Бағдарламасы аясында Елбасы Жолдауын насихаттау мақсатында облысымызға жұмыс сапары


Тажкенов Нұрлыбек Алтайұлы 2008 жылы «Үміт» лингвистикалық гимназиясында өте жақсы оқуымен қатар, қоғамдық



Pdf көрінісі
бет7/7
Дата15.03.2017
өлшемі18,81 Mb.
#9443
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7

Тажкенов Нұрлыбек Алтайұлы 2008 жылы «Үміт» лингвистикалық гимназиясында өте жақсы оқуымен қатар, қоғамдық 

жұмыстарға белсене араласқан. Осы жылы М.Өтемісов атындағы БҚМУ-ға Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығына 

грант бойынша оқуға түсіп, білім алуда. Алғашқы күннен бастап көзге түскен талантты да дарынды студенттердің біріне 

айналды. Оқу үлгерімі – 5.

Талаптың мініп тұлпарын

  Ол  университет  қабырғасындағы 

қо ғ ам дық  ж ұ мыс тар ғ а  ара л ас ып, 

белсенділігін таныта білді. Атап айтқанда 

университетімізде  құрылған  «Жас  эко-

номист»  ЖҚБ  белсенді  мүшесі  болып, 

ондағы өткізілген университеттік, облыстық 

іс-шараларға араласып, өз үлесін қосты. 

Қоғамдық шаралардың бірі «Студенттер 

күніне» байланысты өткізілген облыстық 

пікір-сайыста  командалық  есепте  І 

орынды иеленіп, «Үздік спикер» атанды. 

«Ақиқат»  пікір-сайыс  орталығы  өткізген 

облыстық  дебатта  командалық  есепте 

ІІІ орынды иеленіп, «Үздік спикер» атан-

ды. 2009 жылы Астана қаласында өткен 

республикалық дебат ойындарына қатысты. 

Университетімізде өткізілген ғылыми кон-

ференцияларда  ораторлығымен  және 

тақырыпты еркін меңгергендігімен көзге 

түсе  білді.Университетішілік  ғылыми 

жұмыстар байқауында ІІІ орынды иеленді. 

Облысымыздағы  «Нұр  Отан»  ХДП  БҚФ 

және  «Жас  Отан»  жастар  қанатының 

белсенді мүшесі. Нұрлыбек экономикадағы 

күрделі бағыттарымен қатар, саяси, тарихи 

мәселелермен айналысқанды ұнатады. Өз 

білімін  қосымша әдебиеттер, электронды 

материалдар көмегімен үнемі  жетілдіріп 

отырады. 2009 жылы «Атамекен» құрылыс 

жасағында  қызмет  еткені  үшін  универ-

ситет  ректорының  «Алғыс  хатына»  ие 

болды.  2010  жылы  БҚО  «Нұр  Отан» 

ХДП  ұйымдастырған  «Жемқорлықсыз 

кітапша»  пікір-сайыс  турнирінде  «Үздік 

Оратор»  атанды.  Сонымен  қатар  2009-

2010  жж.  университеттік  М.Өтемісұлы 

атындағы  шәкіртақы  иегері  болды.  Ал 

2010-2011жж.  Н.Назарбаев  атындағы 

шәкіртақы  иегері.  2010  жылы  өткен 

облыстық  «Интелект-2010»  байқауының 

командалық  есепте  ІІ  орын  иегері.  БҚО 

ішкі саясат басқармасы ұйымдастырған 

«Жыл үздігі - 2010» жүлдесінде «Белсенді 

студент»  аталымындағы  ІІ  дәрежелі 

дипломға ие болды.

2010  жылы  Тараз  қаласында  өткен 

республикалық  пікір-сайыс  турниріне 

қатысып, командалық есепте «Үздік коман-

да» номинациясын иеленді. 

2011  жылы  14-15  сәуірде  Алматы 

қаласында  әл-Фараби  атындағы  ҚазҰУ-

да  «менеджмент»  мамандығы  бойын-

ша  өткізілген  «ҚР  инновациялық  эконо-

микасын  басқарушы  кадрлар»  атты  ІІІ 

республикалық студенттік олимпиадасына 

қатысып,  командалық  есепте  ІІІ  орынға 

қол  жеткізіп,  арнаулы  сертификатқа  ие 

болды. 


2011 жылы 23-24 маусымда ШҚО Өскемен 

қаласы, ҚР Білім және ғылым министрлігі 

ұйымдастырған «Постиндустриалды әлем: 

Ғылым батыс және шығыс сұхбатында» 

атты  халықаралық  Жастар  форумы-

на  қатысып,  Н.А.Тажкеновтың  ғылыми 

мақаласы  форумның  арнайы  жинағына 

енді.


Сонымен  қатар  Н.Тажкенов  әр  түрлі 

курс,  семинар-тренингтерге  қатысып, 

өз  біліктілігін  арттыру  үстінде.  Атап 

айтсақ,  «Өзін-өзі  басқару  жүйесіндегі 

менеджмент»(25  ақпан-7сәуір  2009ж., 

М.Өтемісов атындағы БҚМУ); «Жергілікті 

өзін-өзі  басқаруды  дамыту  және  Орал 

қаласы жастары»(7-14 желтоқсан. БҚО Ішкі 

саясат бөлімі, АТиСО институты); «Тренинг 

лидерство и командаобразование»(2009ж. 

қазан. БҚО Ішкі саясат бөлімі) және «Тараз-

2010, пікір-сайысты дамыту курсы».

Тажкенов Нұрлыбек қазіргі кезде «Жас 

экономист» ЖҚБ-нің төрағасы. Нұрлыбектің 

мінезі ашық, адал, адамгершілігі мол, сеніп 

тапсырған жұмыстар мен тапсырмаларды 

толығымен және уақытында орындайды. 

Нұрлыбек  Алтайұлының  болашақта 

елімізге  адал  қызмет  ететін  азамат 

боларына нық сенеміз.  



(Суретте:  Нұрлыбек  солдан  оңға 

қарай үшінші).

Алғыс хатымен марапатталды (6 наурыз, 2011 жыл), Наурыз айының 18-19 жұлдызында 

Сүлейман Демирел атындағы Қазақ-Түрік мемлекеттік университетінде өткен студенттер 

арасындағы III Республикалық қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің олимпиадасында үздік 

нәтиже көрсетіп, университет ректоры Месут Акгүлдің арнайы Алғыс хат иегері атанды, 

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттері арасын-

да өткізілген дәстүрлі «Студенттік көктем – 2011» фестивалінде үздік нәтиже көрсетіп, 

«Үздік жас тілші» номинациясын иеленді (27 сәуір, 2011 жыл),  Батыс Қазақстан облыстық 

ішкі саясат басқармасы мен «Жүрек толқыны» қоғамдық бірлестігінің Ұлы Жеңістің 66 

жылдығына арнап ұйымдастырған облыстық эссе-шығармалар байқауында 2 дәрежелі 

диплом иегері (3 мамыр, 2011 жыл),  «Батыс Қазақстан облысының Жас ғалымдар кеңесі» 

қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен «Қазақстан – менің Отаным!» атты 

қалалық эссе-шығармалар байқауында 3 дәрежелі дипломмен марапатталды (3 мамыр, 

2011 жыл), облыстық XIV «Дала дарындары» байқауында «Әдеби шығарма» аталымы 

бойынша 2 дәрежелі диплом иегері (22 қыркүйек, 2011 жыл).

Оның ғылыми еңбектері «Сәрсен Ақмурзин және Ұлы Отан соғысы жылдарынан 

кейінгі қазақ руханияты» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция жинағына, 

«Алаш мұрасы жастар көзімен» Батыс Қазақстан аймақтық конференциясының ма-

териалдар жинағына, Шығыс Қазақстан облыстық ішкі саясат басқармасы, «Салауат» 

ШҚО жастар қоғамдық бірлестігі мен «Қайнар» (Семей) университеті ұйымдастырған 

«Жастар бойындағы отбасы және неке құндылықтарын қалыптастыру мәселелері» 

тақырыбында өткен республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материал-

дар жинағына, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетіндегі 

студенттердің өзін-өзі басқару ұйымы өткізген «Жоғары оқу орындарында студенттік 

өзін-өзі басқару ұйымын құрудың тиімділігі, тәжірибесі, проблемалары мен перспекти-

валары» атты республикалық ғылыми-практикалық конференциясының материалдар 

жинағына енгізілді. Сонымен қатар оның әңгімелері, мақалалары, өлеңдері облыстық, 

университетішілік мерзімді баспасөз беттерінде жарық көріп келеді. Көп жылғы ізденісінің 

арқасында бүгінгі таңда үздік студент, жас ғалым, «Өркен» газетінің тілшісі Елдана 

-«Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атындағы» шәкіртақы иегері, университеттің студенттік 

ректоры. Университет қабырғасында тұлға болып жан-жақты жетіліп, дамып келе жатқан 

Елдананың жетістіктеріне қуана отырып, болашақта білікті маман, сапалы кадр болады 

деп үлкен сенім артамыз.

Қыз өссе - елдің көркі



Ґ

№ 12 (869)

 қазан 

2011 жыл


14

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан 

мемлекеттік  университетінің  30  қыркүйек 

күні  өткен  ғылыми  кеңесінде  «Белсенді 

жастар» жастар қоғамдық бірлестігі өткізген 

АҚТҚ/ЖҚТБ күреске арналған шағынфутбол 

турнирінде І және ІІІ орын алған М.Өтемісов 

атындағы БҚМУ командасы құрмет грамота-

сымен марапатталды.

Ғылыми жұмыс және халықаралық бай-

ланыстар  жөніндегі  проректоры Әбілсейіт 

Мұқтар оқытушы-профессор қауымға 2011-

2012 оқу жылына арналған университеттің 

Ғылыми  кеңесінің  жұмыс  жоспарын  және 

Ғылыми кеңестің жаңа құрамын таныстырып, 

бекітті.


Күн  тәртібіндегі  мәселе  бойынша 

академиялық мәселелер жөніндегі депар-

тамент  директоры  Шолпан  Аққалиеваның 

күндізгі және сырттай оқу түрі студенттерінің 

2010-2011  оқу  жылындағы  жазғы  сынақ-

емтихан  сессиясының  қорытынды  есебі 

тыңдалды.

Қабылдау  комиссиясының  жауапты 

хатшысы  Асқар  Аманбаев  пен  ЖОО-дан 

кейінгі дайындық бөлімінің жетекшісі Шынар 

Мұқанбетованың  2011-2012  оқу  жылына 

бакалавриат пен магистратураға қабылдау 

қорытындылары қаралды.

***


Ағымдағы  жылдың  17  қазан  күнгі 

М.Өтемісов атындағы БҚМУ ректоратында 

университет  ректоры  А.С.Иманғалиев  ҚР 

Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған ІХ 

халықаралық  орыс  фестивалінің  өтуіне, 

ұлттық  өнерді  насихаттауға  қосқан  үлесі 

үшін М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан 

мемлекеттік  университеті  Алғыс  хатпен 

марапатталғанын  атап  өтті.  Сондай-ақ 

осы  жарыста  ұлттық  мәдениетті  сақтауда 

жоғары орындаушылық шеберлігін көрсете 

білгені  үшін 



Рахымберлиева  Раушан 

лауреат атағымен, жетекшісі Ерғалиева 

Айгүл  Темірболатқызы  дипломмен 

марапатталды.

2010-2011 оқу жылындағы университет 

бітірушілердің  жұмыспен  қамтылу  жайы 

туралы  сараман,  мансап  және  маркетинг 

бөлімі жетекшісі Нұрдәулет Хабадашев есеп 

берді.

Қаралған  мәселе  бойынша  универ-



ситет  түлектерінің  электрондық  каталогы 

құрылуы  және  2012  жылдың  қаңтарына 

дейін веб-порталда жариялау шарасының 

жалғастырылуы, шағын кешенді мектептер 

үшін  қосымша  сертификацияланған  курс-

тардан өткен түлектер дайындау жұмысын 

ұйымдастыруды  жүзеге  асыру,  жұмыс 

берушілер  кеңесін  құру,  университетті 

бітірген түлектермен кері байланыс орнатуды 

жетілдіру жайында қаулы бекітіліп, факультет 

декандарына,  кафедра  меңгерушілеріне, 

қосымша білім беру және біліктілікті арттыру 

бөлімінің жетекшісі мен сараман, мансап және 

маркетинг бөлімінің  жетекшісіне жүктелді.

М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың 2010-

2011 оқу жылындағы жұмыс нәтижесі бой-

ынша  құрылымдық  бөлімшелердің  және 

ПОҚ  рейтингінің  қорытындысы  жайын-

да  стратегиялық  даму  және  аккредиттеу 

орталығы  директоры  Олег  Юров  ақпарат 

берді.

Ғылыми кеңесте



2011  жылдың  25-қазан  күні  М.Өтемісов  атындағы  Батыс  Қазақстан 

мемлекеттік  университетінде  республикалық,  облыстық  байқаулар  мен 

пікір-сайыс турнирлеріне белсенді қатысып,  жүлделі орындарға ие болған 

студенттермен кездесу өткізілді. 

университет 

маҚтаныШтары

Шараның  басты  мақсаты  –  оқ у 

ордамыздың  намысын  қорғап  жүрген 

студенттердің  жеткен  жетістіктерін  өзге 

студенттерге  таныстыру,  пікір  алмасып, 

ой  бөлісу.  Аталмыш  шараға  жоғары 

жетістіктерге  қол  жеткізген  төмендегі 

студенттер  қатысты:  «Оралхан  Бөкей 

атындағы  облыстық  көркемсөз  оқу 

шеберлері» байқауының бас жүлде иегері,  

қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 1 

курс студенті Таңшолпан Зайнуллина, дәл 

осы байқаудың ІІ орын иегері, қазақ тілі мен 

әдебиеті мамандығының 1 курс студенті 

Нұркен  Әмірашев  және  осы  байқаудың 

ІІІ  орын  иегері  университет  жанындағы 

колледж дің  «ақпараттық  жүйелер» 

мамандығының  1  курс  студенті  Шаттық 

Орынбаева,  облыстық  өзге  ұлт  өкілдері 

арасындағы «Абай оқулары» байқауының 

І орын иегері тарих мамандығының 2 курс 

студенті Татьяна Оборина, облыстық пікір-

сайыс турнирінің жеңімпазы, мемлекеттік 

және жергілікті басқару мамандығының 4 

курс студенті Мерхан Абдулов және сол 

турнирдің «Үздік спикері» атанған қаржы 

мамандығының 3 курс студенті Нұрсұлтан 

Бисембиев, облыстық «Дала  дарындары» 

жастар  шығармашылығы  фестивалінің 

жеңімпаздары,  би  және  саз  бөлімінің 

студенттерінен құралған «Қорған тобы», 

дәстүрлі музыкалық өнер мамандығының 

4  курс  студенті  Эльмира  Таудаева, 

облыстық «Ауылым - алтын бесігім!» атты 

жас ақындар мүшәйрасының І орын иегері 

қазақ  тілі  мен  әдебиеті  мамандығының 

3  курс  студенті  Айдана  Сұлтанмахмұт 

және осы байқаудың ІІ орын иегері қазақ 

тілінде    оқытпайтын  мектептегі  қазақ 

тілі мен әдебиеті мамандығының 1 курс 

студенті,    жас  ақын  Азамат  Базарбаев, 

Қазақстан  Республикасы  Білім  және 

ғылым  министрлігі  және  «Өрлеу» 

қоғамдық  қорының  ұйымдастыруымен 

өткізілген «Сұңқар» сауықтыру кешенінде 

мемлекеттік жастар саясатын іске асыруда 

жұмыс атқаратын мамандардың біліктілігін 

арттыру бойынша республикалық лагерь 

және  жастар  белсенділерінің  мектебіне 

қатысып  білімін  шыңдап  келген  БҚМУ 

колледжінің  «ақпараттық  жүйелер» 

мамандығының  3  курс  студенті  Үміт 

Жәңгірова,  ұлы  ағартушы  Ыбырай 

Алтынсаринның 170 жылдық мерейтойы-

на арналған Республикалық студенттер 

мүшәйрасының  жеңімпазы  қазақ  тілі 

мен  әдебиеті  мамандығының  3  курс 

студенті Жұмагүл Мұрсалова, облыстық 

студенттік  құрылыс  және  «Жасыл  ел» 

жастар  еңбек  жасақтарының  ІІІ  еңбек 

маусымының жабылу салтанатына арна-

лып өткізілген «Жұмысшы жастар» фору-

мында  облысымыздың «Үздік командир» 

номинациясының  жеңімпазы,  бастапқы 

әскери дайындық мамандығының 4 курс 

студенті Нұрбек Айтбаев, сонымен қатар 

осы форумда «Жасыл ел» жастар еңбек 

жасақтары  бойынша  «Ең  үздік  «Жасыл 

ел»  жасағы»  номинациясының  иегері 

атанған  университетімізден  құралған 

«Аманат»  жасағының  командирі,  қазақ 

тілі мен әдебиеті мамандығының 4 курс 

студенті  Айжангүл  Перғалиева.  Шара 

Қазан айы студенттердің қуанышты 

күндеріне  толы  болды.  Өйткені 

жаратылыс тану- математика лық 

факультетінің,  тарих  және  құқық 

факультетінің  және  педагогикалық 

факультетінің  1  курс  студенттеріне 

арналған  «Қадамың  құтты  болсын, 

студент!»  атты    студенттік  қатарға 

қабылдау кеші өтті. 

Кеште университетіміздің І проректоры 

Әсет Сембайұлы 1 курс студенттерін мере-

кемен құттықтап, оқуда табыс тіледі. 1 курс 

студенттеріне салтанатты түрде студенттік 

билет, білім кілті, сынақ кітапшасы табыс 

етілді.  Мерекелік  концертте  одан  әрі 

факультет белсенділері мен өнерлі сту-

денттер ән шырқап, би билеп кеш көрігін 

қыздырды.

М.Өтемісов атындағы БҚМУ колледжінің 

1  курс  студенттеріне  қазан  айының  22 

жұлдызында  «Студенттерді  қатарға 

қабылдау  салтанатты  кеші»  өткізілді. 

Кеш  барысында  БҚМУ  колледжінің    оқу 

ісі жөніндегі орынбасары Г.Ғ.Исмағұлова 

құттықтау  сөз  сөйледі.  Студенттерді 

қатарға  қабылдау  кешінде  оқу  озаты 

Ермұханова Әсемгүл, колледж белсендісі 

Балмұқанова Перизат, студенттік директор 

Жәңгірова Үміт 1 курстың белсенді, озат 

студенттері  Орынбаева  Шаттық,  Әліпов 

Құрманғазы, Жумиев Эльдарға студенттік 

билетті, білім кілтін және сынақ кітапшасын 

табыстады.

Қазан  айының  27  күні  филология 

факультетінің 1 курс студенттерін қатарға 

қабылдауға  арналған  «Жас  өрендер, 

құтты  болсын  қадамың!»  атты  мерекелік 

концерт  болып  өтті.  Қатарға  қабылдау 

кешінде  университеттің  І  проректоры  

Ә.С.Тасмағамбетов  1  курс  студенттерін 

қадамың құтты 

болсын, студент!

студент  атануымен  құттықтады.  Кешті 

қазақ тілі мен әдебиеті бөлімінің студенттік 

деканы  Айсара  Бөлекбаева  мен  орыс 

тілі  мен  әдебиеті  мамандығының  2 

курс  студенті  Кирилл  Новиков  жүргізді. 

Салтанатты  түрде  ант  қабылдаған  1 

курс  студенттеріне  факультеттің  атау-

лы  шәкіртақы  иегерлері  Е.Асылханова, 

А.Пергалиева, Ж.Губайдуллина білім кілтін, 

сынақ кітапшасын және студенттік билетті 

табыс етіп, 4 жыл бойына бұл  құжаттарды 

абыроймен алып жүрулеріне тілек білдірді. 

Концерттік  бағдарламаны  М.Өтебашева 

«Әшекейлер сыңғыры» биімен, филология 

бөлімінің студенттері дайындаған «Ұйғыр» 

биімен, Д.Серғалиева Сүгір  термесімен 

әрледі. Сонымен қатар кеш барысында  үш 

тілде өлең оқылды.  

Студенттер ант қабылдады

Мәдениет және өнер факультеті мен 

экономика және басқару факультетінің 

студенттерді  қатарға  қабылдау  кеші 

салтанатты түрде 25 қазан күні өтті. 

Кеш  қос  факультетті  таныстыру 

мақсатында  режиссура  мамандығының 

3  курс  студенті  Раушан  Бүркітованың 

«Мамандық  әлеміне  саяхат»  шағын 

музыкалық  қойылымымен  ашылды. 

Инновациялық  әдістемелік  жұмысы 

жөніндегі  департаментінің  директоры 

Олег  Юров  алғашқы  курс  студенттерін 

құттықтап,  сөз  сөйледі.  Мәдениет  және 

өнер  факультетінің  деканы  Меңдіғаным 

Нағымова,  экономика  және  басқару 

факультеті деканының тәрбие ісі жөніндегі 

орынбасары  Мария  Жұмағалиева  оқуға 

түскен студенттерге сәттілік тіледі. Бірінші 

курс  студенттеріне  би  және  саз  өнері 

бөлімінің  студенттік  деканы  Алпамыс 

Шаримов,  сәндік  қолданбалы  өнер  және 

мәдениет  бөлімінің  студенттік  деканы 

Мейрамгүл  Галиева,  экономика  және 

басқару  факультетінің  студенттік  деканы 

Асхат Меңдіғалиев салтанатты түрде білім 

кілтін, сынақ кітапшасын және студенттік 

билетті табыс етті. Бойларына елге деген 

сүйіспеншілігі,  білімге  деген  құштарлығы 

қатар байқалған университетімізге жаңадан 

қадам  басқан  студенттер  жалынды 

барысында  қатысушылар  байқаудан 

алған әсерлерімен бөлісіп, студенттердің 

қойған  сұрақ тарына  жауап  берді.  

Жұмагүл  Амантайқызы  «Ғашық  болып 

қалмаңдаршы өтінем» өлеңін оқып, жыр 

сүйер  қауымды  бір  серпілтсе,  Татьяна 

Оборина  Шәкәрімнің  «Бұл  ән  бұрынғы 

әннен  өзгерек»  әнін  шырқап,  мерекелік 

көңіл-күй сыйлады. Түрлі байқаулар мен 

пікір-сайыстарда  университет  намысын 

абыроймен  қорғап  жүрген  талапты  да 

талантты жастарға алар асуларыңыз бен 

бағындырар белестеріңіз көп болғай деп 

тілек айтамыз. 

елдана АСылхАнқыЗы

с ө з д е р м е н  а н т 

қабылдады. 

Салтанатты ант 

қабылдаудан кейін 

кеш  факультеттің 

белсенді де өнерлі 

ж а с т а р ы н ы ң 

м е р е к е л і к   ә н -

шашуына  ұласты. 

М . Т ө л е б а е в 

а т ы н д а ғ ы 

р е с п у б л и к а л ы қ 

шәкіртақы  иегері, 

в о к а л д ы қ  ө н е р 

м а м а н д ы ғ ы н ы ң 

4  к урс  ст уденті 

Гүлназ Құсайынова, 

о б л ы с т ы қ ,  

р е с п у б л и к а л ы қ 

конкурстардың ла-

уреаты музыкалық 

білім мамандығының 2 курс студенті Азат 

Қабиев,  жаңадан  құрылған  «Жас  Нұр» 

аспапты-композициялық  тобы,  дизайн 

мамандығының  4  курс  студенттерінен 

құралған  «ХХІ  ғасыр»  тобы  және  басқа 

да  өнерпаздар  өз  өнерлерін  көрсетті. 

Көңілді әндер мен патриоттық жырға толы 

кеш  соңы  облыстық  «Дала  дарындары» 

байқауының  бас  жүлдегері,  би  және  саз 

өнері  бөлімінің  студенттерінен  құралған 

«Қорған» тобының орындауындағы Қуаныш 

Қисметовтың әнұранға айналған «БҚМУ» 



әнімен аяқталды. 

Алпамыс ШАРИмов,

 

би және саз өнері бөлімінің 

студенттік деканы

 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет