Гант диаграммасында ағымдағы жобаның орындалу мерзімдері мен уақыт ұзақтығы бойынша орындалу кезектілігі көрсетіледі.
қағида.Басымдықтарды анықтаңыз
Басты мақсатты уақытылы және нақты анықтау – өте қажетті және дұрыс шешім. Бірақ басты мәселе қиындығы әртүрлі тапсырмаларды біртіндеп орындау. Басымдықтарды анықтау үшін қарапайым «АВСD тәсілін» қолдануға болады.
«А» – ағымдағы күннің ең басты ісі, «B» – маңыздылығы төмендеу, «С» – маңыз- дылығы орташа және т.с.с.
қағида.Бастыларына мән беріңіз
Уақытты босатудың әрекеттегі техникасы – делегирлеу.
Делегирлеу – өз істеріміздің бір бөлігін басқа адамдарға жүктеу тәсілі
4Dережесі
Уақытты үнемдеудің тағы бір маңызды дағдысы «жоқ»депайтабілу.
«Жоқ» деп айта білу, ең алдымен, сізге ешнәрсе әкелмейтін, қайтарымы жоқ істер мен адамдарға айтылады.
қағида.Өз тәжірибеңізді талдап, тайм-менеджменттің ережелерін құрыңыз.
Өз қателеріңізді зерттеп, оны түзетудің жолдарын іздеңіз. Егер уақытыңыздың босқа кетіп жатқанын сезінсеңіз, тоқтап, талдау жасап, үзілістен кейін өз әрекет- теріңізді оңтайлы етуге тырысыңыз.
қағида.Демалуды жоспарлаңыз
Табыс пен жеке тиімділіктің соңына түсіп кетпеңіз, демалысты да ұмытпаңыз.
Уақытты басқаруда жақсы демалыс – табыстылықтың маңызды құраушысы.
Табысты бизнеске жол жеңістерден ғана тұрмайды, бұл – жеңілістер де, бұл – сенімділік пен күмән, бұл – өзін өзін дамытуға жол екенін ешқашан ұмытпаңыз.
Табыстылық факторлары – сіздің керемет өміріңіздің іргетасы.
Жаттығусыз олимпиада чемпионы бола алмайтыныңыз секілді, табысқа жету жолында жәрдем беретін, табыстың жету негізін қалайтын табыстылық факторла- рын білу қажет.
Табысты болудың тағы да бір маңызды факторларына табандылық пен сенімділікті жатқызуға болады, яғни таңдаған мақсатыңызға жетудегі табандылық пен өз-өзіне деген сенімділік. У. Черчиль өз шәкірттеріне «Ешқашан, ешқашан, ешқашан, ешқашан жеңілмеңіз» деп айтқан.
Сенімділікке ие болу үшін біреулерге өзімен ұзақ та табанды түрде жұмыс жасауы керек, ал кейбірі бала кезінен өзі өзіне сенімді. Көбінде өзіне деген сенімділікке әлеуметтік аспектілер мен жеке жетістіктер себеп болады. Сондықтан да алдымен әлеуметтік пікірден сырттап, өзіңді дамытумен жұмыс жасаған жөн.
Өзіне сенімді адам жетістіктерін, ал өзіне сенімсіз адам сәтсіздіктерін үнемі еске алады.
Біз енді мақсатымыз болып, қаржылық тәуелсіздікке ұмтылсақ, онда біздің қолымыздан барлығы да келеді. Енді Брайан Трейсидің постулаттарын келтіріп көрейік.
Брайан Трейсидің табысқа жетудің 6 факторы:
Өмірде өз құндылықтарыңызды анықтаңыз
Бір мақсатты таңдаңыз және тез арада әрекет етіңіз!
Өзіңіздің күшті және әлсіз жақтарыңызды анықтаңыз.
Өзіңізді әрдайым жетілдіріп отырыңыз.
«Меніңқолымнанкелмейді»немесе«менмұныістейалмаймын»дегенойданау-лақ болыңыз. Кез келген тәжірибені оң қабылдаңыз, сізді не нәрсе де, яғни жеңіс те,жеңілістетабысқажетелейді.
ШОБ-ты мемлекеттік қолдау құралдары: «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы
«Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау және дамытудың бірыңғай бағдарламасы
2.3 «Агробизнес 2017-2021» Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
Микрокредиттеу, кепілдендіру, субсидиялау
ШОБ субъектілерін несиелеу ерекшеліктері. Микрокредит алу үшін құжаттар тізбесі мен кезеңдері