МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУЛАРДЫҢ БІРЫҢҒАЙ ПОРТАЛЫ www.goszakup.gov.kz
Бірыңғай мемлекеттік сатып алулар порталы сізге қажетті алаңның бірі бо- луы мүмкін, яғни бұл электронды мемлекеттік сатып алу қызметіне қол жеткізудің бірыңғай нүктесі.
Аталған порталға сіз мына мекенжай бойынша өте аласыз http://www.goszakup. gov.kz.
Осы портал сізге келесі себептермен пайдалы:
Бұл жерде өткізіліп жатқан барлық мемлекеттік сатып алулар бойынша ақпа- раттар бар;
Егер сіз мемлекеттік органға қандай да бір қызмет түрін көрсеткіңіз немесе тауар жеткізгіңіз келсе, онда мемлекеттік сатып алулар осы порталда өткізіледі;
Тапсырыс беруші мен әлеуетті мердігер арасындағы электронды құжат айна- лымы да осы портал арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік сатып алу тәсілдері
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңға сәйкес мемлекеттік сатып алу мына тәсілдердің бірімен жүзеге асырылады:
«Электрондық мемлекеттік сатып алу» автоматтандырылған интеграцияланған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ЭМС) мемлекеттік сатып алуды нақты уақыт ре- жимінде жүргізуге арналған жүйе. Жүйе тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді
жеткізуге деген тапсырыс берушілердің қажеттіліктері туралы электрондық шарт- тардың жасалуын, олардың шоғырлануын, сатып алу рәсімдерінің жүргізілуін, өнім берушінің белгіленуін, жасалған шарттар және олардың мемлекеттік сатып алу веб-порталында орындалу нәтижелері туралы мәліметтердің жариялануын қамта- масыз етеді.
Электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін:
Ұлттық куәландырушы орталықтан электронды сертификаттар алу.
Пайдаланушы ретінде тіркеліп, ұйымды мемлекеттік сатып алу веб-порталын- да тапсырыс беруші, ұйымдастырушы немесе өнім беруші (сізге ЭЦҚ қажет) рөлі бар қатысушы ретінде тіркеу.
Сертификат бойынша жүйеге кіріңіз және электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысыңыз.
Мемлекеттік сатып алуға қатысуға арналған нұсқаулықты www.goszakup.gov. kz Бірыңғай мемлекеттік сатып алу порталынан алуға болады (сол жақ жоғарғыда
«Анықтама -> Пайдаланушы нұсқаулығы -> Жеткізушінің нұсқаулығын басыңыз, со- дан кейін мемлекеттік сатып алуға қатысу тәсілдері бойынша нұсқауды таңдаңыз) Егер сізде мемлекеттік сатып алуларға қатысты қандай да бір сұрақтарыңыз бен қиындықтар туындаса, жоғары оң жақ бұрышында жиі қойылатын сұрақтарды басуға болады немесе 8 (7172) 72-90-90 техникалық қолдау орталығына хабарла- сыңыз немесе өңірлік кәсіпкерлер палатасындағы мемлекеттік сатып алу бойынша
консультанттармен хабарласыңыз.
Сондай-ақ мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін «Самұрық-Қазына» порталы бар. Бұл порталға www.zakup.sk.kz мекенжайында орналасқан жаңа ИСЭЗ 2.0 плат- формасындағы электрондық сатып алудың ақпараттық жүйесі бойынша кіре ала- сыз. Сатып алуға қатысу үшін Жүйеде тіркелу қажет.
Қазақстан Республикасы резиденттерінің сатып алуға қатысуы үшін 5 қадам
Тіркеу және оқыту материалдарын www.zakup.sk.kz веб-сайтынан табуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |