Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega



Pdf көрінісі
бет463/870
Дата07.01.2022
өлшемі30,13 Mb.
#17398
түріБағдарламасы
1   ...   459   460   461   462   463   464   465   466   ...   870
Теңсіздікті жеңу стратегиялары

АҚШ-та нәсілдік және этностық теңсіздікті жоюдың басты сгратегия- 

сы  -  дискриминацияға  қарсы  күрес  жүргізу  және  заңды  іс-шаралар 

қолдану.  1964 жылдан  бастап АҚШ ресми түрде нәсіліне, түсіне, діні- 

не,  жынысына  және  шыққан  тегіне  байланысты  дискриминацияға 

қарсы  заңдар  қабылдап  келеді.  Мүндай  заңдар  маңызды  рөл  атқара- 

ды.  Мемлекет әртүрлі нәсілдер  мен ұлттар  арасындағы некені  заңды 

деп  мойындап,  афроамерикалықтарға  дауыс  беру  және  мемлекеттік 

мектептерде білім алу құқығын берді. Сонымен  қатар газет беттерін- 

де жүмысқа  ақ нәсілділерді ғана  қабылдау туралы хабарландырулар 

беруге тыйым салынды.

Дискриминациям қарсы қабылданган заңдар кемсітуді заңсыз деп 

жариялады. Бұл заңдар жұмыс  берушілерден,  мектептерден  және тағы 

басқа белсенді қызмет атқаратын топ өкілдерінен дискриминацияға ду- 

шар болған тұлғаларга көмек көрсегуін талап етеді. Бірақ тең мүмкіндік- 

тер саясатын іске асыру заң шығару секілді оңай болмай тұр.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   459   460   461   462   463   464   465   466   ...   870




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет