Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет433/482
Дата17.10.2023
өлшемі30,13 Mb.
#116775
түріБағдарламасы
1   ...   429   430   431   432   433   434   435   436   ...   482
Байланысты:
1240 leumettanu negizderi

АҚШ-тың экономикалық жүйесі
Жекешелендіру - мемлекеттік 
қызметтердің корпорациялар 
ретінде «төселу» процесі, осы 
қызметтердің корпоративтік 
үлгіде қайта қаралуы немесе 
оларды үкіметтің жауапкершілігі 
емес, қайта жеке таңдау ретінде 
анықтау.
Бастауыш сектор - экономиканың 
қоршаған ортадан шикізат алумен 
айналысатын бөлігі.
Неге заңгерлердің табысы мектеп үстаздарынан артық? Нью-Йорк 
пен Лос-Анджелестегі шағын азық-түлік дүкендерінде неге көбі- 
не кореялық иммигранттар жүмыс істейді? Неге фермерлердің 
балалары арасында шаруашылықты жалғастыратындары сирек? 
Университетті бітірген соң табысыңыз қанша болады деп ойлай- 
сыз? Осы сұраңтарға жауап беру үшін бізге жалпы экономикалық 
жағдайды түсіну керек. Бұл үшін біз үш тақырыпты қарастырамыз: 
постиндустриалдық экономика, корпоративтік экономика және 
Wal-Mart экономикасы.
Постиндустриалдық экономика
Индустриалдылыққа дейінгі экономикада жұмыс күшінің негізгі 
бөлігі бастауыш секторда жұмыс жасайды. Бастауыш сектор - эконо- 
миканың қоршаған ортадан шикізат өндірумен айналысатын бөлігі. 
Бұл секторға ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы, балық шару- 
ашылығы, аңшылық және пайдалы қазбаларды игеру жатады. Еуро- 
пада шамамен 500 жыл бұрын осылай болған, мұндай жағдай дамуы 
төмен елдерде әлі де кездеседі.


САЯСАТ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКА
387
Өнеркәсіп революциясы бастауыш сектордан екінші деңгейге 
өтуге алып келді. 
Е к і н ш і д е ң г е й д е г і с е к т о р
- экономиканың шикі- 
затты өңдеумен айналысатын бөлігі. Мысалы, болат құю, тоқыма 
және 
ж и һ э з
өнеркәсібі шикізатты кенге, мақтаға және ағаш өнімдері- 
не айналдырады. Екінші деңгейдегі сектордың өзге салалары кейін 
осы материалдардан автокөлік, киім және жиьаз шығарады.
Постиндустриалдық экономика - экономиканың қызмет көрсе- 
туді ұсынатын үшінші секторына сүйенеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   429   430   431   432   433   434   435   436   ...   482




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет