Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет38/482
Дата17.10.2023
өлшемі30,13 Mb.
#116775
түріБағдарламасы
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   482
Байланысты:
1240 leumettanu negizderi

Басты ұстанымдар
Бұл кітап екі түрлі ұстаным жүйесінің аясында жазылған. Біріншіден: 
біз нақтылық, тепе-теңдік, сыни ойлау, түсініктілік және жаца зерт- 
теулерді пайдалану сияқты үстанымдарды негізге алдық. Екіншіден: 
нәсіл, тап және гендер; ғаламдық проблемалар және Америка жаста- 
рының күнделікті тұрмыс-тіршілігі сияқты басты тақырыптарга 
көбірек көңіл бөлдік.
Нақтылық. 
«Әлеуметтану негіздері» шағын, ықшам оқулықпен оқыту- 
ды қалайтын профессорлардың талабын қанағаттандыруға арналған. 
Біздің мақсатымыз - семестрлік жүйемен сабақ беретіндер үшін кі- 
тапты шағын етіп, онда студенттердің әлеуметтануға қызығушылы- 
ғын оята алатындай мазмұнды мәтіндерді топтастыру. Егер студент- 
тер белгілі бір тақырыптың тереңіне сүңгігісі келсе, онда оны басқа 
қосымша әдебиеттерден оқи алады.
Теңгерім. Бүл оқулықтың басты мақсаты - әлеуметтанудың басты үш 
бағытына жан-жақты, объективті көзқарастарды ұсыну. Бүл бағыт- 
тардың әрқайсысы I тарауда сипатталған. Келесі бөлімдерде әр бағыт 
туралы нақтырақ айтылады. Бұл бағыттардың әрқайсысына қатысты


30
КІРІСПЕ
көзқарасы әртүрлі болса да, оқытушылар бұл оқулықты еркін пайда- 
лана алады.
Сыни ойлау. 
Профессорлар мен студенттер оқулықтың өн бойынан 
сыни ойлауға, интеллектуалдық пікірталасқа жетелейтін түрлі мате- 
риалдарды таба алады.
Түсініктілік. 
Кітаптың бұрынғы басылымдары сияқты, бүл нұсқа- 
ны да студенттердің оқуына жеңіл, қызықты етіп жазуға тырыстық. 
Оның үстіне бұл оқулықта біз визуалдық материалдарға көбірек ден 
қоятын студенттерге арнап - көрнекі суреттер, карталар мен сызба- 
ларды молынан пайдаландық.
Жаңа зерттеулер. 
Бұл кітапта саладағы ең соңғы зерттеулерге, со- 
нымен бірге атеизмнің белең алуы, экономикалық дағдарыс сияқты 
«күйіп тұрған» тақырыптарға көбірек көңіл белуге күш салдық. Сту­
денттерге жаңа нәтижелерді ұсынып, соңғы мәліметтерді беру үшін 
басты журналдарға, салалық басылымдарға баса ден қойдық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   482




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет