КАБЕЛЬДІ ТЕЛЕВИЗИЯ Кестеде теледидарлары бар отбасылар туралы бес ел бойынша ақпарат берілген. Сонымен қатар теледидары бар және кабельді телевизияға қосылған отбасылардың пайыздық үлесі ұсынылған.
Мемлекет
Теледидары бар отбасы саны
Теледидары бар отбасылардың барлық отбасымен салыстырғандағы пайыздық үлесі
Кабельді телевизияға қосылған отбасылардың теледидары бар барлық отбасымен салыстырғандағы пайыздық үлесі
Жапония
48 миллион
99,8%
51,4%
Франция
24,5 миллион
97%
15,4%
Бельгия
4,4 миллион
99%
91,7%
Швейцария
2,8 миллион
85,8%
98%
Норвегия
2 миллион
97,2%
42,7%
1-сұрақ: Швейцарияда 85,8% отбасының теледидары бар екені кестеде берілген. Кестедегі ақпаратты ескере отырып, шамамен Швейцариядағы отбасылардың санын анықтаңыз.
A. 2,4 миллион
B. 2,9 миллион
C. 3,3 миллион
D. 3,8 миллион
Осы мысалда интерпретациялау танымдық іс-әрекетінде математиканы қолдану тұрғысынан жағдаяттардың әлеуметтік типі қарастырылып отыр. Оқушылар кестеден қажетті ақпаратты алып, есептеулер жүргізу керек, сондықтан аталған сұрақ статистика элементтері бөлімін өзектендіруге сай келеді.