2-сұрақ: Қайрат кестедегі Франция мен Норвегия туралы ақпаратты зерттеп отыр. Қайрат «Екі ел үшін теледидары бар отбасы саны бірдей шамада болғандықтан, Норвегиядағы кабельді телевизияға қосылған отбасылардың саны артық» дейді. Осы тұжырым неге дұрыс емес екенін түсіндіріңіз.
2-сұрақта оқушылар кестедегі деректерді талдап, дәлелдерін ұсынады. Жауап есептеулер немесе түсіндірмелермен берілуі мүмкін:
Қайрат екі елде теледидары бар отбасы санын ескеру керек;
Оның айтқаны дұрыс емес, себебі Франциядағы теледидары бар отбасы саны Норвегиядан 22 миллионға артық;
Себебі Франция халқының саны Норвегия халқының санынан 10 есе артық;
Франция халқының санының артықтығы теледидары бар отбасылардың артық болуын айтады, сондықтан кабельді теледидары бар отбасылар саны да артық.
Себебі Францияда 24,5 х 0,154 ≈ 3,7 миллион отбасы, ал Норвегияда 2 х 0,427 ≈ 0,8 миллион отбасы кабельді телевизияға қосылған. Францияның кабельді телевизия қолданушы саны көбірек.
Бұл есепті шығаруда оқушылардан пропорцияны түсіну мен математикалық пайымдау талап етіледі. «Кабельді телевизия» тапсырмасында оқушылар берген жауаптардың толық кодтауы мен бағалау түрлері көрсетілген. Бұнда пайымдаудың түрлі нұсқалары қабылданатынын көруге болады және ол бірнеше болуы мүмкін. Басты пайымдау дұрыс болу керек және дұрыс ой қорытынды жасауға әкелу керек. Оқушы бұл тапсырманы орындай отырып, деректермен жұмыс жасау, пайымдау, талдау және дәлелді қорытындылар көрсету біліктерін көрсетеді. Демек, жаңартылған оқыту бағдарламасының негізгі мақсаттарын жүзеге асырсақ, атап айтқанда оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамытуға ықпал жасаймыз. Сонымен қатар оқушылардың пайымдауды талап ететін тапсырмаларды орындап отырса, онда оқушылар жоғарғы деңгейлі тапсырмаларды орындауды үйренеді.
Дереккөз:
ITU, World Telecommunication Indicators 2004/2005 ITU, World Telecommunication/ICT Development Report 2006.
Артқа
Алға
PISA математикалық сауаттылықты бағалау
Математика бойынша PISA бағалауы оқушылардың математиканы әртүрлі контексте тұжырымдау, қолдану және пайымдау қабілеттерін өлшеуге бағытталған. Сондықтан PISA тест тапсырмаларын құрастырушылар математикалық сауаттылық деңгейін бағалаудың бірыңғай үзіліссіз шкаласын жасады. Бұл 1000 балдық шкала 2003 жылғы зерттеуде алғаш рет ЭЫДҰ-ның барлық елі үшін орташа баға 500-ге, стандартты ауытқу 100-ге тең болатындай етіп жасалды.
8.1-кестеде PISA зерттеулерінде қолданылған сұрақтар, яғни нәтижелері жарияланған нақты PISA сынақтары келтірілген. Сондай-ақ кестеде мына ақпараттар көрсетілген:
әр сұрақ бойынша қысқаша түсініктемелермен бірге барлық жауабы;
балмен көрсетілген сұрақтың күрделілік деңгейлері;