Мүсіндеу
Дағдыларын қалыптастыру:
-
шыны аяқ, табақты илеп жасауда саз кесегін саусақпен басып,
тереңдетуге;
-
заттардың ұқсастықтарын табу;
-
кесектерді біріктіруге үйрету;
-
қуыршаққа арналған әшекейлер: білезік, жүзік, қолсағаттар.
Илеуге арналған материалдарды қолдану ережелерін бекіту:
-
арнайы тақтайша үстінде илеу;
-
қолды дымқыл шүберекпен сүрту;
-
дайын болған бұйымды тұғырға орналастыру;
-
жұмыстан кейін материалдарды жинау.
Күтілетін нәтижелер:
-
сазбалшықтың кесегін алақан арасына салып илей алады (шар), жоғарғы
бөлігін саусақпен басып тереңдету (қуыршақтарға арналған печенье);
-
түрлі пішіндерді біріктіру әдісімен заттарды мүсіндейді;
-
мүсінделген пішіндерді өзіне таныс заттармен байланыстырады;
-
мүсіндеудің техникалық дағдыларын біледі және қолданады;
-
халықтық ойыншықтарды қарастыру барысында қуаныш білдіреді,
олардың ашықтығын, әдемілігін атап көрсетеді.
I
ЖАРТЫ ЖЫЛДЫҚ
Музыка
Музыка тыңдау
Музыка тыңдауға қызығушылықты және түрлі жанрлы музыкалық
шығармаларды: ән, полька, марш, вальс, баяу және көңілді әндер тыңдау
ережесін сақтауды қалыптастыру.
Әннің мағынасын түсіну, қоңыраулардың жоғары және төмен дыбысталуын,
фортепианоның дыбысталуын, түрлі ырғақты, түрлі музыкалық аспаптарда
орындалған таныс әуендерді тыңдау, бұл әуендерді тани білу дағдыларын
қалыптастыру.
Жаңа әндерді музыкалық-қимылдық көрсетусіз тыңдау.
Ән айту
Ән айтуға қызығушылықты, тәрбиешінің дауыс ырғағына еліктеу, әннің
сөздері мен жеке буындарды айту, созылыңқы дыбысталуға еліктей отырып
ересекпен қосылып ән айту, аспаптардың шығаратын және ересектің ән
айтуына келтіріп, әнді күш түсірмей, табиғи дауыспен, дауысты жылдамдатпай,
жеке сөздерді айқайламай айтуды қалыптастыру.
30
Әнді жеке және топпен айту, әуеннің жеке екпінін және ырғақты дұрыс
жеткізу дағдыларын қалыптастыру.
Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар
Дағдыларын қалыптастыру:
-
музыканың ашық берілген сипатына сай қимылдар жасау;
-
пьесаның екі бөлімді формасының қимылдарын ауыстыру, басталуы мен
аяқталуындағы дыбысталу күшін өзгерту (қатты- баяу);
-
музыканың сүйемелдеуімен жүру және жүгіру, қол ұстасып, жұптасып,
шеңбермен жүру;
-
қарапайым би қимылдары: шапалақтау және бір уақытта аяқпен
тарсылдату, жартылай отыру, аяқтан аяққа тербелу;
-
әнді сахналауда қимылдардың жеке элементтерін қолдану, күрделі емес
қимылдар бірізділігін есте сақтау;
-
бубенмен, сылдырмақпен, бірқалыпты ырғақты, түрлі бейнелік-ойын
қимылдарын бере отырып заттармен қимылдар жасау;
-
жаттығулар мен билерде сүйемелдейтін музыканың қарама-қарсылығына
сәйкес (ақырын-қатты, жоғары-төмен, баяу – жылдам) бір қимылдардан
басқаларына ауысу;
-
мазмұнды музыкалық ойындарда қимылдардың сипатын беру және оның
кейіпкерлері мен қимылдарының музыкалық сипатын беру сәйкес ойынның бір
кезеңінен келесісіне өту.
Күтілетін нәтижелер:
-
түрлі сипаттағы музыкалық шығармаларды: баяу және көңілді әндер мен
пьесаларды тыңдай алады;
-
музыкалық шығарманың мазмұнын түсініп, (кім, не туралы айтылатыны)
көңіл- күйін білдіреді;
-
дыбыстарды жоғарылығы бойынша(металлофонның,фортепианоның
жоғары және төмен дыбысталуын) ажыратады;
-
әннің бөліктерін айта алады (ересекпен бірге);
-
ересектердің көрсеткен қимылдарын қабылдайды және қайталайды
(шапалақтайды, аяқтарымен топылдатады, қол білектерімен айналдыруды
орындайды);
-
қимылдарын музыканың басталу сәтінен аяқталғанға дейін орындайды
(қоян секіреді, көбелектер ұшады);
-
музыка және әннің мазмұнына қарай би қимылдарын шеңберде тұрып
орындайды;
-
кейбір музыкалық аспаптарды біледі (барабан, бубен, сылдырмақ).
II
ЖАРТЫ ЖЫЛДЫҚ
Музыка
Музыка тыңдау
Музыканы тыңдай білуге, таныс әндерді, оларға тән ерекшеліктерін тани
білуді қалыптастыру. Музыкалық иллюстрациялармен сүйемелденген әңгімелерді
қызығушылықпен тыңдауға баулу.
31
Музыканы есте сақтау, кейіпкерлерді иллюстрация және әңгіме бойынша тану
дағдыларын қалыптастыру.
Ән айту
Ән айтуды уақытында бастап, аяқтау; алға шығып немесе қалып қоймау,
кідірісті сақтау.
Әндегі қайталанатын тіркестерді ересектердің дауыс интонациясына салып,
айту дағдыларын қалыптастыру.
Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар
Дағдыларын қалыптастыру:
-
қол қимылдарын: «шапалақ - шапалақ», аяқ қимылдарын: «топ-топ»
орындау, денені оңға, солға бұру, басты оңға, солға ию, қолдарды сермеу,
шеңбер бойымен жүру;
-
би қимылдарын: кезекпен аяқты ұшымен, өкшемен қою, орнында тұрып,
шеңбер бойымен бір орында , шашыраңқы топылдатып жүру;
-
таныс қимылдарды жаңа музыкамен сәйкес есте сақтау, қайталап, игеру;
-
ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті кезінде үйренген әнді айта отырып,
сәйкес қимылдарды қайталау;
-
дербес ойындар мен әрекеттер кезінде ойнаған аспаптардан дыбыстар
шығаруға талпыну (ересектердің қатысуымен);
-
әндерді үйреніп айту және ересектердің қимылдарына еліктеп, қиялдағы
аспапта сүйемелдеу;
-
түрлі аспаптарда педагогтың орындауындағы және үнтаспадағы әндер
мен пьесаларды тыңдау, таныс әндерді қосылып айту, күрделі емес
қойылымдарға, ойындарға және хороводтарға қатысу.
Күтілетін нәтижелер:
-
түрлі сипаттағы музыкалық шығармаларды: ән, полька, марш, вальс,
сабырлы, көңілді әндер мен пьесаларды тыңдайды;
-
таныс әндерді таниды және дыбыстардың жоғарылығын ажыратады;
-
әннің мағынасын түсінеді;
-
әннің соңына қосыла алады (ересекпен бірге);
-
музыкалық аспаптарды біледі,музыкалық фразалардың жоғары және
төмен дыбысталуын ажыратады, ересектермен бірге ән айтуға ықылас
танытады;
-
музыкалық фразаларды әнмен айтады (тәрбиешімен бірге), ырғақты және
әуеннің жеке екпінін дұрыс жеткізіп, барлық топпен айту, әннің сөзін есінде
сақтайды;
-
музыка сипатына сәйкес қозғалады, музыка басталғаннан қимылдарды
бастай алады;
-
би қимылдарын орындайды: шапалақтау және бір уақытта бір аяқпен
топылдату, қолдың білегін айналдырады;
-
музыкалық аспаптарды біледі (барабан, бубен, сылдырмақ, домбыра);
-
мазмұнды музыкалық ойындарда қимылдардың сипатын бере алады.
32
ІV. ЕКІНШІ КІШІ ТОП
(3 жастан 4 жасқа дейін)
«Денсаулық» білім беру саласы
«Денсаулық» білім беру саласының базалық мазмұны дене шынықтыру
ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті арқылы арқылы жүзеге асырылады.
Мақсаты: балалардың бойында қимыл белсенділігін дамыту, дене
жаттығуларына қызығушылықты қалыптастыру.
Дене қасиеттерін дамыту: денсаулықты нығайтуға ықпал ететін ептілік,
төзімділік, икемділік, шапшаңдық, үйлесімділік;
Жүру, жүгіру, секіру, лақтыру мен қағып алу, еңбектеу мен өрмелеу
қимылдарының негізгі түрлерін орындаудың қарапайым келесі дағдыларды
қалыптастыру;
Мәдени-гигиеналық дағдыларға тәрбиелеу, салауатты өмір салты туралы
бастапқы түсініктерді қалыптастыру.
І ЖАРТЫ ЖЫЛДЫҚ
Дене шынықтыру
Негізгі қимыл түрлеріне жаттығулар
Жүру мен жүгіру. Белгілі бір тапсырмаларды орындау арқылы еркін жүру
мен жүгіру келесі дағдыларды қалыптастыру: сапта бір-бірлеп, бірінің артынан
бірі, тізені жоғары көтеріп жүру, қол мен аяқ қозғалыстарын үйлестіру; аралықты
сақтай отырып, бағытты өзгертіп, шеңбер бойлап, қол ұстасып, арқаннан ұстап,
тоқтай қалып, отырып-тұрып, бұрылып, «жыланша», заттарды айналып өтіп,
төбекішшік шығып және төбешіктен түсіп саппен жүгіру, алаңның бір жағынан
екінші жағына және т.с.с. жүгіру.
Секіру. Екі аяқтап басты затқа тигізе отырып, жоғары қарай 2-3 метр
қашықтықта алға қарай жылжи отырып, тұрған жерінен ұзындыққа, 5-10 см
биіктіктегі зат арқылы жерде жатқан жалпақ шеңберге секіру келесі
дағдыларды қалыптастыру.
Лақтыру, тастау, қағып алу. Бір-бірінен 1,5–2 метр арақашықтықта
отырып, аяқты алшақ ұстап, айқастыру жағдайларында допты домалату, қақпа
арқылы тұрып допты домалату, допты екі қолымен көкірек тұсынан кері, екі
қолмен жоғары, бастан асыра, жоғарыға, еденге (жерге) қарай төмен лақтыру,
допты қағып алу.
Еңбектеу және өрмелеу. Тура бағытта 4–6 метр арақашықтықта,
«жыланша», арасы алшақтанған заттар арасымен, еденге қойылған тақта
бетімен, 40 см биіктіктегі доғамен, арқанмен, еңіс тақта бойымен, бөрене
арқылы орындық аяқтары арасымен еңбектеу келесі дағдыларды қалыптастыру.
Тепе-теңдікті сақтау. Бір ұшы 20–30 см көтеріліп, иілген тақта бетімен,
бөрене бойымен, бір орнында тұрып, тепе-теңдікті сақтай отырып, аяқтың
ұшымен жүру келесі дағдыларды қалыптастыру.
Сапқа қайта тұру. Сапқа бір-бірден, шеңберге кішігірім топтармен және
тұтас топпен қайта тұру келесі дағдыларды қалыптастыру(тәрбиешінің
көмегімен, бағдар бойынша)
33
Күтілетін нәтижелер:
-
тапсырманы орындай отырып жүре алады және жүгіре алады;
-
екі аяқпен алға қарай ұмтыла отырып секіреді;
-
допты бір-біріне қарай 2 метр арақашықтықта домалатады, допты
кеудемен лақтырады;
-
қашықтықта, еңіс тақта бойымен, заттар арасымен еңбектейді;
-
еңіс тақта бойымен тепе-теңдікті сақтай отырып өте алады, аяқ ұшымен
көтеіле алады;
-
сапқа, шеңберге, қатарға қайта тұра алады;
-
музыкамен айқын және ырғақпен адымдай алады.
ІІ ЖАРТЫ ЖЫЛДЫҚ
Негізгі қимыл түрлеріне жаттығулар
Жүру. Нық қадаммен алға, нық қадаммен артқа; тізені жоғары көтеріп жүру,
алаңның бір жағынан екіншісіне тұру келесі дағдыларды қалыптастыру.
Жүгіру. Әртүрлі бағыттарда жүгіру дағдысын қалыптастыру: жылдам және
баяу қарқында.
Секіру. Бір аяқтан бір аяққа секіру, тіке жорғалау; екі аяқпен секіру (аяқтар
бірге-аяқтар алшақ), тереңдікке (15–20 см биіктіктен) секіру келесі дағдыларды
қалыптастыру.
Лақтыру, тастау, қағып алу. Көлденең нысанаға, алысқа лақтыру, тура
нысанға оң және сол қолмен тік нысанаға көздеп лақтыру, допты тәрбиешіден
1–
1,5 метр арақашықтықта лақтыру, үлкен допты екі қолмен арқаннан, тордан
өткізе лақтыру келесі дағдыларды қалыптастыру.
Еңбектеу, өрмелеу. Еденге тік қалпында тұрған құрсаудан еңбектеу, еңіс
баспалдақ бойымен өрмелеу, гимнастикалық қабырға бойымен жоғары өрмелеу
және одан төмен түсу келесі дағдыларды қалыптастыру.
Тепе-теңдік. Тура жолмен, тақта бойымен жүру кезінде тепе-теңдікті сақтау
келесі дағдыларды қалыптастыру.
Сапқа қайта тұру. Өз бетінше қайта тұру, қатардағы өз орнын табу,
орнында тұрып бұрылу келесі дағдыларды қалыптастыру.
Күтілетін нәтижелер:
-
тәрбиеші нұсқаған тура бағытты сақтай отырып, аяқтарды тыпырлатпай,
тік жүре біледі; тәрбиешінің нұсқауына сәйкес тепе-теңдікті сақтап, бағытты
және жүгіру қарқынын өзгерте отырып жүгіре алады;
-
шектелген жазықтықта жүгіру мен жүру кезінде, заттарды аттап өту
кезінде тепе-теңдікті сақтай алады;
-
төрт тағандап еңбектей алады, гимнастикалық қабырға бойымен ерікті
тәсілде өрмелей алады;
-
екі аяқпен ширақ серпіле алады, бір орнында тұрып ұзындыққа секіре
алады;
-
допты берілген бағытта домалата алады, допты екі қолмен кеудемен
лақтырады, доппен еденге соққы береді, оны жоғарыға лақтыра алды, заттарды
оң және сол қолмен лақтыра алады.
34
Жалпы дамытушы жаттығулар
Ойын формасында көру бағдарларын, сөз нұсқауларын пайдалана отырып
(жануарлардың қимылдарына еліктеу), жаттығуларды педагогпен бірге
орындауға үйрету.Заттармен және заттарсыз жаттығуларды орындау.
Қол мен иыққа арналған жаттығулар
Біліктері қалыптасады:
-
екі қолды бірге жоғары көтеру, қолды екі жаққа созып көтеру;
-
затты бір қолдан екінші қолға, арқасынан, бастан асыра өткізу;
-
қолды алға созып, бастан жоғары көтеріп, арт шапалақтау.
Кеудеге арналған жаттығулар:
-
допты бір-біріне бастан асыра беру(алға-артқа);
-
түрегеліп тұрып солға, оңға, алға, артқа бұрылыстар жасау.
Аяққа арналған жаттығулар
-
аяқтың ұшымен жүру;
-
қатарынан 2-3 рет жартылай отыру;
-
қолды алға созып, қолды тізеге тіреп отырып-тұру;
-
тізеден бүгілген аяқты кезек-кезек көтеру;
-
жерге отырып, құм салынған қапшықты табанмен қармау;
-
жанына қарай нық қадаммен таяқ бойлап жылжу.
Спорттық жаттығулар
Шанамен сырғанау. Биік емес төбеден бір-бірін сырғанату біліктіліктерін
қалыптастыру.
Велосипед тебу. Үш дөңгелекті велосипед тебу келесі дағдыларды
қалыптастыру.
Жүзуге дайындық. Суға түсу, судан шығу, суда ойнау келесі дағдыларды
қалыптастыру.
Өз бетінше қимыл әрекеті. Дербес қимыл әрекетіне деген
қызығушылығына қолдау көрсету, дене шынықтыру жабдықтары мен
құралдарын пайдалануға ынталандыру.
Күтілетін нәтижелер:
-
негізгі қимыл түрлерін орындаудың қарапайым дағдыларына ие;
-
бастапқы қалыпты өзгерте отырып, заттармен және заттарсыз
таңертеңгілік жаттығуларды орындайды;
-
биік емес төбеден шанамен сырғанайды және бір-бірін сырғанатады;
-
бірлескен ойындарда қарапайым ережелерді сақтай алады;
-
үш дөңгелекті велосипед тебе алады;
-
ересектердің көмегімен суға түседі;
-
қимыл белсенділігі үшін дене шынықтыру жабдықтарын қолдана алады.
Шынықтыру және сауықтыру жұмыстары
Шынықтыру шараларын жүргізу, жаттығулар мен массаж жасау.
Күн тәртібіне сәйкес балалардың күн сайын таза ауада болуын қамтамасыз
ету.
Келесі дағдыларды қалыптастыру:
-
мәдени-гигиеналық шараларды орындау;
-
ересектердің көмегімен шынығу тәсілдерін орындау.
35
Күтілетін нәтижелер:
-
мәдени-гигиеналық дағдыларды игерген;
-
жалпақ табандылықтың алдын-алу үшін массажерді қолдана біледі;
-
гимнастикалық жаттығуларды орындай алады;
-
салауатты өмір салтының қарапайым ережелерін біледі, ересектердің
көрсетуімен шынығу тәсілдерін орындайды.
«Қатынас» білім беру саласы
«Қатынас» білім беру саласының базалық мазмұны:
-
тіл дамыту;
-
көркем әдебиет;
-
мемлекеттік, орыс және басқа тілдер ұйымдастырылған оқу іс-
әрекеттерінде жүзеге асырылады.
Мақсаты: қатынас дағдылары мен біліктерін дамыту, социумда қарым-
қатынас жасау үшін тілді игеру.
Балалар іс-әрекетінің түрлі формалары мен түрлерінде ауызекі сөйлеуді
дамыту (лексикалық жағы, тілдің грамматикалық құрылымы, тілдің айтылу
жағы; байланыстырып сөйлеу - диалогтық және монологтық формалары);
Әдеби тілді дамыту, сөз өнеріне баулу;
Қарым-қатынас мәдениетінің қарапайым дағдыларына, көркем қабылдау
мен эстетикалық талғамға тәрбиелеу.
І ЖАРТЫ ЖЫЛДЫҚ
Тіл дамыту
Сөздің дыбысталу мәдениетіне тәрбиелеу
Дағдыларды қалыптастыру:
-
дыбыстарды айту;
-
дыбыстардың артикуляциясын нақтылау және нығайту;
-
сөйлеу аппаратының моторикасын, тыныс алу мен тілдік естуді дамыту.
Сөздікті қалыптастыру:
-
ойын мен ойын жаттығулары арқылы сөздік қорын кеңейту;
-
заттардың бөлшектерін ажыратуға және атауға үйрету;
-
балалардың сөйлеу тілін заттардың қасиеті мен сапасын білдіретін
сөздермен байыту;
-
жалпы белгілері бойынша заттарды топтастыру (ойыншықтар, киімдер,
аяқкиімдер, ыдыстар, жиһаздар).
Тілдің грамматикалық құрылымын қалыптастыру
-
сөздерді, жіктелуіне, септелуіне қарай анықтауға, зат есімдерді
астында, жанында тәрізді көмекші сөздермен бірге қолдануға үйрету;
-
сөйлеуде зат есімдерді жекеше, көпше түрде қолдану;
-
дидактикалық және дамытушы ойындар мен жаттығуларды қолдану.
Байланыстырып сөйлеуді дамыту:
Дағдыларды қалыптастыру:
-
суреттерді, заттарды қарастыруда, жанды және жансыз табиғат
объектілерінбақылау кезінде байланыстырып сөйлеу;
36
-
шағын тақпақтар мен өлеңдерді жаттау;
-
ересектердің сөзін тыңдау және түсіну;
-
тілдік этикеттің сәйкес түрлерін дұрыс қолдану;
-
ересектермен әңгімелесу кезінде берілген сұрақтарды тыңдау және түсіне
білу;
-
кейіпкерлерді сипаттау үшін екпін мәнерлілігінің қарапайым тәсілдерін
қолдану;
-
рифмді және сөздік ойындарға назар аударуын, қызығушылығын
тәрбиелеу;
-
таныс ертегілерді ойнауға және сахналауға деген ынтасын,
қызығушылығын баулу.
Күтілетін нәтижелер:
-
зейін қойып тыңдай біледі;
-
дауысты және дауыссыз дыбыстарды анық айтады;
-
дұрыс сөйлеу жылдамдығын игерген;
-
қоршаған ортаға қатысты түрлі сұрақтарға жауап береді;
-
барлық сөз таптарын қолданады;
-
қажетті сөздер мен сөз тіркестерін қолданады;
-
сөздер мен сөз тіркестерін айтады;
-
сөздерді жекеше, көпше түрге айналдырып, септік жалғауларын
қолданады;
-
заттарды, әрекеттерді, құбылыстарды атайды.
Көркем әдебиет
Балаларға оқып беру және әңгімелеу:
Балаларды үйрету :
-
ертегілердің мазмұнын түсінуді, тыңдауды, бейнелі сөздерді есте
сақтауды;
-
кейіпкерлердің мінез-құлқын бере білу мен орындаудағы интонациялық
реңктерді қабылдауға;
-
тақпақтарды, өлеңдерді ойша талдап, асықпай, дыбыстарды айқын айтуға;
-
орындау кезінде кейіпкерге, оқиғаларға деген өзінің көзқарасын бере
білуге.
Күтілетін нәтижелер:
-
ертегілер мен әңгімелердің мазмұнын тыңдайды және түсінеді;
-
бейнелі сөздерді қолданады;
-
таныс ертегілерді сахналауға қатысады;
-
әдеби шығарма кейіпкерлерінің дауыс ырғағы мен мәнерлігін сақтайды;
-
сюжетті эмоционалды қабылдайды, кейіпкерлерге жанашырлық танытады.
-
өлеңдерді мәнерлеп оқи алады.
37
Русский язык
І ПОЛУГОДИЕ
Воспитание звуковой культуры речи:
-
слушания речи на русском языке (сказки, рассказы, короткие стихи и
песенки).
-
произношения гласных звуков русского языка: а, о, у, е, е, и, ы, э, ю, я,
используя игры и игровые упражнения.
Развитие артикуляционного аппарата.
Словарная работа и развитие речи.
Формирование навыков:
-
понимания и восприятия названий игрушек, некоторых предметов быта,
овощей и фруктов, животных;
-
выполнения просьбы воспитателя, дальнейшее расширение словарного
запаса детей и правильное произношение слов на русском языке;
-
названия некоторых предметов ближайшего окружения;
-
слова, обозначающие признаки предметов по величине, по цвету;
-
слова, обозначающие действия;
-
понимания словосочетаний и составление их способом согласования
(существительное и прилагательное, существительное и глагол).
-
понимания простых вопросов и правильного ответа на них в виде
короткого предложения;
-
составлять простые предложения;
-
запоминания детьми коротких стишков и песен.
Развитие связной речи и умения правильно ставить ударение в словах при
произношении.
Ожидаемые результаты:
-
умеет правильно произносить гласные звуки русского языка: а, о, у, е, е,
и, ы, э, ю, я;
-
умеет составлять простые предложения;
-
употребляет в речи имена существительные в форме единственного и
множественного числа;
-
умеет слушать взрослых и понимает простую речь;
-
применяет необходимые слова и словосочетания при обыгрывании
сказок;
-
слушает, понимает содержание сказки, запоминает образные слова;
-
умеет читать наизусть небольшие потешки и стихотворения при помощи
взрослого, передавая свое отношение к содержанию;
-
знает о качестве, свойствах, различии, названии предметов на русском
языке и их предназначение;
-
понимает простые вопросы и умеет правильно отвечать на них
короткими предложениями на русском языке.
38
ІІ ЖАРТЫ ЖЫЛДЫҚ
Тіл дамыту
Сөздің дыбыстық мәдениетіне тәрбиелеу
Тіл дыбыстарын дұрыс айта білуді және есту зейінін жетілдіру;
Сөздерде дауысты және кейбір дауыссыз (п-б, т-д, к-г, ф-в,с-з-ц)
дыбыстарды анық айта білуін қалыптастыру;
Сөйлеу қарқынын өзгерте білуді бекіту: баяу сөйлеу, жаңылтпаштар оқу;
Артикуляциялық аппаратты дамыту.
Сөздік қорын қалыптастыру
Сөйлеу ойындары мен жаттығуларын қолдана отырып, балалардың сөздік
қорын байыту және дамыту.
Заттар тобын жалпылауға үйрету (ойыншықтар, киім, аяқ киім, ыдыс,
жиһаз);
Сөздерге қызығушылығы мен зейінін дамыту, балалар сөздігіне антонимдер
–
мағынасы қарама-қарсы сөздерді енгізу;
Тәулік бөліктерін (таңертең, күндіз, кеш, түн) атауға үйрету.
Күтілетін нәтижелер:
-
зейін қойып тыңдайды;
-
сөздегі барлық дыбыстарды анық айтады;
-
сөйлеу кезінде жылдамдықты дұрыс сақтайды, интонациялық
мәнерліліктің тәсілдерін қолданады;
-
заттарды, суреттерді қарастыруда, сұрақтарға жауап береді;
-
қысқа әңгімелерді және ертегілерді қайталайды;
-
заттар мен құбылыстардың белгілері және сапасын атайды;
-
сөздерді, сөз тіркестерін, сөйлемдерді айтады;
-
зат есімдер мен көмекші сөздерді қолданады «үстінде, астында, артында,
жанында»;
-
жанды және жансыз табиғаттың объектілерін бақылайды;
Достарыңызбен бөлісу: |