АҚШ-тағы нәсілдік және
этностық теңсіздіктің
болашағы
Соңғы онжылдықта аз ұлт топтарының әлеуметтік мәртебесі біршама
жақсарғаны байқалады. Оның дәлелі - афроамерикалықтың АҚШ пре
зидент! болып сайлануы. Сөйтсе де теңсіздік әлі сақталып отыр. Бұл қо-
рытынды тарауда нәсілдік және топтық жіктеуге қатысты ой-пікірлер
келтіріледі және теңсіздікті жою стратегиялары сипатталады.
Қосарланған жаза қаупі -
стратификация жүйесінің
екі өлшемі бойынша адам
мәртебесінің томен болуы.
Теңсіздікпен күрес: нәсіл ме әлде тап па?
Осы және 7-бөлімде адамның бір жағынан, әлеуметтік таптағы орны,
екінші жағынан, нәсілі мен үлты оның өміріне қалай эсер ететінін көр-
сеттік. Егер адамның мәртебесі екеуінде де томен болса оған қосарланған
жаза қаупі төнеді. Мысалы, кедей афроамерикалық, латынамерикалык
және байырғы америкалық жасөспірімдер ақ нәсілді жасөспірімдермен
салыстырғанда жиі жұмыссыз жүреді немесе өмірін түрмеде өткізеді.
Әлеуметтанушылар АҚШ-тағы теңсіздікке нәсілдік және таптық
жіктеу ықпалының артуын қызу талқылауда. Зерттеушілер «афроаме-
рикалықтардың мәселесі нәсілдік және таптық топтарға жіктелуге бай-
ланысты ма» деген сұрақ қояды. Белгілі афроамерикалық әлеуметтану-
шы Уильям Дж. Уильсон өзінің бірнеше кітабы мен мақаласында (1978,
|