Жаңа нәсілдік / этностық бөлініс пе?
Тиімді іс-шаралар бағдарламасы аясында афроамерикалықтармен ара-
лас америкалық азиаттар, латынамерикалық және байырғы амери-
калықтар «аралас нәсілді» деп аталды (Lee
&
Bean, 2007). Мүндай жіктеу
АҚШ қоғамында бүрыннан қалыптасқан «ақ нәсілді / ақ нәсілді емес»
деп бөлінуді күшейте түседі. Америка тарихында адамның арғы атасы-
ның бірі африкалық екені белгілі болса, онда ол адам афроамерикалық
деп саналған (мысалы, оларға ақ нәсілділермен неке құруға тыйым са-
лынған). Сондай-ақ XX ғасырға дейін «ақ нәсілді емес» деп есептеген-
діктен азиялықтардың, латындардың байырғы америкалықтардың
азаматтық алу құқығы, басқа да құқықтары болмаған (Lee & Bean, 2007).
Мұндай «ақ нәсілді / ақ нәсілді емес» деп бөліну азайып келе жа-
тыр. Кейбір деректерге сүйенсек, АҚШ үш топқа бөлінеді (ақ нәсіл-
ді, афроамерикалық, латынамерикалық). Басқа деректерге қарасақ,
америкалықтар арасында афроамерикалықтар мен «қара нәсілді /
|