Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет263/482
Дата17.10.2023
өлшемі30,13 Mb.
#116775
түріБағдарламасы
1   ...   259   260   261   262   263   264   265   266   ...   482
Байланысты:
1240 leumettanu negizderi

НӘСІЛДІК ЖӘНЕ ЭТНОСТЫҚ ТЕҢСІЗДІК
229
Сонымен бірге символдық интеракционизм теориясы нәсіл 
мен этнос ұғымдарының өзгеру себептерін түсінуге ықпал етеді. 
Символдық интеракционизм бізді қоғамдағы негізгі түсініктері- 
нің (мысалы, «ақ нәсілді» және «нәсіл» мағыналары) уақыт өте келе 
әлеуметтік әрекеттесу арқылы қалай өзгергенін зерттеуге шақыра- 
ды. Мұндай зерттеулер сондай-ақ конфликт теориясына да негізде- 
леді. Өйткені әртүрлі топтардың осы ұғымдарының мағынасынан 
қалай және неге алыстағанын зерттейді.
Нәсілдік және этностық
теңсіздіктің орнауы
Бүл тарауда нәсілдік және этностық теңсіздіктің күшеюіне дискри­
минация (стереотиптермен бірге), сегрегация және заңдастырылған 
нәсілшілдік қалай эсер ететіні қарастырылады. Сонымен қатар нәсіл 
мен этносқа негізделген дискриминацияның өршуіне әлеуметтік 
тапқа негізделген дискриминацияның себеп болуы талқыланады 
(«Ұғымдардың қорытындысы», «Нәсілдік және этностық теңсіздіктің 
құрылымдық блоктары»).
Бұрмаланған пікір
Бүрмаланған пікір - белгілі бір адамдардың тобы жөнінде дәлелсіз 
теріс пікірде болу.
Ондай пікір фактілердің негізінде емес, оған қарсы пайда бола- 
ды. Мысалы, Джейн Америкадағы италиялықтардың бәрі мафиямен 
байланысты деп санаса, заңға бағынатын миллиондаған америкалық 
игалиялықтардан аулақ жүруге тырысады. Егер италиялық адал адам 
болса, америкалық оны ілуде бір кездесетін ерекше жайт деп шешеді. 
Сол сияқты, Барак Обаманың АҚШ президенті болып сайлануына 
кейбір «ақ» америкалықтар қарсылық білдірген. Демек, бұл афроаме- 
рикалықтарға қарсы пікір бар екенінің дәлелі. (Бұл тақырып «Амери- 
кадағы әралуандық: нәсіл және Обаманың президенттігі» бөлімінде 
талқыланады.)
Бұрмаланған көзқарастың ерекше және басты түрлерінің бірі -
нәсілшілдік. Нәсілшілдік- жеке тұлғаның қабілеттері нәсілге тән фи- 
зикалық айырмашылықтарға байланысты және бұл - теңсіздік үшін 
заңды негіздеме деп санау.
Бүгінгі күні нақты нәсілшілдік бұрынғымен салыстырғанда 
азайған. Оның орнына нәсілшілдік дальтонизмге жиі куә боламыз. 
Нәсілшілдік дальтонизм барлық нәсілдер бірдей, нәсілдер арасын- 
да теңдік орнаған деген пікірді басшылыққа алады. Сондықган аз- 
шылық топтың табысқа жете алмауын өз кінәсі деп пайымдайды. Бұл 
үстаным көптеген «ақ» америкалықтардың нәсілшілдікпен күресуі- 
не немесе азшылықтардың мүмкіндіктерін жақсартуға бағытталған 
саясатқа қарсы шығуына себеп (Bobillo & Kluegel, 1993; Quillian, 1996; 
Herring, 2003; Bonilla-Silva, 2006; Bonilla-Silva & Dietrich, 2011) болды. 
Адамдардың мүндай саясатқа қарсылық білдіруі нәсілшіл болуымен 
байланысты ма, әлде мемлекеттің кез келген тұлғаның атынан мәсе- 
леге араласуына қарсы болғаны ма - оны айту қиын (Quillian, 2006).
Бұрмаланған пікірдің негізгі құрылымдық бөлігі - стереотиптер. 
Стереотип - топ мүшелеріне қатысты алдын ала үйғарылған, күмән- 
сіз, қарапайым пікір. Мысалы, барлық денелі, күшті адамдар дөрекі
Бұрмаланған пікір - бұл
адамдарды белгілі бір санатқа 
жатқызуда иррационалды, бүрыс 
пікірде болу.
Нәсілшілдік - жеке тұлғаның 
қабілеттері мен нәсілге тән 
физикалық айырмашылықтарына 
байланысты және бүл - теңсіздік 
үшін заңды негіздеме деп санау.
Нәсілшілдік дальтонизм барлық 
нәсілдер бірдей, нәсілдер арасында 
теңдік орнаған деген пікірді 
басшылыққа алады.
Стереотип - топ мүшелеріне 
қатысты алдын ала үйғарылған, 
күмәнсіз, қарапайым идея.


230


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   259   260   261   262   263   264   265   266   ...   482




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет