  атау,  олардың  құрылымдық 
қасиеттерін ескере отырып пайдалану; 
 - 
өздерінің құрылыстарымен ойнай алады. 
 
Қоршаған ортамен таныстыру 
Бала, оның отбасы, үйі  
Отбасы  туралы,  отбасының  ересек  мүшелерінің  еңбегі  туралы  білімдерін 
жетілдіру.  Отбасының  ересек  және  кіші  мүшелеріне  сыйластықпен  және 
қамқорлықпен  қарым-қатынас  жасауға  тәрбиелеу.  Отбасындағы  сүйікті 
адамдары,  отбасылық  мерекелері,  дәстүрлері  туралы  өз  бетінше  әңгімелеу 
дағдыларын қалыптастыру. Балалардың отбасылық мерекелер мен салтанаттарға 
даярлыққа қатысу ниетін дағдыландыру.  
Ойын  жағдаяттарында  отбасы  бөлмелерін  орналастыру:  отбасылық 
қатынастарды  және  отбасындағы  ересектер  еңбегін  сипаттайтын  ойын 
әрекеттерін орындау.  
Заттық әлем  
Қоршаған  заттар,  олардың  қасиеттері  және  міндеттері  туралы  білімдерін 
жетілдіру.  
Материалды ескере отырып, заттар мен нысандарды іріктеу, топтастыру, 
тануды үйрету.  
Балаларды  ұлттық  киімді,  тұрмыс  заттары  мен  әшекейлерді  даярлаумен 
таныстыруды жалғастыру.  
Ойыншықтарға, кітапқа, ыдысқа ұқыпты қарау дағдыларын тәрбиелеу.  
Байланыс және қозғалыс құралдары  
Әртүрлі көлік құралдары мен оларды басқаратын адамдар туралы білімдерін 
жетілдіру.  
Көлікпен  жұмыс  істейтін  адамдарға  сыйластықпен  қатынас  жасауға 
тәрбиелеу.  
Ересектердің еңбегі 
Ересектер еңбегі туралы білімдерін жетілдіру. Ауыл шаруашылығындағы 
ересектер еңбегі туралы білімдерді қалыптастыру.  
Балабақша  қызметкерлерінің  еңбегі  туралы  білімдерін  бекіту,  оған 
сыйластықпен қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу.  
Астық өңдеу еңбегі туралы білімдерін қалыптастыру. Нанға және азық-түлік 
өнімдеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу.  
Менің Отаным – Қазақстан 

69 
 
Қазақстан  Республикасы  туралы,  әртүрлі  ұлт  өкілдері  туралы  білімін 
фотосуреттерді,  халық  өмірі  туралы  картиналарды,  ұлттық  сәндік  өнер 
бойынша  альбомдарды,  тұрмыстық  заттар  мен  ұлттық  стильде  жасалған 
киімдерді пайдалана отырып жетілдіру.  
Қазақстан мәдениетінің қайнар көзіне баулу.  
Жолда жүру ережелері  
Бағдаршам  түстік  белгілеріне  сәйкес  көшеден  өту  туралы  дағдыларын 
жетілдіру.  
Жаяу  жүргіншілер  үшін  ережелер,  «Жаяу  жүргінші  өткелі»  жол  белгісі 
туралы білімдерін кеңейту. 
Іздеу зерттеу әрекеті  
Дағдыларды қалыптастыру: 
-
 
қарапайым тәжірибелер мен зерттеу жүргізу, қарапайым себеп-салдарлық 
байланыстарды орнату 
-
 
заттарды белгілі реттілікпен орналастыру; 
-
 
түрлі  материалдар    олардың  сапалары  мен  қасиеттері  туралы  білімін 
жетілдіру; 
-
 
бастаған ісін аяғына дейін жеткізу. 
Қарапайым  тәжірибелерді  жүргізуге  қызығушылық  пен  назар  аударуға 
тәрбиелеу. 
 
Өлі табиғат нысандары туралы балалардың білімдерін бекіту.  
Табиғаттағы  ауа-райының  жағдайын  бақылау  және  бақылаулардың 
нәтижелерін табиғат күнтізбесінде белгілеу. 
Балабақша аумағы мен таяу маңдағы өсімдіктерді атауға үйрету. 
Көкөністер мен жемістердің, бөлме өсімдіктерінің, ағаштар мен бұталардың  
3-
4 түрін атауды үйрету. 
Өсімдік әлеміне мұқият және қамқор қатынас жасауға тәрбиелеу.  
Балаларды  табиғат  бұрышындағы  өсімдіктер  мен  жануарларға  күтім 
жасауға баулу. 
Күтілетін нәтижелер:   
-
 
заттарды, олардың қасиеттерін атайды; 
-
 
әртүрлі көлік түрлерін атайды; 
-
 
 
бірқатар мамандықтардың атауын, мазмұны мен мәнін біледі; 
-
 
қарапайым жолда жүру ережелерін біледі; 
-
 
өз елінің, туған қаласының (ауылының) атауын біледі; 
-
 
өз елінің мемлекеттік рәміздерін атайды;  
-
 
әскердің міндетін біледі;  
-
 
қарапайым зерттеуге қызығушылық пен құштарлық танытады;  
-
 
жасалған әрекеттер көмегімен түрлі мәселелерді шешеді, қарапайым себеп-
салдарлық байланыстарды орнатады; 
-
 
жаңа ақпаратты алудың қажеттілігін түсінеді; 
-
 
үй жануарлары мен жабайы жануарлардың, қыстайтын және ұшып кететін 
құстардың,  жәндіктердің,  өсімдіктер,  бұталар  мен  ағаштардың    3–4  түрін 
атайды және ажыратады;  

70 
 
-
 
табиғатта өзін ұстаудың қарапайым ережелерін біледі.  
 
«Шығармашылық» білім беру саласы  
«Шығармашылық» білім беру саласының базалық мазмұны:  
-
 
сурет салу;  
-
 
мүсіндеу;  
-
 
жапсыру;  
-
 
музыка ұйымдастырылған оқу әрекеттерінде іске асырылады.  
Мақсаты:  Сезімдік-эмоциялық  қасиеттер  мен    эстетикалық  талғамды 
қалыптастыру. Шығармашылық ойлауы мен қиялдауын дамыту. 
Қарапайым  заттар,  құбылыстар,  ертегі  кейіпкерлерін  бейнелеуде  біліктер 
мен дағдыларды қалыптастыру, пішінді, түсті, заттардың орналасуын беру. 
Өнер  туындыларымен,  халық  ойыншықтарымен  және  қазақ  және  басқа 
халықтардың сәндік қолданбалы өнері туындыларымен таныстыру барысында 
эстетикалық қабылдауды дамыту.  
Қоршаған шындықтың эстетикалық жағына қызығушылықты, балалардың 
өз  ойын  айтуға  және  музыкалық  қабілеттерін  дамытуға  сураныстарын 
қанағаттандыруға,  өнімді  әрекетті  дамыту  арқылы  музыканы  эмоциялы 
қабылдау қабілеттілігіне тәрбиелеу.  
 
І ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ 
Сурет салу 
Заттық сурет салу 
Әртүрлі  бағыттағы  тура  сызықтар  мен  олардың  қиылысуын  жүргізе  білуді 
қалыптастыру.  
Дағдыларды қалыптастыру: 

көкөністер мен жемістерді, ыдыстар, ойыншықтар, жануарларды бейнелеу; 

дөңгелек пішінді заттарды салу; 

техникалық дағдылар мен біліктерді игеру.  
Мазмұнды сурет салу 
Эмоциялы-эстетикалық  талғам  дағдыларына  баулу:  қоршаған  ортаның 
әсемдігіне,  өнер  туындыларына,  тұрмыстық  заттарға,  қазақ  және  басқа 
халықтардың ойыншықтарына.  
Қарапайым  табиғат  құбылыстарын,  ертегі  кейіпкерлерін    бейнелеуге 
қызығушылыққа тәрбиелеу. 
Сәндік сурет салу 
Дағдыларды қалыптастыру: 
-
 
элементтердің пішінін, реттілігін, олардың арасындағы қашықтықты ескере 
отырып, жазықтықта оюларды орналастыру; 
-
 
қазақ оюының кейбір элементтерін салу. 
Күтілетін нәтижелер:   
-
 
үлгі бойынша олардың өзіне тән ерекшеліктерін: пішінін, пропорциясын және 
заттар мен олардың бөліктерінің орналасуын ескере отырып, сурет салады; 
-
 
көкөністер,  жемістер,  ыдыс,  ойыншық,  жануарлар  пішінін,  таныс 
ертегілердің желісін салады; 

71 
 
-
 
қазақ оюының бөліктері туралы ұығмдары бар; 
-
 
сурет  салудың  техникалық  дағдыларына  ие:  қылқаламның  ұшымен  салу, 
жақпаларды  ырғақты  түрде,  штрихтарды  пішіні  бойынша  жағу,  қылқаламмен 
жалпақ,  жіңішке  сызықтарды,  қылқаламның  басымен  және  артқы  ұшымен 
нүктелерді жүргізу. 
 
Мүсіндеу 
Заттық мүсіндеу 
Мүсіндеу дағдыларын қалыптастыру: 
-
 
түрлі пішіндегі таныс заттарды және өзіне тән ерекшеліктерін ескере отырып, 
үлгісі мен елестетуі бойынша көлемін; 
-
 
пропорцияларды сақтап, саусақ пен алақан қозғалыстарын пайдалана отырып 
екі бөліктен тұратын заттарды;  
-
 
адам пішінін;  
-
 
әртүрлі  тәсілдерді  пайдалана  отырып  ермексаз,  сазбалшық,  қамыр  
кесектерінен; 
-
 
заттарды  толық  пішіні  алынғанға  дейін  немесе  жайылған  пішінінің 
жиектері иілгенге дейін сығымдау. 
Мазмұнды мүсіндеу  
Балалардың көлемді пішіндер мен қарапайым композицияларды мүсіндеуге 
қызығушылығын тәрбиелеу.  
Сәндік мүсіндеу  
Балаларды  тұрмыстық  заттар  мен  бейнелі  ойыншықтарды  мүсіндеуге 
қызығушылығын тәрбиелеу.  
Халықтық  ойыншықтары  туралы  білімдерін  кеңейту,  халық 
шығармашылығының  желісі  бойынша  бейнелер  жасау.  Балаларды  халық 
шеберлерінің еңбектерімен таныстыру, халық бұйымдарының желісі бойынша 
ыдыстарды мүсіндеуге үйрету.  
Пышақты қолдануды таныстыру. Пышақтың көмегімен жасалған бұйымды 
безендіруге тырысуын ынталандыру. Ұқыпты мүсіндеу әдістерін бекіту.  
 
Күтілетін нәтижелер:   

түрлі  пішіндегі  және  көлемдегі  таныс  заттарды  өзіне  тән  ерекшеліктерін 
ескере отырып, мүсіндейді; 

түрлі тәсілдерді қолданып, пропорцияларды сақтайды; 

адамның пішінін (дене бөліктерін: бас, кеуде, қолдары, аяқтары) мүсіндей 
алады; 

халық  шығармашылығының  желісі  бойынша  тұрмыстық  заттар  мен 
ойыншықтардың бейнелерін мүсіндеуге қызығушылық танытады; 

халық шеберлерінің еңбектері туралы ұғымдарға ие; 

пышақты қолдана алады, пышақпен түрлі безендірулер жасай алады. 
 
Жапсыру 
Заттық жапсыру 

72 
 
Қайшыны дұрыс ұстау және пайдалана білуді қалыптастыру. Түзу сызықпен 
алдымен қысқа содан соң ұзын жолақтарды қиюды үйрету.  
Текшеден дөңгелек пішін, тікбұрыштан бұрыштарын бүктеу арқылы сопақ 
пішін  қиюға  үйрету.  Ерсектердің  көмегімен  бөліктерді  желімдеуге  үйрету. 
Желімді, сүлгіні қолдануды үйрету.  
Мазмұнды жапсыру  
Барынша  күрделі  заттарды,  жануарлар  пішінін  бейнелеу,  заттарды  қағаз 
бетінде  орналастыру  дағдыларын  қалыптастыру.  Композицияны  құрастыру 
кезінде заттар мен нысандардың көлемі бойынша арақатынасын ескеру.  
Дөңгелектерді  және  сопақша  пішіндерді  қию  дағдыларын  жетілдіру.  Тар 
жолақтарды көлденеңінен қию, шаршыдағы бұрыштарды қиюды бекіту.  
Сәндік жапсыру  
Геометриялық  пішіндерден  ою-өрнектерді  және  жолақтағы  өсімдік 
өрнектерін  халықтық  өнер  түрлері  бойынша  бірізділігін  ескере  отырып 
құрастыру  дағдыларын  қалыптастыру.  Қазақ  халқының  сәндік-қолданбалы 
өнерімен таныстыру. 
Күтілетін нәтижелер:   
-
 
қайшыны дұрыс ұстайды және пайдаланады; 
-
 
қысқа және ұзын жолақтарды, дөңгелек пішіндерді қияды; 
-
 
жеке бөліктерді жапсырады; 
-
 
жануарлардың пішінін бейнелей алады; 
-
 
көлемі  бойынша  заттар  мен  нысандардың  арақатынасын  ескеріп 
композициялар жасай алады; 
-
 
жолаққа геометриялық пішіндер мен өсімдік өрнектерінен өрнектер жасай 
алады; 
-
 
қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерін біледі. 
-
 
желімді, сүлгіні қолдана алады; 
 
ІІ ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ 
Сурет салу 
Заттық сурет салу 
Заттардың  үлгі  бойынша  олардың  өзіне  тән  ерекшеліктерін:  пішінін, 
пропорциясын және заттар мен олардың бөліктерінің орналасуын ескере отырып 
сурет салуға үйрету.  
Көлемі бойынша олардың арақатынасын ескеріп, заттар мен жануарлардың 
пішінін бейнелей білуді бекіту.  
Сурет салудың техникалық дағдыларын жетілдіру. 
Суретте ашық және солғын түстерді пайдалану. 
Мазмұнды сурет салу 
Заттарды қағаз бетіне тұтастай орналастыра отырып, мазмұнды композиция 
салу, дағдыларын дамыту. Ағаштар мен жануарларды олардың ерекшеліктерін 
ескере отырып, салуға үйрету.  
Сәндік сурет салу 

73 
 
Дөңгелек  және  сопақша  пішіндегі  ою-өрнекті  құрастыру,  ұлттық  ою-
өрнектерді  қазақы  ою-өрнектердің  элементтерін  пайдалану  дағдыларын 
жетілдіру. 
Пішінін  ескере  отырып,  ою-өрнекті  орналастыру,  элементтер  бірізділігін 
олардың  арасындағы  арақашықтықтарды  сақтау,  екі,  үш  элементтерді  түсі  мен 
пішіні бойынша кезектестіру дағдыларын қалыптастыру.  
Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері туралы білімдерін кеңейту.  
Күтілетін нәтижелер:   
-
 
сурет салу техникасын игерген; 
-
 
заттардың  үлгі  бойынша  олардың  өзіне  тән  ерекшеліктерін:  пішінін, 
пропорциясын және заттар мен олардың бөліктерінің орналасуын ескере отырып 
салады; 
-
 
көлемі бойынша олардың арақатынасын ескеріп, заттар мен жануарлардың 
пішінін бейнелейді 
-
 
суретте ашық және солғын түстерді пайдаланады; 
-
 
мазмұнды композицияның бейнесін салу дағдыларына ие; 
-
 
ерекшеліктерін ескере отырып, ағаштар мен жануарларды салады; 
-
 
дөңгелек және сопақша пішіндегі өрнектерді салады; 
-
 
екі,  үш  элементтерді  түсі  мен  пішіні  бойынша  ауыстыруды  ескеріп,  қазақ 
оюларының элементтерін қолдана алады; 
-
 
қарапайым үлттық өрнектерді құрастыру кезінде ашық түстерді қолданады; 
-
 
қоршаған ортаның әсемдігін эмоциялы қабылдайды. 
 
Мүсіндеу 
Мүсіндеу техникасын жетілдіру 
Заттық мүсіндеу 
Дағдыларды қалыптастыру: 
-
 
жануарлардың мүсінін жасаудың әртүрлі тәсілдерін пайдалану; 
-
 
бірнеше  бөліктерден  заттарды  мүсіндеу,  оларды  орналастыру, 
пропорцияларды сақтау, бөліктерді біріктіру.  
-
 
жұмыста пышақты қолдану.  
Мазмұнды мүсіндеу 
Дағдыларды қалыптастыру: 
-
 
ертегілер мен қоршаған өмір тақырыптарына мазмұндық композициялар 
құру; 
-
 
ұжымдық жұмыстарды орындау, міндеттемелерді өзара бөлісу; 
-
 
 
мүсіндеудің  таныс  тәсілдерін  пайдалана  отырып,  сазбалшықтан, 
қамырдан, ермексаздан мусіндеу.  
Сәндік мүсіндеу  
Тұрмыстық  заттарды  мүсіндеуге  қызығушылықты  тәрбиелеу.  Халық 
шеберлерінің  еңбегі  туралы  білімін  кеңейту,  саздан  жасалған  халықтық 
бұйымдардың  желісі  бойынша  ыдыстарды  мүсіндеу  дағдыларын  бекіту. 
Жартылай  пішінді  алу  үшін  сазбалшықтың  тұтас  кесегінен  мүсіндеу 
дағдыларын қалыптастыру. 
Күтілетін нәтижелер: 

74 
 

мүсіндеу техникасын, пышақты игерген;   

жануарлардың мүсінін жасаудың әртүрлі тәсілдерін пайдаланады; 

пропорцияны  ескеріп,  бірнеше  бөліктерден  тұратын  элементтерді 
біріктіреді; 
-  
ертегілер мен қоршаған өмір тақырыптарына мазмұндық композициялар 
құрады; 
 - 
ұжымдық жұмысқа қатысады; 
 - 
тұрмыстық заттарды бейнелеуге қызығушылық танытады; 

халық шеберлерінің еңбектері туралы ұғымдарға ие; 

халықтық бұйымдардың желісі бойынша ыдыстарды мүсіндеу дағдыларын 
игерген; 

жартылай пішінді алу үшін сазбалшықты жаю тәсілдеріне ие; 

қоршаған әлемнің әсемдігін эмоциямен қабылдайды. 
 
Жапсыру 
Жапсыру  мазмұнын  күрделі  ете  және  әртүрлі  бейнелерді  жасау  үшін 
мүмкіндіктерді кеңейте отырып оған қызығушылықты тәрбиелеу. 
Заттық жапсыру 
Дағдыларды бекіту: 
-
 
барынша  күрделі  заттар  мен  жануарлардың  пішіндерінің  жапсыру 
дағдысын; 
-
 
қағаз бетінде бейнелерді құрастыру, одан кейін оларды желімдеу;  
-
 
қайшымен жұмыс; 
-
 
шаршы  мен  төртбұрышты  екі  бөлікке  қию,  жіңішке  жолақтарды 
көлденеңінен қию.  
Желіммен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру.  
Мазмұнды жапсыру  
Дағдыларды қалыптастыру және дамыту: 
-
 
ұжымдық мазмұнды композицияны құрастыру; 
-
 
заттарды қағаз бетіне тұтастай орналастыру; 
-
 
дөңгелектер мен сопақтарды қию; 
-
 
ұсақ  элементтерді  ересектердің  көмегімен  желімдеу,  алдымен  қағаз 
бетінде зат бейнелерін құрастырып, содан кейін оны желімдеу.  
Сәндік жапсыру  
Дағдыларды қалыптастыру және дамыту: 
-
 
ересектердің көмегімен қағаз бетінде дөңгелек және сопақша пішіндегі ою-
өрнекті құрастыру;  
-
 
элементтер  реттілігін,  олардың  арасындағы  арақашықтықты  сақтауды, 
пішінін  ескере  отырып  ұлттық  ою-өрнекті  пайдаланып,  ұлттық  ыдыстарды 
безендіру.  
Қазақ  халқының  сәндік  қолданбалы  өнерімен  таныстыру.  Панно  даярлау, 
балалардың  ойы  бойынша  сәндік  композицияларды  орындау  дағдыларын 
қалыптастыру.  
Күтілетін нәтижелер:  
-
 
қайшыны дұрыс ұстайды және оны пайдалана алады; 

75 
 
-
 
бірнеше бөліктерден тұратын заттарды орналастырады және желімдейді; 
-
 
қазақ ою бөліктерінен, өсімдік және геометриялық пішіндерден өрнектер 
жасайды, оларды кезектестіріп ретімен желімдейді; 
-
 
ұжымдық жұмыстарды орындауға қатысады; 
-
 
олардың  арасындағы  арақашықтықты  сақтауды,  пішінін  ескере  отырып 
ұлттық ою-өрнекті пайдаланып, ұлттық ыдыстарды безендіреді;  
-
 
панно  даярлау  ұғымдары  бар,  балалардың  ойы  бойынша  сәндік 
композицияларды орындайды; 
-
 
қоршаған ортаның әсемдігін эмоциямен қабылдайды; 
-
 
бейнелеу өнерінің мынадай түрлерін көркем сурет, мүсіндеу, халық өнері 
туралы ұғымдарға ие. 
 
  
І ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ 
Музыка 
Музыка тыңдау 
Дағдыларды қалыптастыру: 

 
әртүрлі сипаттағы, қарқындағы музыканы қабылдау, музыкаға деген өзіндік 
қатынасын, ол туралы пікірін айту.  

 
әуендерді немесе музыкалық шығармаларды орындау кезінде пьесаларды 
тану және атау; 

 
пьесалардың,  әндердің  жекелеген  эпизодтарын  көргендегі  және 
музыкалық бейнелерінің арақатынасын тану және атау, тыңдауды иллюстрация 
көрсетумен қатар жүргізу; 

 
тыңдауды қозғалысты көрсетумен бірге алып жүре отырып, музыкалық 
бейне мен қозғалыс тәжірибесінің арақатынасы; 

 
халықтық домбыра аспабының дауысын қабылдау.  
Ән айту 
Әртүрлі  сипаттағы әндерді  қабылдау,  әуенді  дұрыс, нақты  интонациялау, 
сөздерді дәл айту дағдыларын қалыптастыру.  
Дауыс пен есту қабілетін дамытуға арналған жаттығуларды қысқа әндер мен 
кішігірім  әуендерді  айту  арқылы  дағдыны  жетілдіру,  дауыстап  және  төмен 
дауыспен ән салу, қол қозғалысымен көрсету. 
Дұрыс  ән  айту,  ән  сипатын  ұғыну,  әннің  көңіл  күйін  бере  білуге  үйрету. 
Хормен,  күш  түсірмей,  сөздер  мен  дыбыстарды  таза  және  анық,  музыкалық 
сүйемелдеуден кейін ән айту дағдыларын қалыптастыру. 
Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар 
Би  қимылдары,  ойындық  музыкалық  қимылдарды  орындау  дағдыларын 
қалыптастыру. 
Жаттығулар: марш сипатын ырғақты жүріспен беру, музыканың қимылдық 
сипатын – жеңіл, ырғақты жүгірумен, жүрелеп отыруды ырғақты орындаумен, 
қимылды  музыкамен  сәйкестендіру,  музыканың  екінші  бөлігінде  қимылды 
өзгерту. Музыканың ырғағын дәл бере отырып, қимылды ырғақпен қос аяқпен 
еркін және жеңіл секіру. 

76 
 
Билер:  музыканың  көңілді  би  сипатын  қабылдауға  үйрету;  музыканың 
кіріспесін ажырату, содан кейін қимылды бастау, музыканың сипатына сәйкес 
қимылдарды  ауыстыру,  би  қимылдарының,  билердің,  ойындар  мен 
хороводтардың атауларын есте сақтау. 
Ойындар  мен  хороводтар:  әннің  мәтініне  сәйкес  оларды  ойын 
қимылдарымен  сүйемелдей  отырып,  әнді  көңілді  және  емін-еркін  орындауға 
үйрету,  хороводты  шеңбер  бойымен  жүргізу,  музыкалық  фразаларға  сәйкес 
қимылдарды  өзгерту,  шапшаңдық  пен  икемділік  таныту,  пьесаның  соңын 
белгілеу, халықтық ойынның көңілді сипатын беру, дыбыстарды жоғарылығы 
бойынша  ажырату, үлкен шеңберге және шашырап тұру. 
Балалар музыкалық аспаптарында ойнау  
Дағдыларды қалыптастыру: 

 
фортепиано  сүйемелдеуіндегі  балалар  музыкалық  аспабында  ересектер 
орындауындағы би әуенін тыңдау; 

 
әуеннің сипатын тану: әннің қайырмасын орындау кезінде күрделі емес 
ырғақтық бейнені орындап, сылдырмақтармен ойнау, музыканың тактісімен 
алақандарды соғу; 

 
түрлі жанрдағы музыканы қабылдау және анықтау. 
Күтілетін нәтижелер:  

 
әуен немесе музыканың кіріспесі бойынша таныс әндерді таниды; 

 
олардың мазмұндары туралы айта алады; 

 
дыбысты  жоғарылығы  бойынша  ажыратады,  созыңқы  айтады,  сөздерді 
анық айтады; 

 
 
жоғары  және  төмен  қолының  қимылымен  көрсетіп,  әуенді  және 
қайырмасын айтады, кіріспеден соң бастайды; 

 
сап түзеп жүреді, жүрелеп жүреді, музыканың ырғағын дәл бере отырып, 
қимылды қарқында қос аяқпен жеңіл және еркін секіреді;  

 
би  сипатындағы  музыканы  эмоциялы  түрде  қабылдайды,  қоршаған 
ортаның әсемдігін аңғарады; 

 
бидің, музыкалық ырғақтың қимылдарын орындайды;  

 
билеу кезінде үлкен шеңберге тұра біледі; 

 
музыкалық ойыншықтар мен аспаптарды біледі. 
 
II ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет