Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega



Pdf көрінісі
бет806/870
Дата07.01.2022
өлшемі30,13 Mb.
#17398
түріБағдарламасы
1   ...   802   803   804   805   806   807   808   809   ...   870
Экологиялық қозғалыстың болашағы

Осы  күнге  дейін  экологиялық  қозғалыс  бірқатар  жеңіске  жетті.  Қо- 

қыстың қайта  өңделуі артты.  Адам  аяғы  баспайтын  табиғи  орындар 

құрылды  және  жойылып  бара  жатқан  жануарларды  қорғайтын  заң 

қабылданды.  Алайда  1980  жылдары  үкіметке,  салыққа  қарсы  қозға- 

лыстар және таза іскерлік ахуал қоршаған ортаны қорғауға бағыттал- 

ған экономикалық және саяси қолдауды азайтты.



444

15-ТАРАУ

Технология дегеніміз - құралдар 

жасау және табиғи ресурстарды 

қолдану ушін адам білімін 

қолдану.

Экономикалық  дағдарыс  басталғалы  бері  америкалықтар  на- 

рықты қолдауға  баса  мән  беріп, экология  еленбей қалды:  2009  жылы 

Gallup  Poll  зерттеушілері  жүргізген  сауалнамада  америкалықтар 

соңғы  25  жылда  алғаш  рет  қоршаған  ортаны  қорғағаннан  гөрі  эко- 

номикаға  мән  беру  керек  деп  жауап  берген.  2011  жылғы  сауалнама 

нәтижесі бойынша, америкалықтардың тек 36 пайызы ғана қоршаған 

ортаны қорғау керек деп санайды  (Gallup.com,  201  Id).  Сонымен қатар 

көптеген ғалымдар климаттың өзгеруі планетаны түбегейлі өзгертеді 

дейді. Бірақ америкалықтар мен америкалық саясаткерлер бұл оймен 

келіспейді.

Осындай  мәселе  туындаған  соң  экологиялық  қозғалыстар  қазір 

олардың  ісін  қолдайтын  және  жергілікті  климат  өзгерісіне  мән  бе- 

ретін саясаткер таңдаумен, жас экологтарды белсенді болуға үндейтін 

шерулер өткізумен, сондай-ақ бұл іске әлеуметтік тораптарды жүмыл- 

дырумен айналысып жатыр (Kaufman, 2011).



Технология

Әлеуметтік  қозғалыс  арқылы  адамдар  қоғамды  өзгертуге  тырысады. 

Басқа  жағдайларда  адамдардың  сүранысы  қарапайым  болғанымен, 

үлкен  әлеуметтік өзгеріс болуы  мүмкін.  Технологиямен байланысты 

жағдай дәл осындай.

Біздің күнделікті өмірімізде технология айрықша орын алады. 

Бүгін сіз  алдын  ала даярлау тетігін  белгілі бір уақытқа  басып қой- 

ған электрлі кофе  аппаратынан бұрын оянып, үялы телефонға кел- 

ген  хабарламаларды  оқып  шығып,  смартфоннан  музыка  тыңдап, 

содан кейін  барып таңғы асыңызды ішкен боларсыз.  Қазіргі техно­

логия бұрынғыдан қуатты  әрі қауіпті:  автокөлік пен ядролық бом- 

баның  жойқын  күші  жылқы  жегілген  арба  мен  қылыштан  асып 

түседі. Сондықтан технологиялар енгізетін әлеуметтік өзгерістерге 

де мән беру қажет.

Технология  д еген ім із  -   адамның  білімі  арқылы  қүралдар 

жасау  және  табиғи  ресурстарды  пайдалану.  «Технология»  термині 

тек құралдарға  байланысты  емес (материалдық мәдениет), сонымен 

бірге  біздің  тұжырымдарымызға,  құндылықтарымызға  және  біздің 

соған көзқарасымызға  байланысты да қолданылады. Бүгінгі жоғары 

технологиялар саласындағы заманауи жетістіктерді ғана технология 

деп санауымыз дүрыс емес, оған қарапайым керамика мен тоқылған 

себет  те  жатады.  Демек,  технология  адамзат  тарихының  басталуы- 

нан мәдениеттің құрамдас бөлігіне айналған.

Технология қоғамның даму шегін айқындайтындықтан техноло- 

гиялық инновациялар -  әлеуметтік өзгерістің басты қозғаушы күші. 

Бұдан бұрын 4-бөлімде көргеніміздей, технология аң және балық ау- 

лау мен бағбаншылықты сол кезде ауыл шаруашылығына, кейіннен 

өнеркәсіптік,  одан  соң  постиндустриалдық  қоғамға  айналдырды. 

Қазіргі  таңда  мәдениет  пен  қоғамның  өзгеруіне  қарай  пайда  бола- 

тын жаңа сұраныстарды қанағаттандыру үшін жаңа технологиялар 

енгізіліп  жатыр.  Бұл  үздіксіз  жалғасатын  цикл  іспетті.  Әлеуметтік 

өзгерістер жаңа технологиялардың пайда  болуына да,  олардың қол- 

данылуына да  себепкер  болып  отырады.  Бұл  тарауда  біз  әлеуметтік 

өзгерістерден  пайда  болған  екі  технологияның теориясын  қысқаша 

қарастырамыз.  Мұнан  соң  жаңадан  енгізілген  репродуктивті  және 

ақпараттық  технологиялардың  артықшылықтары  мен  кемшілікте- 

рін талқылаймыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   802   803   804   805   806   807   808   809   ...   870




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет