Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет125/482
Дата17.10.2023
өлшемі30,13 Mb.
#116775
түріБағдарламасы
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   482
Байланысты:
1240 leumettanu negizderi

Е р е с е к ө м ір
Алдын ала әлеуметтенудің арқасында көпшілігіміз жұбай, ата-ана, 
жұмысшы ретінде өз міндеттерімізге біршама дайын боламыз. Ере­
сек болып саналатындардың отбасы мен қоршаған ортаны қабылдау
дағдылары қалыптасқан, көзқарастары дамыған және мақсаттары да 
Алдын ала әлеуметтену-
айқындалған. 
Алдын ала әлеуметтену 
ешқашан жеткілікті деңгей- 
болашақта қабылдайтын рөл- 
де болмайтындықтан белгілі бір кәсіппен айналысқысы келетін кез 
дерімізге дайындайтын процесс.


108
3-ТА РА У
І
Алдын ала әлеуметтену 
бізді болашақта атқаратын 
рөлдерімізгедайындайды. Балалар 
ана мен әкенің өзін қалай ұстау 
керектігін өз көздерімен көреді.
әлеуметтану және 
сіз
Теледидар, интернет желісі, 
билбордтар және басқа жерлердегі 
жарнамалар әлеуметтендіруде 
маңызды рөл атқарады. Мысалы, 
Soda жарнамалары бір брендтің 
басқаларға қараганда дәмді екенін 
көрсетіп қана қоймай, сол брендтің 
пайдаланушылары көңілді, 
бай, тартымды және басқаларға 
қарағанда танымал екендігіне 
көз жеткізуге тырысады. Сіздің 
сүйікті сусыныңыз қалай 
жарнамалануда?
Кәсіби әлеуметтену -
белгілі 
бір кәсіпке сай білім алып, соған 
қажетті дағдылар мен мәдени 
құндылықтарды үйрену процесі.
келген адам алдымен кәсіби әлеуметтенуден өтуі тиіс. Кәсіби әлеу- 
меттенудің мақсаты - белгілі бір кәсіпке сай білім алып, соған қа- 
жетті дағдылар мен мәдениетті үйрену. Полиция қызметкерлерін 
дайындау осы тенденцияның жақсы үлгісін үсынады.
Полиция академиясына бірнеше ай бойы бақылау жүргізген 
әлеуметтанушы Норман Контидің (2009) айтуы бойынша, билікке 
(полиция басшысына) мойынсүну және сыйлау полиция мәдение- 
тінің басты бағьггы болып саналады және жаңадан қабылданған- 
дар оқуды содан бастайды. Бұл жаттығулардың көпшілігі, мысалы, 
аяқкиімін мүқият жылтыратпағаны үшін немесе дене шынықтыру 
жаттығуларын нашар орындағаны үшін масқаралауға, мазақ қылуға 
немесе жаман сөздермен ұрсуға негізделген. Сонымен қатар жаңадан 
қабылданғандар түрлі кемсіту рәсімдерінен өтуі тиіс. Мысалы, Кон­
ти бақылаған академияда әскерге жаңа шақырылғандар азаматтық 
тұлғаны немесе офицерді көрген сәтте «пошта» деп айқайлап, содан 
кейін жақын қабырғаға жүгіріп барып, офицер оларды босатқанша 
сол қабырғаға сүйеніп түруы керек екен.
Академиядағы оқыту құқықтық мәселелер мен мылтық ату 
сияқты жаттығуларды қам гитыны белгілі. Ал айлар бойғы жаттығу 
кемсіту рәсімін артықшылықпен (мысалы, полиция формасын кию 
құқығы) теңдестіреді, полиция қызметкерлері қатарына қабылдан- 
ған жағдайда бұл үлкен мақтаныш. Дегенмен билікке мойынсүнба- 
ған кез келген адам сөзсіз тез арада оқудан шығарылады (Conti, 2009). 
Масқаралау мен марапаттаудың бұл қосындысы түлектердің поли­
ция дағдылары мен полиция мәдениетін толығымен қабылдауына 
кепілдік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   482




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет