ӘЛЕУМЕТТІК ӨЗГЕРІСТЕР
443
° с ВОБОДИТЕ АКТИВИСТ
^ 5
_
С П А С И Т Е А Р К Т И К У
pREE OUR ACTIVISTS
S A V E T H E A R C T I C
3R=I
I Экологиялықбелсенділер конгреске
I шағымданудан бастап арандатуға
дейінгі түрлі әдістерді қолданды.
Бұл қайы қ- «Гринпистің» Мексика
өзендерінің ластануына қарсы
науқанының бір бөлігі.
күресушілер төтенше әрекетке барады. Мысалы, Юта штатында
«қаракүзенді азат етушілер» аң терісі шаруашылығындағы хайуа-
наттарды босатып жіберді. Штатты азық-түліктің басым бөлігімен
қамтып отырған жүн зауыты кооперативін, жылына 20 млн. дол
лар табыс кіргізетін ішік-тон өнеркәсібін талқандады. Тіпті былға-
ры дүкендерін өртеп жіберді.
Мұндай әрекеттер экологиялық қозғалысты насихаттау үшін
және қатысушыларды белсенділікке шақыру үшін жасалғанымен
олар өз бетімен жеңіске жете алмайды. Өртеу, жануарларды босату
және қирату деген - уақытша ғана жеңіс. Ал ормандарды, жабайы
табиғатты және қоршаған ортаны қорғауда тұрақты жеңіске жету
үшін сот шешімдері, заңгерлер күресі және басқа әдістер болуы керек.
Осылайша, кәсіби, ерікті, консервативті және радикалды ӘҚҰ жалпы
қозғалыстың алға жылжуына көмектеседі.
Кәсіби экологиялық ӘҚҰ - Сьерра Клуб, қоршаған ортаны қорғау
қоры, Ұлттық Одюбон қоғамы және басқалары - қала маңының өсуін
тоқтату, бөгет жобасымен келісім жүргізу, таза ауа туралы заңның
сақталуы үшін Конгреске хат жазды. Мемлекеттік саясатты өзгертуін
талап ету және қажет кезде соттан тыйым салу актісін алу үшін заң-
герлерге қосымша ақы төленеді. Сондықтан да олар қоршаған ортаны
қорғайтын және корпорацияга зияны тимейтін корпоративті саясат
жасап шығару үшін ірі корпорациялармен бірлесе жұмыс істейді. Мы
салы, қоршаған ортаны қорғау қоры FedEx компаниясын жүк көлік-
терінде гибридті жанармай қолдануға итермеледі. Осы өзгерістің
арқасында ауаның ластануы азайды, ал компанияның жанармай
шыгыны қысқарып, беделі артты (Deutsch, 2006; FedEx, 2006).
Достарыңызбен бөлісу: