Сол жақтан – керісінше. «Сол жақта болу» ережесі адамдармен кез келген байланыста көмектеседі.
Адам пайда болатын орын үлкен мәнге ие. Кеңес кезіндегі саяси бюро мін- детті түрде сол жақтан шығатын.
«Жергілікті резервтерді» қолданыңыз, сол жақтан шығуға тырысыңыз. Қозға- лыс сізге қарап тұрғандарға қатысты алғанда солдан оңға қарай болуы керек. Тақта, экран, президиум сіздің сол қолыңыздың тұсында болуы керек.
Көзбен байланыс – назарыңыз барлығын қамтуы керек.
Аудиториямен тығыз байланыс орнату. Дау тудыратын сәттерді болдырмай, әдеп ережесін сақтау.
Сахнада әрлі-берлі жүре отырып, барлық кеңістікті «қамтуға» тырысу керек. Бұл залдың «иесі» сіз екеніңізді бекіте түседі.
Бағыттау әдісін қолданыңыз: қолмен экранды немесе залды көрсетуге ұял- маңыз. Аяқты дене тік болатындай қою керек.
Әр қатысушымен көзбен байланыс ұстаңыз. Шешім қабылдайтындарға ғана қарамаңыз, сіз үшін барлығы бірдей болуы керек. Оң, сол және галеркадағы шеткі орындарға көбірек көңіл бөліңіз.