252
8-ТА РА У
қара нәсілді еместер» деп бөліну басталды. Еврейлер мен италиялық-
тар сияқты америкалық азиаттардың, байырғы америкалықтардың
және латынамерикалықтардың терісінің түсі қоңырқай болуына
байланысты, әсіресе орта тап өкілдері болса ақ нәсілдіге жатқызыл-
ды (Frank, Redstone&Lu 2010; Gans 2005; Gallagher 2004; Lee&Bean 2007).
Афроамерикалықтармен салыстырғанда, азиялықтар, латынамери-
калықтар және байырғы америкалықтар мен ақ нәсілділер арасында
отбасын құру жиі кездеседі. Сонымен қатар ата-анасының бірі - ақ нә-
сілді, екіншісі афроамерикалық болса, бала өзін афроамерикалық деп
таниды. Өйткені оны айналасындағы адамдар солай қабылдайды. Ал
жартылай азиялық немесе жартылай латынамерикалық болса оған аса
мән берілмейді (Lee & Bean2007; Tafoya et al, 2005).
Достарыңызбен бөлісу: |