Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет127/482
Дата17.10.2023
өлшемі30,13 Mb.
#116775
түріБағдарламасы
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   482
Байланысты:
1240 leumettanu negizderi

Қайта әлеуметтену
Әлеуметтену жайлы талдауларымызда айтылғандай, өмір бойы әлеу- 
меттену - әдетте біртіндеп жүретін процесс. Бірақ кейде қоғамдағы 
орнымыз түбегейлі өзгереді, сөйтіп, басқаша өмір сүру үшін өзімізді 
бүрынғыша бағалаудан, өмірлік ұстанымдарымыздан бас тартуға 
мәжбүр боламыз. Жаңа өмір салтына тән сенім мен құндылықтарды 
үйрену процесі қайта әлеуметтену деп аталады. Әдетте бүл термин 
адамның өз өмір салтын тез және еріксіз түрде өзгертуіне мәжбүр 
болған жағдайларға қатысты қолданылады.
Қайта әлеуметтенуге мысал ретінде адамның өмір бойы мүгедек 
болып қалуын келтіруге болады. Мүгедектікке ұшыраған жандар өмір- 
ге бейімделу үшін қарқынды түрде қайта әлеуметтенеді. Олардың әлеу- 
меттік жағдайы мен әлеуеті кенеттен өзгереді. Ал олардың бұрынғы 
өзіндік ұғымдары жаңа өмірімен мүлде үйлеспейді. Олар өз дәретін 
бақылаудан, жүріп-тұрудан немесе киінуден қалуы мүмкін, бұрынғы- 
дай жыныстық қатынасқа түсе алмауы ықтимал. Егер жас адам бол- 
са отбасын құрып, бала сүйе аламын ба деген сұрақтар төңірегінде 
толғануы ғажап емес. Егер ересек адам болса, онда сүйікті жұбай неме­
се ата-ана ретінде өз орнын қайта бағалауы керек болады. Өміріндегі 
мұндай өзгерістер одан өзін-өзі бағалауын түбірімен қайта айқындау- 
ын талап етеді. Егер өзін-өзі бағалау деңгейін көтеру керек болса, онда 
басымдықтарды қайта анықтап, жаңа, физикалық белсенділігі томен 
мінез-құлық қалыптастыруы тиіс.
Қайта әлеуметтену - өміріндегі 
өзгерістерге байланысты адамның 
өзін-өзі бағалауын өзгертіп, 
қалыптасқан өмір салтынан бас 
тартуы (көбінесе еріксіз).


110
3-ТА РАУ
Арнайы мекемелер - түбірімен 
қайта әлеуметтендіру мақсатында 
өмірдің барлық саласы қатаң 
бақыланатын орындар.
Қоғам қайта әлеуметтенуді саналы түрде қолдануы мүмкін. 
Адамдардың мінез-құлқы әлеуметтік қиындықтар тудырған жағдай- 
да (мысалы, қылмыскерлер, маскүнемдер немесе психикасы бұзылған 
адамдар) қогам оларды бұрынғы өмірінен бас тартып, қалыпты шарттар- 
ды қабылдауға мәжбүрлеуі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   482




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет