Кез келген жұмыста жақын арадағы уақытқа істі жоспарлаудың зор мәні бар. Іс-әрекеттердің нақты жоспары, қай жерде болмасын нәтижелілікті (жеке немесе кәсіби) жоғарылатуға септігін тигізеді.
Есте сақтаңыз, барлық табысты адамдар өз өмірін жоспарлайды. Тайм-менеджменттің маңызды аксиомалары:
Мақсаттарыңыздыжазбашатіркепотырыңыз. Егер қағазда немесе элек- тронды нұсқада сіздің мақсатыңыз жазылмаса, ол мақсат жоқ болып есептеледі.
Өзкүніңіздіжоспарлаңыз. Алдын ала жоспарланып құрылған тапсырмалар тізімдері кез келген қызметтің өнімділігін 25%-ға арттырады.
Үлкентапсырмалардыбөлшектеңіз. Тапсырмалар жоспарын күнделікті бөліп отырыңыз.
Келеңсіз «форс-мажор» жағдайлар болатынын ескеріп, уақыт резервін сақтап отырыңыз.
қағида. Күтілетін нәтижені нақты мақсаттар мен міндеттерге құрыңыз. Стратегиялық және тиімді жоспарлау сауатты мақсат құрусыз мүмкін емес. 3-қағида.Өзіңіздің іс-әрекеттер жоспарын тіркеп отырыңыз
Өз жоспарларыңыз бен міндеттеріңізді көрнекі және нақты етудің бірнеше әдіс-тәсілдері бар.
Сондай тәсілдердің бірі «Гантдиаграммасы».
Гант диаграммасы шағын және орта бизнестегі жұмыстардың түрлі кезеңдерін көрсетуге бағытталған. Ол маңызды екі осьтен құрылады: істер және уақыт. Әрбір уақыт аралығына белгілі бір тапсырманы орындау жүктеледі. Диаграммада негізгі блоктардан бөлек жұмысты орындау пайызын көрсететін қосымша бағана қолда- нылады.