Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of


Нәсіл, тап және гендер проблемаларына ерекше назар аудару



Pdf көрінісі
бет39/482
Дата17.10.2023
өлшемі30,13 Mb.
#116775
түріБағдарламасы
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   482
Байланысты:
1240 leumettanu negizderi

Нәсіл, тап және гендер проблемаларына ерекше назар аудару.
«Әлеуметтану негіздері» оқулығы нәсіл, тап және гендер проблемала­
рына баса мән береді. Бұл тақырыптардың әрқайсысына белек тарау 
арнадық, әрі бұл жайттар «Америкадағы әралуандық секцияларында, 
басқа да бөлімдерде кеңінен талқыланады.
Ғаламдық проблемалар. 
«Әлеуметтану негіздерінің» бұл басылы- 
мында да басты ғаламдық проблемаларға кеңінен орын берілді. Мұны 
әсіресе «Ғаламдық проблемаларға көзқарас» деген таблицалардан, ға- 
ламдық стратификация, әлемдегі денсаулық сақтаудың жайы туралы 
бөлімдердегі әлемдік діндер, ана өлімі проблемалары жөніндегі карта- 
лардан, әр бөлімдегі тақырыптық зерттеулерден және таблицалардан 
байқауға болады.
Студенттердің күнделікті өмірі. 
Бүл кітаптың негізгі мақсаты - сту- 
денттерді әлеуметтанудың тұжырымдамалары мен бағыттарына қы- 
зықтыра білу. Бұл үшін біз қазіргі жастардың күнделікгі өмірінен мы- 
салдарды көп келгірдік.


Қ оғам т у р а л ы іл ім
Тарау тағылымы
Осы тарауды оқығаннан
кейін студенттер:
әлеуметтану, қоғам және 
әлеуметтік қиял терминдерін 
түсінетін болады және қолдана 
алады;
әлеуметтанудың негізін 
салушыларды және олардың 
ғылымға қосқан басты-басты 
улестерін білетін болады;
В зерттеу процесіндегі негізгі бес 
қадамды және олардың өзара 
байланысын түсінетін болады;
В 
әлеуметтануда
қолданылатын негізгі зерттеу 
әдістерін және олардың күшті 
және әлсіз жақтарын анықтай 
алады.
В 
әлеуметтанудағы үш негізгі 
көзқарасты сипаттап бере 
алады;


32
1-ТА РА У
Әлеуметтану дегеніміз не?
Әлеуметтік өмір туралы білгіміз келгенде ең алдымен, көпшілігімізді 
қызықтыратыны жеке тұлғалар туралы мына сияқты сауалдардың 
жауабы: «Тереза неге өзін сыйламайтын ер адамдармен араласа бе- 
реді?», «Майк неге ауруға шалдыққанға дейін ішуді тоқтатпайды?», 
«Spice Girls тобы кейбіреулерге неге ұнайды?». Көп жылдан бері білетін 
адамдарымыз үйленгенде немесе жұмыс орындарын өзгерткенде ай- 
тарлықтай өзгеретініне таңғаламыз.
Егер Тереза әлемдегі жар таңдай алмайтын жалғыз әйел болса, 
ал Майк ішкілікке салынған жалғыз еркек болса, онда олардың мі- 
нез-құлқын жеке басының ерекшелігіне қарап түсінуге тырысар едік. 
Алайда өзгелермен қарым-қатынасы сәтсіз болып, маскүнемдікке ұшы- 
рап жататындар жиі кездеседі. Біз, сондай-ақ ерлермен салыстырғанда 
әйелдердің қарым-қатынасты сақгау үшін өз мүдделерінен көбірек бас 
тартатынын, ал еркектер басына қиын іс түссе араққа салынатынын да 
білеміз. Тереза мен Майкты түсіну үшін олардың жағдайын кеңінен қа- 
растыру қажет, яғни кейбір топтарды басқалардан өзгеше әрекет жасауға 
итермелейтін себептерді зерттеуіміз керек.
Тіпті одан да кеңірек ауқымда қоғамның адамдарға қалай эсер 
ететінін зерттеу керек болады. Қоғам - қауымдастық пен ұлтты не­
месе географиялық аумақты, экономикалық, мәдени және саяси бай- 
ланыстарды және жеке мінез-құлық пен өзара әрекеттесуге қатысты 
сенімдерді тоғыстыратын, үзақ уақыт өмір сүретін үлкен топтастық. 
Әлеуметтану - әлеуметтік топтарды, әлеуметтік өзара әрекеттесуді 
және қоғамды жүйелі түрде зерттейтін ғылым. Ғылымның бұл саласы 
Терезаның, Майктың, басқалардың да басына түсуі ықтимал өмірдегі 
жағдайларға баса назар аударады.
Қоғам - тұрақты қауымдастық, 
ұлт немесе бір аумақтағы, 
экономикалық, мәдени және саяси 
байланыстарды және әлеуметтік 
сенімдерді тоғыстыратын үлкен 
топтастық.
Әлеуметтану - адамзат қоғамын, 
әлеуметтік топтарды және 
әлеуметтік өзара әрекеттерді 
жүйелі түрде зерттейтін ғылым.
Әлеуметтік құрылым - белгілі бір 
қоғамды құрайтын топтық қарым- 
қатынастардың қайталанып 
отыратын үлгілері.
Әлеуметтік қиял - жеке адам 
мәселесін, негізгі әлеуметтік 
құрылымдарды, аз дегенде 
ішінара түсінуді көрсететін 
қабілет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   482




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет