Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega



Pdf көрінісі
бет765/870
Дата07.01.2022
өлшемі30,13 Mb.
#17398
түріБағдарламасы
1   ...   761   762   763   764   765   766   767   768   ...   870
Постиндустриалдық қалалар

1950 жылдары жаңа үлгідегі қалалар дами бастады. Постиндустриалдық 

қаланың келбетін екі негізгі фактор қалыптастырды. Біріншіден, индуст- 

риалдық қалаларда басымдыққа ие болған өндіріс ошақтары қала маңы- 

на немесе  қала типтес кенттерге көшірілді.  13-бөлімде  айтылған эконо- 

миканың  екінші  секторынан үшінші  қызмет  көрсету  секторына  ауысу 

жүзеге асты. Нәтижесінде, заманауи орталық қалаларда медицина, білім 

беру, ақпаратты өңдеу салалары, ойын-сауық орталықтары және әкімші- 

лік кеңселер  сияқты  «ақ жағалылар» қызметі жедел қарқында дамыды. 

Екіншіден, автокөлік жолдары мен телекоммуникациялық жүйелердің 

дамуы жүмысқа адам күшін талап етпейтін болды.

Ал  постиндустриалдық  қалалардьщ  бас  архитекторы  автокө- 

лікгер  мен автокөлік өнеркәсібі болды. Автокөліксіз жұмысшылар 

мен  компаниялар  қаланың  шетіне  жете  алмас  еді  және  жалғыз 

отбасына  арналған тұрғын үйлер  салынбас еді.  («Алуан түрлі Аме­

рика» тарауында Детройт қаласының индустриалдық қаладан пос- 

тиндустриалдық ұйым мен экономикаға өтуі көрсетілген).

ҚАЛА  АУМАҒЫНЫҢ ҮЛҒАЮЫ  ЖӘНЕ  ШЕТКІ  ҚАЛАЛАР.  Орталық іскер- 

лік аудандарды қалалар мен шеттегі қалалар алмастырды. Атлан­

та,  Лас-Вегас  және  Майами  сияқты  постиндустриалдық  қалалар 

географиялық  тұрғыдан  индустриалдық  қалалардан  үлкен.  1940 

жылы орташа қаланың ұзындығы 15 мильден кем болатын; қазіргі 

мегаполистердің ұзындығы 50-75 миль. Сауда жасау үшін автобусқа 

немесе метроға мініп, қала орталығына барудың орнына қазір көбі 

автокөліктерімен  қала  маңындағы  ірі  сауда  орталықтарына  ке- 

теді.  Онда  көптеген  тауар  бөлшектеп  сатылады  және  қызмет  көр- 

сетушілер де осы орталықтарға ауысқан. Сондықтан қала маңында 

үлкен қалалардан бөлек,  өзіндік өмір  салты бар.  Мүндай аймақтар 

шеткері қалалар деп аталады (Garreau  1991).

Шеткері қалалар - әуелгі баста 

пайда болуына түрткі болған 

қалалардан бөлек өмір сүретін 

қала маңы аудандары.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   761   762   763   764   765   766   767   768   ...   870




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет