ӘЛЕУМЕТТІК ӨЗГЕРІСТЕР
445
Технология және әлеуметтік өзгерістерге
теориялық көзқарастар
XIX ғасырдан бастап әлеуметтанушылар технология мен әлеуметтік
өзгерістердің арасындағы байланысты зерттеді. 1-бөлімнен байқа-
ғанымыздай, көптеген әлеуметтанушылар өндірістік революция-
ның салдарын және одан туындаған әлеуметтік өзгерістерді бақы-
лау үшін ғылыммен айналыса бастаған. Бұл тарауда технология мен
әлеуметтік өзгеріс арасындағы байланыстардың құрылымдық-функ-
циялық және конфликт теориялары тұрғысынан түсіндірілуі қарас-
тырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |