1 бас ірі қара малға кететін шығын:
|
1 бас ірі қара малдан түсетін түсім:
|
Байлап ұстауға кететін шығын (6 ай)
1 түк шөп – 300 теңге Құрама жем 3 кг – 90 теңге барлығы:
Тәулігіне: 300 + 90 = 390 теңге
Айына: 390 × 30 = 11 700 теңге
6 айға: 11 700 × 6 = 70 200 теңге Жаюға кететін шығын
1 бас ірі қараға айына кететін шығын 1500 теңге Құрама жем 3 кг – 90 теңге
6 айға: 1500 × 6 + 90 × 30 × 6= 25 200 теңге
Жылына кететін шығын: 70 200 + 25 200 = 95 400
теңге
|
Түсім:
тәулігіне: 10 литр × 80 теңге =
800 теңге
айына: 800 × 30 = 24 000 теңге
жылына (270 күн): 800 × 270 =
216 000 теңге
|
Төл (бұқашықтар); 6 айға шығындар (жаю) 1500 тг × 6 ай = 9 000 теңге
Түсім (сату) = 70 000 теңге
|
ЖЫЛЫНА БАРЛЫҚ ТАЗА ТАБЫС
СҮТТІ БАҒЫТТАҒЫ 1 БАС ІРІ ҚАРАҒА:
Жылына 216 000 + 70 000 – 95 400 – 9000 = 181 600 теңге немесе айына 15 130 теңге
|
Сүтті 3 ірі қара малын ұстаудағы таза табыс, төл коффициенті 0,7 болғанда (3 сиырдан бір жылда 2 бұзау аламыз деп болжасақ) жылына 483 800 тг құрайды;
3 сиырды ұстаудағы ай сайынғы түсім 40 316 теңгені құрайды;
Ауданда сүтті нақты өткізе алады. Сүт зауыттары сүт жинау үшін әр аулаға өз- дері келеді (мысалы, «Нәтиже» сүт фабрикасы елді мекеннің бір орнынан жинайды, ол жерге ЖҚШ күн сайын сүт әкеледі);
ЖҚШ үшін ай сайынғы нақты табысы болуына мүмкіндік беретін істің басты түрі сүтті бағыттағы ірі қара мал болып табылады;
Өңірде жем-шөп жетіспеушілігі жоқ. ЖҚШ жемді өз шаруашылықтары үшін дайындайтын, үнемі артылып қалатын шағын ШҚ-лардан алады;
Негізінен ЖҚШ элеваторлардан қалған қалдықтарды сатып алмауға тырыса- ды, оның орнына астық сатып алып, өздері немесе кооперацияда қажетті жемді дайындау үшін ұнтақтайды.
ЖҚШ ауданда малды жаюына ешқандай кедергі жоқ;
сүт өнімдерін шығаратын зауыттардың жұмысында жүктеме жоқ әрі малды жаюда және жем мәселесінде кедергілер жоқ болғандықтан, ауданда сүтті бағыт- тағы ірі қара малды ЖҚШ-да дамыту әлеуеті жеткілікті. Өзінің даму мақсатын қа- лыптастырып алғаннан кейін, фирма осыған жету стратегиясын, яғни алға қойған мақсаттарды орындауға бағытталған ұзақ мерзімді іс-әрекеттерді айқындайды.
Жобалардың көбі ауыл шаруашылығы саласында болғандықтан, кәсіпкерлердің агробіліктілігі бойынша мәселелерін білгеніміз абзал. Ол туралы толығырақ келе- сі «Ауылшаруашылық кооперациясы және кәсіпкерлердің агробіліктілік негіздері» 6-модулінде танысамыз.
6-МОДУЛЬ. АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ КООПЕРАЦИЯСЫ ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ АГРОБІЛІКТІЛІК НЕГІЗДЕРІ
Ауылшаруашылық кооперациясының түрлері
Ауылшаруашылық кооперациясын қолдау құралдары
Өсімдік шаруашылығындағы агробіліктілік
Аймақтың шаруашылық экономикасы және табиғи-климаттық жағдайлары
Тұқымдар, көшет түрлері және оларды таңдауға ұсынымдар
Егістікке күтім жасау және ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру технологиясы. Фитосанитарлық нормалар. Зиянкестермен күрес
Мал шаруашылығындағы агробіліктілік
Салаға кіріспе және аймақтың табиғи-климаттық жағдайында малды таңдауға ұсынымдар
Мал шаруашылығын және басқа да ауыл шаруашылығы малдарын ұстау технологиясы
Ауыл шаруашылығы малдарын азықтандыру және олардың аурулары. Ветеринарлық- санитарлық нормалар
Ауыл шаруашылығы малдарын бірдейлендіру
Достарыңызбен бөлісу: |