Бағдарламасы «бастау бизнес»


ЭЦҚ АЛУ ЖӘНЕ ҚОЛДАНУ ТӘРТІБІ, ЭЛЕКТРОНДЫ ҮКІМЕТ ПОРТАЛЫ, ЖЕКЕ КАБИНЕТТЕ ЖҰМЫС ІСТЕУ ДАҒДЫЛАРЫ (WWW.PKI.GOV.KZ ЖӘНЕ WWW.EGOV.KZ)



бет172/200
Дата18.10.2023
өлшемі11,69 Mb.
#118608
түріБағдарламасы
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   200
Байланысты:
кітап бизнес бастау 22-23 ж

ЭЦҚ АЛУ ЖӘНЕ ҚОЛДАНУ ТӘРТІБІ, ЭЛЕКТРОНДЫ ҮКІМЕТ ПОРТАЛЫ, ЖЕКЕ КАБИНЕТТЕ ЖҰМЫС ІСТЕУ ДАҒДЫЛАРЫ (WWW.PKI.GOV.KZ ЖӘНЕ WWW.EGOV.KZ)


Электрондық үкімет egov.kz порталы – мемлекет пен азаматтардың, сондай-ақ мемлекеттік органдардың бір-бірмен өзара қарым-қатынасының бірыңғай меха- низмі, мұнда ақпараттық технологиялар көмегі арқылы олардың өзара келісуін қамтамасыз етеді. Портал қызметті пайдаланушыларға үйде, жұмыс орнында, ин- тернет қосылатын кез келген жерде онлайн-режимде автоматтандырылған мемле- кеттік қызметтердің 400-ден астам түрін алуға мүмкіндік береді.


Порталда көп ізделетін қызмет электрондық анықтамалар болып табылады:

  • мекенжай анықтамасы;

  • соттылығының бар/жоқтығы туралы анықтама;

  • жылжымайтын мүлікке және оның техникалық сипаттамаларына тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы анықтама;

  • жылжымайтын мүліктің бар/жоқтығы туралы анықтама;

  • Зейнетақы аударымдары туралы анықтама алу.



«Электрондық Үкімет» веб-порталы


Сіз азамат ретінде немесе кәсіпкердің мемлекеттік қызметін (кәсіпорынды тір- кеу/қайта тіркеу, түрлі анықтамалар алу, есептілікті тапсыру және т.б.) алу рәсімін жеңілдету үшін электрондық Үкімет порталы – www.egov.kz жұмыс істейді.
Қазақстан Республикасының азаматы ретінде порталда сіз некені тіркеуге өтінішін беруге, балаңызды балабақша кезегіне қоюға, жәрдемақы тағайындау үшін құжаттарын тапсыруға және көптеген басқа да іс-әрекеттерді орындауға бо- лады.
Бірақ бұл жағдайда бізді порталдың кәсіпкерлерге беретін мүмкіншілігі қы- зықтырады. Егер сіз бизнес ашқыңыз келсе, онда порталда сіз мынадай әрекет- терді жасай аласыз:

      1. Өзіңіздің бизнесіңізді тіркей аласыз;

      2. Тіркелген заңды тұлға, филиал және өкілдік туралы анықтама аласыз;

      3. Қазақстандағы лицензиялау, кедендік қызметтер және тауарлар экспорты/ импорты туралы пайдалы ақпаратты таба аласыздар;

      4. Өз қызметіне электрондық лицензия алуға өтінім беру және т.б.

Бұл ретте сіз мемлекеттік қызметтерді:



  • компьютер және интернет жүйесіне қосылу болған жағдайда – www.egov.kz мекенжайы бойынша;

  • EGOV мобильдік қосымшасы арқылы (AppStore/Play market-те тегін);

  • Халыққа қызмет көрсету орталықтарында ала алсыз.




Бірақ Портал қолданушысы болмай тұрып алдымен:



  1. Порталда тіркеу процедурасынан өту;

  2. Электрондық қолтаңбаны немесе ЭЦҚ-ны алу.

Егер сіз ЭЦҚ не үшін керек деп сұрасаңыз, жауап өте қарапайым, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен жасалатын операциялар заңдылығы үшін керек. ЭЦҚ-ны екі әдіспен алуға болады (қалауыңызша):

  1. ЭЦҚ-ны жаңа үлгідегі жеке куәлік чипіне жазу. Бұл үшін сізге жеке куәлікті ұсыну арқылы жақын орналасқан ХҚКО жүгіну керек. Одан әрі жеке куәлікке жа- зылған ЭЦҚ-мен жұмыс, арнаулы карт-ридер болған жағдайда мүмкін. Бұл туралы толығырақ сіз «электрондық үкімет» веб-порталынан білесіз.

  2. ЭЦҚ алуға онлайн-өтінімді беріп, оны компьютерде сақтау. Бұл жағдай- да да сізге берілген өтінімді растау үшін ХҚКО-ға жүгіну керек. Онлайн-өтінімді беру рәсімі төменде көрсетілген (1-қадам – нұсқаулықпен танысу және бағдарла- малық қамтамасыз етуді орнату, 2-қадам – онлайн-өтінімді беру, 3-қадам – он- лайн-өтінімді растау және ЭЦҚ алу) үш қадамнан тұрады.

ЕСІҢІЗДЕ болсын, сайтта ЭЦҚ-ны орнату жөніндегі нұсқаулықты таба аласыз. Мысалы, сіз ЭЦҚ-ны алдыңыз және орнаттыңыз делік, енді «электрондық үкімет» порталында қадамдық тіркелуді жүргізіп көрейік.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет