Ауыл шаруашылығы өнімдерін, аквадақыл өнімдерін (балық шаруашылығы) қайта өңдеу бойынша ауыл шаруашылығы кооперативтерінің қызметі.
Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің қызметі ауыл шаруашылығы өнімдерін, аквадақыл өнімдерін (балық шаруашылығын) және оларды кейіннен сатылатын көтерме және/немесе бөлшек сауда жүйесі арқылы және кооперативтің қауымдас- тырылған мүшелерінің сауда жүйесі (бар болса) арқылы өңдеуге бағытталған.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін, аквадақыл өнімдерін (балық шаруашылығын) өткізу бойынша ауыл шаруашылығы кооперативтерінің қызметі.
Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің қызметіне жинау, дайындау, сақтау, сұрыптау, кептіру, шикізатты жаңа және (немесе) өңделген түрінде сату, сондай-ақ кооператив мүшелері және (немесе) ауыл шаруашылығы кооперативі өздері шыға- ратын ауыл шаруашылығы өнімдері, аквадақыл өнімдері (балық шаруашылығы), маркетингілік қызмет пен тасымалдау қызметтері жатады.
Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің өндіріс құралдарымен және мате- риалдық-техникалық ресурстармен жабдықтау бойынша қызметі.
Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің қызметі кооператив мүшелерін жа- нар-жағармай материалдары, тұқым, тыңайтқыштар, гербицидтер, пестицидтер (улы химикаттар), ветеринарлық құралдар, жемшөп, ауыл шаруашылығы техни- касы және технологиялық жабдықтар, қосалқы бөлшектер, құрылыс және басқа да құрылыс техникалары сияқты қажетті өндіріс құралдарымен және материал- дық-техникалық ресурстармен қамтамасыз етуге бағытталған.
Сервистік қызмет көрсету бойынша ауыл шаруашылығы кооперативтерінің қызметі.
Ауыл шаруашылығы кооперативтері қызметі кооператив мүшелеріне ауыл ша- руашылығы өнімдерін, аквадақыл (балық шаруашылығы) өнімдерін өндіру, қайта өңдеу және сатуға байланысты қызметтер көрсетуге, сондай-ақ олардың түрлі са- лалардағы қажеттіліктерін қанағаттандыруға (материалдық-техникалық, агрохи- миялық, көлік қызметтері, несиелендіру, сумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, техникаларды, телефондарды, жөндеу және асыл тұқымды және асыл тұқымды мал шаруашылығына қызмет көрсету, ветеринарлық қызметтер, мал шаруашылығы және егін шаруашылығын зерттеу, орман өсіру, бухгалтерлік есеп және аудит, кон- сультациялық қызметтер және басқа да салалар) бағытталған.
Фермерлерге арналған кооперацияның негізгіартықшылықтары мынадай:
еңбек өнімділігін арттыру
сатуға арналған тауарлардың көп мөлшерін қалыптастыру есебінен өнімге деген сұраныстың тұрақтануы;
өнім сапасын жақсарту арқылы мамандандыруды арттыру;
ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің шығындарын оңтайландыру (көтерме сауда арзанырақ);
маркетингілік ақпараттың қолжетімділігі;
мемлекеттік қолдау шараларының болуы;
ауыл шаруашылығы өнімдерінің өзіндік құнын төмендету және фермерлердің табысын арттыру есебінен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің пайдасын арттыру.